Сенсорлық ойын бөлмесінің паспорты

6
Сенсорлық ойын бөлмесінің паспорты
Сенсорлық ойын бөлмесінің паспорты
Сенсорлық бөлме – ерекше заттық-дамыту ортасы, ол балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейтудің, олардың сезімтал әлемін байытудың шынайы мүмкіндігін білдіреді.

Сенсорлық бөлме – балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, баланың әлсіз жүйке жүйесін тыныштандыруға ықпал ететін қолайлы ахуал. Онда айрықша заттық-дамытушылық орта үстемдік құрған, ол балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейтудің, олардың сезімтал әлемін байытудың шынайы мүмкіндігін ұсынады. Бұл әртүрлі ынталандырушыдан: құрғақ бассейндерден, жұмсақ жабындардан, т. б. тұратын орта. Релаксация бөлмесіндегі процестердің адамның сезім органдарына әсері бар.

Кабинетті функционалдық пайдалану:

Балалардың болу ұзақтығы: сенсорлық ойын бөлмесі ___:___ сағ. ___:___ сағ. дейін жұмыс істейді.

Балалармен жұмыс істейтін персонал туралы мәліметтер: балабақша педагогтары, тәрбиешілер және балалардың ата-аналары тартылған.

Сенсорлық ойын бөлмесінің объектілерін сипаттау

Ауданы туралы деректер: ______ шаршы м. Кабинеттің шекті толымдылығы – ______ адам.

Кабинет балабақшаның білім беру-тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін қолданылады.

Шартты түрде сенсорлық ойын бөлмесінің жабдықтары 2 блокқа бөлінген: жанасу және релаксациялық.

Жанасу блогы.

Сенсорлық соқпақпен жүру қозғалыс үйлесімін дамытуға, ал табанды табиғи уқалау табан буынын нығайтуға ықпал етеді, бойлық және көлденең майтабанның пайда болуына жол бермейді.

Қол буынының ұсақ моторикасын дамыту маңызды, өйткені көру-қозғаушылық үйлесімі тікелей мектепте жазуды үйренумен байланысты. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға қабырғадағы панно септеседі.

Саусақтарға арналған жаттығу бас ми қабығын, әсіресе оның сөйлеу өрісін дамытуға ықпал етеді. Жарқын ынталандырулар: «Паркуринг», «Көңілді баулар» – бөбектердің көңілін аударады.

Қолға арналған «Паркуринг»үйлестіруші жаттығу құрылғысы қол үйлесімін дамытады, лабиринтпен түрлі-түсті шарлардың қозғалысын бақылау көздің бұлшық етін өте жақсы нығайтады.

«Көңілді баулар». Мұндай ойындар балалардың сенсомоторлық үйлесімін, кеңістіктік қиялын, сөйлеу сөзін, ұсақ моторикасын, көзбен шамалауды, зейіні мен есту жадысын дамытады, шыдамдылыққа үйретеді.

«Қырлы жол» жаттығу құрылғысы жанасу сезімдерін дамытуға ықпал етеді, табанды уқалайды, баланың жүйке жүйесін нығайтады.

Жанасу жолы әртекті жабындармен жалаңаяқ жүруге арналған, балалардың түйсіну дағдысын дамытады және жылы мен суық, тегіс пен қатпарлы, жұмсақ пен қатты, шымыр мен қатаң арасындағы айырмашылықты сезе білуге үйретеді. Еліктіргіш ойын элементі болып табылады, сіңірлер мен жүйке ұштары шеттеріне әсер етеді, денсаулықты жалпы нығайту әсерін береді.

Релаксациялық блок.

Қауіпсіздік, жайлылық және қолайлылық ахуалын жасауға арналған жұмсақ жабындар, толтырғышы бар жұмсақ жиһаздар, құрғақ бассейн, шашыраңқы жарық тудыратын құралдар, жарық шағылыстыратын элементтері бар аспалы қозғалмалы құрылымдар, функционалды музыкалық кітапхана психологиялық тұрғыда жеңілдену үшін пайдаланылады.

Негізгі жабдықтың тізбесі: жиһаз заттары, техникалық оқыту құралдары, қосымша дизайн құралдары (үлгі ретінде)

+
Техникалық оқыту құралдарының атауы Саны Ескерту
1 Кілем 1
2 Айна 1
3 Магнитофон 1
4 Көпіршікті тіреуіш (аквашам) 1
5 Сенсорлық тақта 2
6 Әртүрлі нысандағы жұмсақ модульдер (қаңқасыз жиһаз) 5
7 Айдарлы «Жұлдызды жаңбыр» фиброоптикалық талшықтар шоғыры 1
8 «Қырлы жол» жаттығу құрылғысы 1
9 Жанасу жолы 1
10 Түрлі түсті жол (жұмсақ) 1
11 Ультрадыбысты хош иісті ЭФА аппараты 1
12 Ротаторлы дөңгелектері бар «Солар» жарық әсерінің проекторы 1
13 Лазерлік шағын қондырғы 1


Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль