Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже

22
Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже
Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже
Оқушылардың ғылыми қоғамы (бұдан әрі – ОҒҚ) – жекелеген пәндер бойынша қабілеттіліктері жоғары деңгейдегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған білім берудің оңтайлы құрылымының элементі. Ол тұлғалық ерекшеліктерін дамыта отырып, дарынды тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

Негізгі міндеттері:

  • – білім алушылардың тума зияткерлік қабілеттерін дамыту;
  • – арнайы шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту;
  • – оқу мен өз бетімен білім алуға деген ынтасын дамыту;
  • – өз бетімен білім алу және ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларына машықтандыру, тұлғаның өзін өзі жетілдіруге деген ішкі сұранысын қалыптастыру;
  • – ОҒҚ жұмысын білім алушыларды кәсіптік бағдарлауға, болашақ кәсібін таңдауға бағыттау.

ОҒҚ қызметін ұйымдастыруда пән мұғалімдері жетекші рөл атқарады, олар оқушымен жеке жұмыс барысында оның зерттеушілік дарынын байқап, ғылыми тақырыпты таңдауға көмектесуі, шешілуі тиіс мәселелерді белгілеуі, сәйкес әдебиетті іріктеуі және жұмысты жазудың қатаң жоспар-кестесін құрастыруы тиіс. Педагог ұстаздардың мектептік әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде білім алушының ұсынылатын зерттеу тақырыбын бекітуге ұсынады. Бұл оның алдағы жұмыстың маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік береді, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Ұстаз бен білім алушының осындай іскерлік әрекеттестігі әзірленетін жобалардың мектептік тақырыбын толықтыруға көмектеседі, бұл оларды болашақта оқу бағдарламасының тақырыбына берілген оқу-әдістемелік материал ретінде қолдану үшін қажет. Педагогтардың әдістемелік кеңестерінде білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік ізденістерін талқылау олардың шығармашылық қызметін де ынталандырады.

Егер тақырып жан-жақты болса әрі арнайы білімді талап етсе, онда мектеп ғылыми жетекшіні кеңесші ретінде шақыра алады, бұл білім алушылардың зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастырып, тәсілдерді үйретуге мүмкіндік береді. Сарапшының көмегімен тақырыптың өзектілігі мен күтілетін нәтижелердің жаңашылдығын айқындауға болады. Кеңесші мен пән мұғалімі білім алушының үлгілік жоспар құрастырып, мазмұнын тарауларға, негізгі бөлімдерге (тарауларға) бөлуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін жұмыс барысында параграфтар мен тармақтар пайда болады.

Материалды жинақтау, жинау, іс-тәжірибелік қызмет, ОҒҚ мәжілістеріндегі араласу олимпиадаларда, ғылыми жобалар сайысында сөзсіз жақсы нәтиже береді. Осы аса маңызды жұмыста оқушылар педагогтар мен ата-аналарының қолдауына мұқтаж. Бұл оларды қабілеттерін дамытуға ынталандырады, таңдаған жолында жетістікке жетуіне көмектеседі.

ОҒҚ аясындағы зерттеушілік және жобалық қызметке қатысу – бұл сапалы жаңа білім алу, мәселелерді шешу тәжірибесін меңгеру, әлеуметтік қатынас пен алған білімін іс-тәжірибелік тұрғыдан қолдану машығын қалыптастыру мүмкіндігі, мұның көмегімен балалар өз қызметінің нәтижелерін көруге, еңбек нарығында табысты әрі бәсекеге қабілетті болуға машықтанады.

Зерттеу тақырыбы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • – көтерілген мәселенің қарапайымдылығы, анықтығы;
  • – мәселенің шешімі зерттеушіден жеке дайындық бағдарламасынан тыс білімдерді талап етпеуге;
  • – ғылыми жоба дәрежесіне ие болуы;
  • – біртіндеп ғылыми қызмет саласын кеңейтуі тиіс.

Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже ҚР Конституциясына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленді.

1.2. Мектеп оқушыларының ғылыми қоғамы (бұдан әрі – ОҒҚ) – ғылымның, технологияның және мәдениеттің әртүрлі салаларында жетістіктерге жету үшін терең білім алуға; шығармашылық ойлауды дамытуға, зияткерлік әлеуетті арттыруға; мұғалімдер мен басқа да мамандардың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-эксперименттік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылатын білім алушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

1.3. ОҒҚ-ның аты, эмблемасы, ұраны, гимні, ал оның мүшелерінде – мақұлданған үлгідегі сертификат болуы мүмкін.

1.4. ОҒҚ-да жұмыс жасауға ниет білдірген, шығармашылық қызметке бейімделген және ұстаздар мен 1 жылдан астам уақыт бойы қоғамға мүшелік еткен ОҒҚ мүшелері ұсынған 7-11 сынып оқушылары ғылыми қоғамға мүше бола алады.

1.5. ОҒҚ басшысының орынбасары (ғылыми-әдістемелік жұмыс) жетекшілік ететін білім алушылардың бастамашыл тобының ұсынысы негізінде мектеп басшысының бұйрығымен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

1.6. ОҒҚ өз қызметінде Мектеп жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі функциялары

ОҒҚ-ның негізгі функциялары мыналар:

2.1. Білім алушылардың өзін өзі тануы, іс жүзінде көрсетуі және дамуы үшін жағдай жасау.

2.2. ОҒҚ қызметін жоспарлау.

2.3. ОҒҚ мүшелеріне ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

2.4. ОҒҚ қызметін талдау.

3. Міндеттері

3.1. Жүзеге асыру

  • – жұмыс жоспарын әзірлеуді;
  • – ОҒҚ мүшелерінің қызметін үйлестіруді;
  • – ОҒҚ мүшелерінің қызметін бағалауды;
  • – ғылымның, техниканың, әдебиеттің, өнердің жетістіктерін насихаттауды.

3.2. Қатысу

  • – ОҒҚ мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық және ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуге, соның ішінде шарт негізінде әртүрлі мекеме (ЖОО-ның, қосымша білім беру ұйымдарының, кітапханалардың және т. с. с.) дерекқорларын қолдану арқылы;
  • – пән апталықтарын ұйымдастыруға.

3.3. Мынадай дағдыларды дамыту

  • – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-эксперименттік қызмет;
  • – ақпаратты өз бетімен іздеу, талдау, жүйелеу және өз қызметінде қолдану;
  • – алған білімін іс-тәжірибеде қолдану;
  • – аспаптар мен жабдықтарды қолдану;
  • – жұмыстарын ресімдеу;
  • – көпшілік алдында сөз сөйлеу.

3.4. Қалыптастыру

  • – дәстүрлерді;
  • – ОҒҚ мүшелерінің ғылыми көзқарасын;
  • – болашақ кәсіпті саналы таңдауын.

3.5. Ұйымдастыру

  • – қызықты адамдармен шығармашылық кездесулерді;
  • – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-эксперименттік қызметін әйгілендіруші іс-шараларды.

3.6. Өткізу

  • – білім алушылардың ғылыми-практикалық конференцияларын;
  • – ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетті тұрақты шолу.

4. Құқықтары

ОҒҚ осы Ережемен белгіленген құзыреттеріне сәйкес мынаған құқылы:

4.1. Әкімшілікке жүгінуге

  • – ОҒҚ мүшелерін марапаттау туралы өтінішхатымен;
  • – ОҒҚ қызметіне жетекшілік етуге білікті мамандарды тарту туралы ұсыныстарымен;
  • – ОҒҚ қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес алуға;
  • – ОҒҚ қызметінің ұйымдастырылуын жақсарту туралы ұсыныстарымен;
  • – ОҒҚ мүшелерін аралық және қорытынды аттестаттауда олардың қызметінің нәтижелерін ескеру туралы ұсыныстарымен.

4.2. Мыналарға қатысуға

  • – пән апталықтарын және пән апталықтары мен зияткерлік марафондарының мектептік кезеңін ұйымдастыру мен өткізуге;
  • – оқу бейіндерін таңдауға;
  • – өз құзыретінің шеңберінде мектептің жергілікті актілерін әзірлеуге;
  • – жастардың әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциясына.

4.3. Ұсынуға

  • – ОҒҚ Төрағасы лауазымына үміткерді;
  • – ОҒҚ мүшелерінің әзірлемелерін жарияланымға;
  • – ОҒҚ өкілдерін әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу үшін;
  • – оқуда қиындықтары бар және мектептің жергілікті актілерін ұстанбайтын білім алушыларды ОҒҚ мүшелігінен шығаруға.

4.4. Қолдануға

  • – мектептің және мектеппен ынтымақтастықта жұмыс істейтін өзге ұйымдардың материалдық-техникалық базасын;
  • – мектептік интернет-ресурстарды.

4.5. Шешім қабылдауға

  • – құрамында әртүрлі секцияларды ұйымдастыру, олардың жұмыс жоспарын бекіту және олардың жетекшілерін тағайындау туралы;
  • – төраға орынбасарларын сайлау туралы.

5. Жауаптылығы

ОҒҚ мыналар үшін жауапты

5.1. ОҒҚ жұмыс жоспарын орындауға;

5.2. қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды орындауға;

5.3. ОҒҚ мүшелерінің оқу қызметінің нәтижелеріне.

6. Жұмысты ұйымдастыру

6.1. ОҒҚ мектеп директорымен келісе отырып, жұмысқа мамандарды тарта алады.

6.2. Мектеп әкімшілігімен мақұлданған жоспар бойынша жұмыс істейді.

6.3.  ОҒҚ мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет.

6.4. ОҒҚ мәжілісіне мүшелерінің жартысынан көбісінің қатысуы шешім қабылдаудың кворумы болып саналады.

6.5. Шешімдер мәжіліске қатысып отырған ОҒҚ мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Дауыс тең болмаған жағдайда ОҒҚ Төрағасының даусы шешуші болады.

6.6. ОҒҚ қызметіне оның Төрағасы тікелей жетекшілік етеді, ол

  • – құжаттаманы жүргізеді;
  • – ОҒҚ қызметін үйлестіреді;
  • – ОҒҚ мәжілістерін өткізеді.

6.7. ОҒҚ Төрағасының міндеттерін орындауы ОҒҚ-ның ұсынымы бойынша мектеп директоры бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

6.8. ОҒҚ қызметіне директордың орынбасары (ғылыми-әдістемелік жұмыс) ғылыми жетекшілік етеді.


Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль