Жаңа жылдық хоровод

24
Жаңа жылдық хоровод
Жаңа жылдық хоровод
Балабақшадағы ортаңғы және ересек топ балаларына арналған жаңажылдық ертеңгілік сценарийі

Мақсаты:

  • балалардың музыкалық нөмірді ұжыммен және жеке орындау машықтарын бекіту; музыка сабағында алған білімін, машықтары мен дағдыларын бекіту;
  • балалардың тұлғалық қабілеттері мен шығармашылық бастамасын дамыту; таныс би қимылдарын қолдану арқылы импровизациялау машықтарын дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-ойын белсенділігін қалыптастыру;
  • бір-біріне достық қарым-қатынасты және мейірімділікті тәрбиелеу.

Балалар «Новогодний хоровод» (Е. Никитинанікі) көңілді әнінің сүйемелдеуімен залға кіреді, шыршаны айналып, шеңберге тоқтайды.

Жүргізуші.

Жылдың әнін бастайын,

Аязата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,

Ойын-күлкі, асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

«Сағаттың соғуы» музыкалық қойылымы

(балалар сағаттың соғуын тыңдайды)

Балалар өлең оқиды.

Қызыл, жасыл, тоқсары,

Шұғылалы шоқтары;

Жымыңдайды шыршада

Сансыз үміт оттары.

Айналумен шыршаны,

Алдарқатып баршаны,

Қоян болып, ат болып,

Аяз ата шаршады.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл, армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.

 «На пороге Новый год» әні

(музыкасы мен сөзі Е. М. Лагутинанікі)

1-ші шумағы: балалар қол ұстасып, шыршаны айналады;

қайырмасы: оңға қарай 2 рет алақан шапалақтау, 2 рет солға, аяқтың ұшымен айналу, оңға қарай 2 рет алақан шапалақтау, 2 рет солға, аяқтың ұшымен айналу;

2-ші шумағы: балалар қол ұстасып, шыршаны айналады;

3-ші шумағы: балалар шыршаның жанында тұрады және қолымен «фонарики», оңға-солға «айналмалы серіппе»  қимылдарын орындайды.

Әннен кейін балалар шеңберге тұрады, музыка ойнайды және Қаһарлы қыс кіреді, балалар мен шыршаға  «қар» шашады (ұсақтап қиылған ақ қағаз). Шеңберге тоқтайды.

Қаһарлы қыс.

Сәлем, менің достарым!

Мен – Қаһарлы қыспын!

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңажылдың хороводы!

Мені күттіңдер ме?

Балалар. Иә!

Қаһарлы қыс. Мен жыл сайын аязым мен қарымды алып келемін. Мен ағаштарды, бұтақтарды, үйлерді, жолдарды әдемі, ақ ұлпа көрпеге ораймын.

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен.

Біз спортшы боламыз,

Үлгі аламыз күштіден.

«Зимушка-зима» әні

(музыкасы мен сөзі З. Я. Рооттікі)

Қаһарлы қыс. Жаңажылдық ертегіге бәрі дайын, тек оның басты кейіпкері – Аязата әлі жоқ. Бірақ маған ол жетіп қалған сияқты.

Жүргізуші. Қараңдаршы, шыршада үлкен хатқалта ілулі тұр. Оның ішінде не бар екен, оны кімге жіберіпті? (Оқиды). «Аққу» тобының балаларына Аязатадан.

Аязата бізге не жазғанын оқып шығамыз ба?

Хатты шығарып, оқиды.

«Қымбатты балалар! Сендерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сендер мені кешіріңдер, мен бүгінгі балабақшадағы мерекеге келе алмаймын. Жұмыстарым бітпей қалды: балаларға сыйлықтар дайындап, даланы, орман мен тауларды ақ қарға ораудамын. Менің қазір шаруам тым көп. Ал сыйлықтарыңды өздерің алып кетіңдерші. Хатқалтаның ішінде сендерге арналған сиқырлы ұлпа қар жатыр. Оны 3 үрлесеңдер болғаны менің үйіме түсесіңдер. Сендерді сиқырлы орманымда күтемін. Аязата»

Жүргізуші. Ал, балалар, Аязатаға қонаққа барғыларың келе ме?

Балалар. Иә!

Жүргізуші.

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Қаһарлы қыс.

Жылдың әнін бастайын,

Аязата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Жүргізуші. Онда бәрің мені қоршап тұра қалыңдар. Мен ұлпа қарды алақаныма саламын. Тездетіңдер. 3 рет баяу үрлейік, қатты үрлемеңдер.

Қыздар шыршаның артына барып, ұлпа қар алып шығады. Балалар Қыстың артынан шыршаны айналады, осыдан кейін орындықтарына отырады.

Қаһарлы қыс. Міне, сиқырға толы қысқы орманға да келдік.

«Қар биі»

(Ф. Шуберттің «Вальсі»)

1-ші қимыл. Ұлпа қар-қыздар шыршаның артынан шығып, оның алдына, көрермендерге қараған күйі жартылай шеңбер құрып тұрады.

2-ші қимыл. Қолдарын жоғарыға баяу сермейді, бұл ретте дене салмағын алға қойылған оң аяғына түсіреді.

3-ші қимыл. Қолдарын төмен түсіреді, бұл ретте дене салмағын сол аяғына түсіреді.

4-ші қимыл. Шеңбермен жүгіреді және шеңберде тоқтайды. Сол қолдарын ұстасып, шеңбермен «үлкен ұлпа қар» секілді жүгіреді.

5-ші қимыл. Жүгіріп, көрерменге қараған күйі шахматтық реттілікпен тұрады.

6-шы қимыл. Айналып, бір аяқтарымен тізерлеп отырады, қолдарын жаяды – «ұлпа қарлар қатып қалады».

Жүргізуші. Алайда мен Аязатаны таба алмай тұрмын. Айнала аппақ қарға ораныпты. Бұдан әрі қайда барамыз?

Қаһарлы қыс. Мен сендерге сиқырлы жібімді берейін, ол сендерге Аязатаға баратын жолды көрсетеді. Ал менің орманға барып, шаруаларымды бітіруім керек!

Қыс жүргізушіге жіпті ұстатып, залдан шығып кетеді.

Жүргізуші. Ал, балалар, ендеше жіпті жерге тастап, оның бізді қайда апаратынын байқап көреміз бе?

Жүргізуші жіпті шыршаның артына тастайды, Ақшақардың даусы естіледі.

Ақшақар.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аязата оралып.

Гномиктер, достарым,

Көмекке келіңдер.

Шыршаның артынан гномдар шығып, орындарыпа тұрады да өлеңдерін оқи бастайды:

Біз ертегі гномиктеріміз,

Қалың орманда тұрамыз.

Орманды мекен етеміз,

Ортасында тұр үйіміз.

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Жаңа жылдың түнінде

Шамын жақ та үміттің

Жаман ойды түңілген

Жағып жібер, ұмыт қыл. 

Ұмыт өкпе, мұңыңды, 

Ымырт аяз ызғарын.

Сөкпе өткен күніңді,

Тарту еткен тұз, дәмін.

Күндеріңді ғайыптың

Бесігіне бөленген

Күміс әнге шайып бір

Есіңе ал өлеңмен.

Жаңа жылдың түнінде

Джаздан болсын жыр – әнің.

Жақсылыққа тігілген

Маздай берсін шырағың.

Гномиктердің күрекпен билеуі

(Jingle Bells әнінің әуеніне)

1-ші қимыл. Ұлдар-гномиктер көрермендерге қараған күйі шахматтық ретпен тұрады.

2-ші қимыл. Қар тазалап жатқан секілді күрекпен «жер қазады».

3-ші қимыл. Бір-бірінің артынан шеңбермен жүреді, күректі оң иығына асып алған, шеңберде тоқтайды.

4-ші қимыл. Қармен ойнаған секілді болады, күрек еденде жатады.

5-ші қимыл. Шеңбермен жүреді және орындарына тоқтайды.

6-шы қимыл. Қар тазалап жатқан секілді күрекпен «жер қазады».

7-ші қимыл. Алға иіледі, ал қолдарын артқа жоғарыға қарай көтереді.

Гномиктер орындықтарына отырады.

Биден кейін шыршаның артынан жіпті ұстаған Ақшақар шығады.

Ақшақар.

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай. 

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Мен Ақшақармын,

Барша жан ұнататын.

Балалармен ойын ойнап,

Билегенді ұнатамын!

Рахмет, гномиктер, жолымды ашып бердіңдер. Ал қазір менімен бірге ән салып, би билеуге шақырамын!

«К нам приходит Новый год» хоровод әні

(музыкасы В. Герчиктікі, сөзі З. Петрованікі)

Жүргізуші. Рахмет, Ақшақар, көңілімізді көтеріп тастадың. Бірақ бізге Аязатаны табу керек.

Ақшақар. Балалар, сендерге де рахмет. Мен ертегіме оралайын.

Буду в своем домике

Елку наряжать.

Гномиков ждать

И с ними Новый год встречать!

Ақшақар залдан шығып кетеді, ал жүргізуші жіпті қайтадан есік жаққа тастайды. Музыканың әуенімен Қаршақыздың киімін киіп алған Мыстан кемпір кіреді. Қолына жіпті ұстап алған.

Мыстан кемпір.

Сәлем, менің достарым!

Мен Қаршақызбын!

Мына жіп алдым тауып,

Содан мерекеге келдім!

Жүргізуші.

Сен – Қаршақызсың ба?

Жоқ-жоқ, тоқтай тұр,

Дауысың ұқсамайды.

Мына үлкен мұрның да.

Мүмкін, Мыстан кемпір шығарсың?

Мыстан кемпір.

Даусым нәзік, әдемі,

Көйлегімде де көзтартар.

Жүргізуші.

Көзің жылтырап тұрса да –

Емессің нағыз Қаршақыз!

Мыстан кемпір. Нағыз өзззі! Нағыззз!

Жүргізуші. Мәссаған, балалар! Аязатаны іздеп жүріп кімді тауып алдық…?

Балалар. Мыстан кемпірді.

Мыстан кемпір.

Мені шақырмасаңдар да,

Әрдайым дайынмын ән салуға!

Мыстан кемпір ақ жамылғысын шешеді.

Сендер мені неге мерекеге шақырмағансыңдар? Мендей сұлуды ұмытып кеттіңдер ме? Сол үшін мен сендердің мерекелеріңнің шырқын бұзамын, жіпті бермеймін, Аязатаны ешқашан таба алмайсыңдар!

Жүргізуші.

Мыстан кемпір, біз қорықпаймыз!

Жібімізді қайтарыңыз,

Балалармен ойнаңыз!

Мыстан кемпір. Жарайды! Жіпті алыңдар, шеңберге тұрып, кешті бастаңдар!

Балалар шыршаның жанына шеңбер құрып тұрады.

Мыстан кемпір. Сендердің шеңберлерің кішкентай ғой, балалар, ата-аналарыңды шақырыңдар, қане. Сендермен бірге секіріп, біраз сергіп қалсын!

Ата-аналар мен балалар шеңберге тұрады.

«Бәріміз бірге ойнайық» ән-ойыны

(сөзі мен әуені «Давай, коза, попрыгаем» әнінен алынды,

әннің мәтіні бойынша қимылдау)

Мыстан кемпір. Қалай, ұнады ма? Жалғастырамыз ба?

Бәрі Мыстан кемпір жаққа бұрылып, шыршаны айналып «паровозша» жүгіреді.

«Жаңажылдық паровоз» ән-ойыны

(қимылдары ән-ойынның мәтіні бойынша)

Жүргіщуші. Көп рахмет, әже! Көңілімізді көтердің. Біздің Аязатаны тауып, Жаңа жылды қарсы алуымыз керек.

Мыстан кемпір. Менің де орманыма қайтып, шаруаларымды бітіруім керек! Сау болыңдар, балалар!

Мыстан кемпір билеп, шығып кетеді, ал жүргізуші жіпті тағы жерге тастайды.

Жүргізуші. Ал менің мынадай ұсынысым бар, балалар! Мен жіпті жерге тастаймын, сосын бәріміз ата-аналарымызбен бірге Аязатаны шақырамыз. Ол бізді естиді және міндетті түрде келеді!

Жүргізуші жіпті есік жаққа тастайды. Бәрі бірге: «Аязата! Аязата!» ­­

Музыканың сүйемелдеуімен Қаршақыз бен Аязата кіреді. Қаршақыздың қолында сиқырлы жіп. Ол мұны жүргізушіге береді.

Аязата.

Құтты болсын, балалар,

Келген Жаңа жылдарың!

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым!

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы?

Мені тани алдыңдар ма?

Қаршақыз.

Сүйсіндірер маңайды

Қаршақызбын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Қаршақызбын, аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Аязата. Міне, менің сиқырлы орманыма да жеттіңдер. Жарайсыңдар!

Жаңа жылмен шаттанып,

Жаңарады бар дала.

Шырша тойын тойлайды,

Дөңгеленіп бар бала.

Жүргізуші. Аязата, шырша әлі дайын емес, мұндай жағдайда біз қалай ән айтамыз: шыршаның шамдары жанған жоқ қой!

Аязата.

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық бәріміз.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Балалар: «Шыршамыз, шамдарыңды жарқырат» – дейді, шыршаның шамдары жанады.

Аязата.

Тамаша ғой қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды.

«Қызығамыз шыршаға» әні

(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі,

нотасын № 11–2016 ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналынан таба аласыздар)

Қаршақыз. Аязата, шашыңа ақ түссе де, билейсің әлі жастар секілді!

Қане, аташым, қолғабыңды ұстап алшы.

Жалғасын  № 11-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль