ДМШ балалардың дамуы

2
ДМШ балалардың дамуы
ДМШ балалардың дамуы
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – толыққанды өмір сүруге мүмкіндік бермейтін психикалық немесе физикалық тұрғыдан әртүрлі ауытқулары бар тәрбиеленушілердің ерекше санаты. Мұндай балалардың сәтті даму нысандарының бірі – музыка терапиясы.

Музыка терапиясы сенсорлық функцияларды (көру және есту арқылы қабылдау, тілдік қызмет) жетілдіреді. Дыбыстық үйлесімнің ғажайып әлемі бұзылған функцияларжы түзетумен тиімді жұмыс істеуге, баланы әртүрлі қызметке тартуға, сондай-ақ оның музыкалық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Музыка оң эмоционалды көңіл күй қалыптастырады, баланы шығармашылыққа ынталандырады.

Денсаулық мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балалармен тиімді әрекеттестік қағидаттары:

  • бірлескен қызметтің көмегімен баланың бастамашылдығы мен белсенділігін дамыту;
  • вокалдандыруды, дыбыстық еліктеуді дамыту;
  • ерікті және дербес би шығармашылығын ынталандыру.

Әр балаға өзінің тұлғалық қасиеттерін көрсету мүмкіндігін беру үшін сабақ сенімді ортада өткізілуі тиіс. Балалардың жаңа материалды меңгеруіне, өз мүмкіндіктеріне деген сенімін қалыптастыруға, шығармашылық бастамасын танытуға, өзгелерге көмектесуге, олардың сәтсіздіктеріне алаңдап, жетістіктеріне қуануға мүмкіндік беретін белгілі құрылымы болуы тиіс. Араласу ойын нысанында өтуі мүмкін. Басты шарты – дербестілік таныту. Педагог балаға сенуі, оны қолдауы әрі сүйіспеншілік танытуы тиіс.

Музыка терапиясы – психотерапиялық әдіс, музыканың адамның психологиялық күйіне  айықтырушы әсері оның негізін құрайды. Музыка терапиясының ДМШ балаларға оң әсері мынадай:

  • процесс мүшелері арасында сенімді орта, өзара түсіністік қалыптастыруға ықпал етеді;
  • жүргізілетін емнің әсері күшейеді, себебі әдеттегі әңгімелесулерге қарағанда музыканың көмегімен баланың ішкі әлеміне ену, алаңдаушылықтарын түсіну оңай;
  • ішкі үйлесімділікке жетуге көмектеседі.

ДМШ балаларжың сыртқы әлем туралы түсінігі тар, олардың жүйке жүйесі толық дамымаған, қимыл үйлесімділігі бұзыуы мүмкін, жадысында және зейінінде қиындықтар болуы мүмкін. Қимылдардың музыкамен үйлесімділігінде қиындықтар туындайды, оларға өз іс-қимылдарын сыртқы белгілермен (дыбыстық, көру) үйлестіру қиынға соғады. Алайда балаларға еліктеушілік тән, бұл музыкалық-ырғақты қимылдарды меңгеруде, ән айтуда және бірге әндетуде қолданылады.

Егер оқыту мен тәрбиенің дәстүрлі нысандары, әдістері мен құралдары музыка терапиясымен үйлесім тапса, балабақшадағы балалардың даму деңгейін көтеруге болады.

Әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбысы адамның ағзасына әрқалай ықпал етеді:

  • соқпалы аспаптардың дыбысы сабырлылық, болашаққа деген сенімді қалыптастырып, адамның рухын көтеріп, оған күш беруге қабілетті;
  • үрмелі аспаптар эмоционалды саланы қалыптастыруға ықпал етеді, бұл ретте мыс үрмелі аспаптар адамды ұйқыдан оятады, сергітеді әрі белсенділігін арттырады;
  • клавишті аспаптармен орындалатын музыка, әсіресе фортепианолық музыка зияткерлік салаға сай; рояльдің дыбысын математикалық музыка деп, ал пианиношыларды айқын ойлау мен өте жақсы жадыға ие музыка зиялыларына жатқызуы тектен-текке емес;
  • ішекті аспаптар жүрекке тікелей әсер етеді; олар (әсіресе скрипка, виолончель мен гитара) адамның рақымдылығын дамытады.

Вокалдық музыка бүкіл ағзаға, әсіресе тамаққа әсер етеді. «Баурап алатын дауыс» деген сөз тіркесі біздің кезімізде өте өзекті, себебі сөзді мақаммен айту машығы адамдарды өзіңе бағындырудың, беделіңді қалыптастыружың өнеріне айналды, бұл өзгелердің тілін табатын саясаткер, басшы әрі кез келген адам үшін аса маңызды.

 Музыка терапиясының бағыттары мен тәсілдері

Психогимнастика – психомоториканы дамытуға және психикалық процестегі әртүрлі ауытқуларды реттеуге бағытталған жаттығулардың, ойындардың жиынтығы.

Логоритмикалық сабақтар – жалпыға ортақ бір сюжетке «енгізілетін» және ойын түрінде өткізілетін музыкалық-қимыл, тілдік-қозғалысты және музыкалық-тілдік ойындар жинағы.

Музыкалық-дидактикалық ойындар – түзетушілік міндеттерді шешуде тиімділігін дәлелдеген емнің түрі.

Осы әдістердің бәрі ойынға негізделген. Ойын – бала қызметінің барынша түсінікті әрі қолжетімді түрі. Балалар мен ересектердің арасындағы белсенді әрекеттестікке, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ететін жағымды орта ойынды қолдану арқылы құрған оңай. Бастамашылық таныту ынталандырылып, баланың танымдық қызығушылығы мен зейіні қолдауға ие болады. 

Жалғасын  № 11-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль