Еңбек кітапшасындағы жазба

51
Еңбек кітапшасындағы жазба
Еңбек кітапшасындағы жазба
ЕК 32-бабына сәйкес еңбек кітапшасы жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті құжатқа жатпайды. Еңбек өтілін растау мен алдыңғы жұмыс жөніндегі мәліметтер еңбек қызметін растайтын басқа құжаттармен (бұйрықпен) расталынуы мүмкін.

Еңбек кітапшасындағы жазбаМДҰ жұмыскерінің еңбек кітапшасында жазба қалай жүргізіледі? Еңбек кітапшасына қандай жазбаларды енгізу керек? Ұйым ішіндегі ауыстыру мен қоса атқару жазбаларын енгізу керек пе?

Еңбек кітапшасындағы жазба Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларына (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 ж. № 929 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі. Еңбек кітапшасын (ол болған кезде) жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді және «Жұмысы туралы мәліметтер» мен «Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер» деген екі бөлімнен тұрады.

Еңбек кітапшасына:

  • – қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, білімі, біліктілігі, мамандығы;
  • – жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартының тоқтатылуы;
  • – марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер енгізіледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді.


Еңбек кітапшасындағы еңбек шартын жасау не оны тоқтату, басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар араб сандарымен жазылады (күні мен айы екі таңбалы санмен, жылы толық көрсетіледі) және оларды бірінші басшы не ол уәкілеттік берген лауазымды адам жұмыс берушінің тиісті актісі жарияланғаннан кейін енгізеді және жазбалар оның мәтініне сәйкес келуге тиіс. Еңбек шарты тоқтатылған кезде, еңбек кітапшасына жазба еңбек шарты тоқтатылған күннен кешіктірмей енгізіледі.

Қызметкер туралы мәліметтер еңбек кітапшасының бірінші бетіне жазылады және бірінші басшының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолымен, ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталады.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қысқартылмай толық) мен туған жылы жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде көрсетіледі.

Білімі, мамандығы мен біліктілігі туралы құжаттардың негізінде көрсетіледі.

«Жұмысы туралы мәліметтер» деген бөлімде жұмыс берушінің толық атауы жеке жолда тақырып түрінде көрсетіледі.

Қызметкер қабылданған лауазымның атауы туралы жазбалар еңбек шартының, жұмыс беруші актісінің, ұйымның штат кестесінің негізінде жүргізіледі.

Егер қызметкер жұмыс істеп жүрген кезде жұмыс берушінің атауы өзгерсе, онда «Жұмысы туралы мәліметтер» деген бөлімнің 3-бағанында жеке жолға тиісті жазба жазылады, ал «Жұмысы туралы мәліметтер» деген бөлімнің 4-бағанында атауын өзгерту негіздемесі (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні мен нөмірі немесе жеке тұлғаның – жұмыс берушінің жеке куәлігі) көрсетіледі.

«Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер» деген бөлімге мынадай:

  • – ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталуы және құрметті атақтар берілгені туралы;
  • – құрмет грамоталарымен, төс белгілерімен, дипломдармен марапатталуы туралы;
  • – еңбектегі жетістіктері үшін еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес көтермелеулер туралы мәліметтер енгізіледі.

Қағидаларға сәйкес еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартының тоқтатылуы туралы жазба жазылады және жұмыс режимі (ауысым) туралы жазба жасау керектігі көрсетілмеген, сәйкесінше бұл жазбаны жасау қажет емес.

Жұмысты қоса атқару негізгі еңбек шартының талабын өзгертпейді, ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді және еңбек кітапшасына жазба енгізілмейді. Ал қоса атқарылатын жұмыс еңбек шартының болуын талап етеді және жұмыскердің қалауы бойынша еңбек кітапшасына жазба енгізілуі мүмкін.

Еңбек кітапшасындағы жазбаМектепке дейінгі оқыту бойынша жоғары білімі бар маман балабақшада қоса атқару бойынша 0,5 мөлшерлемеде әдіскер болып істейді. Аталған жазбаны еңбек кітапшасына қалай енгізу керек? Негізгі жұмыс орнынан еңбек кітапшасын сұрату керек пе, әлде жаңадан ашу керек пе?

«Қоса атқару» және «қоса атқарылатын жұмыс» – әртүрлі ұғымдар. Осылайша, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ЕК) 1-бабы 1-т. 56) тт. сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.

+

ЕК 111-бабына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыс қоса атқару деп саналады.

Аталған жағдайда маман балабақшада негізгі жұмысынан бос уақытта әдіскер болып істейтіндіктен, сөз қоса атқарылатын жұмыс туралы болып отыр. Бұл жағдайда әдіскермен қоса атқарылатын жұмыс бойынша еңбек шарты жасалады және оның қалауымен қоса атқарылатын жұмыс бойынша 0,5 мөлшерлемемен жұмысқа қабылданғаны туралы өзінде бар еңбек кітапшасына жазба қалдыруға болады.  

ЕК 32-бабына сәйкес еңбек кітапшасы жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті құжатқа жатпайды. Еңбек өтілін растау мен алдыңғы жұмыс жөніндегі мәліметтер еңбек қызметін растайтын басқа құжаттармен (бұйрықпен) расталынуы мүмкін.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль