Салықтық есепке алу саясаты және оның жасалуын реттейтін НҚА

3
Салықтық есепке алу саясаты және оның жасалуын реттейтін НҚА
Салықтық есепке алу саясаты және оның жасалуын реттейтін НҚА
Салықтық есепке алу саясаты – салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.

01.01.2009 ж. күшіне енген 10.12.2008 ж. № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес, әрбір кәсіпорын немесе ұйым салықтық есеп саясатын, яғни аталған субъектінің салықтық есебін жүргізу ерекшелігін көрсететін құжатты әзірлеуге және бекітуге тиіс.

Салық төлеушілер салықтық есеп жүргізеді және салық есептемесін мынадай нормативтік құжаттар негізінде жасайды:

  • Салық кодексі;
  • 28.02.2007 ж. № 234–III «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» ҚР Заңы;
  • есеп беру жылында төлеушісі аталған субъект болып табылатын бюджетке төленетін салық және міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп беру үшін уәкілетті орган бекіткен салық нысандарының бланкілері;
  • төлеушісі аталған субъект болып табылатын бюджетке төленетін салық және міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Салық есептемесін жасау қағидалары.

Салықтық есеп

Салық кодексінің 56-бабына сәйкес салық төлеуші, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есепке алуды өз бетінше ұйымдастырады және мыналарды:

  • салық кезеңі ішінде салық төлеуші жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
  • салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
  • салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
  • салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.

«Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар» делінетін 60-бапта кез келген ұйымның салықтық есепке алу саясатында белгіленуге тиіс ережелер көрсетілген:

  • стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
  • салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
  • Салық кодексінде салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда Салық кодексінің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
  • корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері;
  • салық төлеуші дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі.

Бұрын салықтық есепке алу саясатында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеуші салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге тиіс.

Жыл сайын Салық кодексіне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондықтан салықтық есепке алу саясатын жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығында қолдану мерзімімен жасау ұсынылады.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – ЖМДҰ) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (заңды тұлға) немесе дара кәсіпкерлік (жеке тұлға) нысанына ие. Әдетте ЖМДҰ өз қызметінде жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде арнайы салық режимін қолдануға құқылы емес.

ЖМДҰ-ның салықтық есепке алу саясатының нысаны мен редакциясы ұйымның өз қызметінде қолданатын салық режиміне байланысты.

Мектепке дейінгі ұйымдағы салықтық есепке алу саясатын бекіту тәртібі

Кез келген ұйымның салықтық есепке алу саясаты бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі.

Бұйрық № __

«___» _________ 20__ жыл                                                                                                 Алматы қ.

«МДҰ-ның салықтық есепке алу саясаты туралы»

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10 және 60-баптарының талаптарын жүзеге асыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. 20__ жылдың 1 қаңтарынан бастап МДҰ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде барлық жұмыскерлер орындауға міндетті салықтық есеп жүргізу тәртібі мына қосымшаларға сәйкес қолданысқа енгізілсін:

– 1-қосымша «МДҰ-ның салықтық есепке алу саясаты»;

– 1-қосымша «Салық тіркелімдерінің тізбесі және оларды жасау қағидалары (салықтық есепке алу саясатына қосымша)».

2. Салықтық есепке алу саясатының қолданылу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығында анықталсын.

3. Осы бұйрық барлық құрылымдық бөлімшелердің, бөлімдер мен қызметтердің басшыларына жеткізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуына жауаптылықты өзіме қалдырамын.

МДҰ басшысы _________________________ ( ___________ )

Бұйрыққа тіркеледі:

  – МДҰ-ның салықтық есепке алу саясаты ___ бет;

  – салық тіркелімдерінің тізбесі және оларды жасау қағидалары (салықтық есепке алу саясатына қосымша) ___ бет.

Егер есепке алу саясаты бір жыл мерзімге әзірленсе, оны әзірлеу мен бекіту жаңа есеп беру жылының басынан бастап қолданылатын Салық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар ресми түрде жарияланғаннан кейін жүргізіледі. Әдетте бұл ағымдағы жылдың қаңтар–ақпанында өткізіледі. Бұйрық салықтық есепке алу саясаты бекітілген күні жасалады, ал оның қолданылуы ағымдағы жылдың 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Егер ұйым ұзақ мерзімге қолданылатын салықтық есепке алу саясатын жасаса, Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай өз салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет (егер өзгерістер мен толықтырулар құжатта көрсетілген ережелерге қатысты болса). Қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына енгізілетін әрбір өзгеріс немесе толықтыру да МДҰ-ның бірінші басшысының жеке бұйрығымен бекітіледі.

Тіпті егер салықтық есепке алу саясаты бір жылға қолдану мерзіміне жасалса, ал ағымдағы жыл ішінде Салық кодексіне есепке алу саясатының ережелеріне әсер ететіндей өзгерістер енгізілсе, ұйым қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге міндетті.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль