Музыка бізді біріктірді…

16
Музыка бізді біріктірді…
Музыка бізді біріктірді…
Өткізу нысаны: конкурстық музыкалық-ойын-сауық бағдарламасы.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Мақсаты:

  • оқушылардың көркем-эстетикалық, музыкалық, театрлық қабілеттерін дамыту;
  • бақылағыштық, аңғарымпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру;
  • ұжымшылдық, жолдастық сезімдерге тәрбиелеу.

Өткізу орны: акт залы.

Реквизит: ән мәтіндері, фонограммалар, саундтректер, бейнероликтер, «Музыкалық лабиринт» интерактивті ойыны.

Конкурс өткізу үшін командалар отандық немесе шетел эстрадасы жұлдыздарының бейнебаянын, пародиялар дайындауға тиіс.

Іс-шараның барысы

Кез келген көңілді музыка ойналады. Сахнаға жүргізуші шығады.

– Армысыздар! Залда қаншама таныс адамдарым отыр! Бәріңізге сәлем!

Ендеше, қымбатты достар, сіздерге таңғаларлық жаңалық жеткізетініме қуаныштымын, ол жайында тек екі адам ғана біледі: мен – Сергей Диджейкин, ол – Тимур Тусовкин! (Лақап атына толықтай сәйкес: сахнаның сыртындағы бір жерлерде ойын-сауық құрып жүр)

Сонымен, назар аударыңыздар! Бүгін, осында және дәл қазір, мына керемет залда музыка әуесқойлары үшін «Музыка бізді біріктірді» деген атаумен конкурстық музыкалық-ойын-сауық бағдарламасы басталады! Ду қол шапалақ!

Командалар сахнаға шақырылады. Қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерін таныстыру.

Жүргізуші. Сахнада не өткізілетіні жайлы аздап айта кетейік. Музыкалық конкурста 3 команда сайысады. Олар бейнебаяндар, пародиялар көрсетеді, зеректігімен көзге түседі және музыкалық қабілеттерін, ақыл-ой орамдылығы мен тез жауап қата білетіндіктерін паш етеді.

Алғашқы үй тапсырмасын көрсетуге кіріспес бұрын, командаларға аздап серпілуді ұсынамын. Сіздердің міндеттеріңіз – сұраққа қарсыластарыңыздан жылдамырақ жауап беру.

Ой-талқы

  • Балға бірінші рет келісімен, король мен ханзаданы тәнті еткен ертегі кейіпкерінің аты кім? (Күлбике)
  • Карабас-Барабастың сүйікті музыкалық аспабын атаңдар. (Труба)
  • Әжейде қандай екі көңілді құс болды? (Қаздар)
  • Қазақ ертегілеріндегі әзіл-оспақ миниатюрасының фольклорлық кейіпкерін атаңдар. (Алдар Көсе)
  • Танымал әнде қараторы молдаван қызы не жинады? (Жүзім)
  • Би королі деп қай биді атайды? (Вальс)
  • «Асса» деген лепті дауыс айтылатын биді атаңдар. (Лезгинка)
  • «Антошка» әнінің кейіпкері қандай көкөністі қазуға шақырды? (Картоп)
  • Қандай гүл музыкалық атауға ие? (Қоңыраугүл)
  • Бәрін тату өмір сүруге үндейтін ең мейірімді, ал бастысы, ән салатын мысықтың аты кім? (Леопольд)
  • Тесік жасай отырып, қамыс сабағынан қандай аспапты шеберлікпен істеуге болады? (Сыбызғы)
  • Балалайканың неше ішегі бар? (3)
  • Ал скрипканың ше? (4)
  • Домбыраның неше ішегі бар? (2)
  • Көптеген жануарлардың басында қандай музыкалық аспап болады? (Мүйіз)
  • Өздігінен үйренуді бастаған барлық пианистерге қай музыкалық шығарма таныс? («Ит вальсі»)
  • Ұйықтар алдында айтатын ән қалай аталады? (Бесік жыры)
  • Музыка шығаратын адамның мамандығы. (Сазгер)

Жүргізуші. Жарайсыңдар, балалар! Ширату минуты аяқталды. Командалардың сахнаға шығуын және алғашқы конкурсқа дайындалуын өтінеміз. Оларға табыс тілейміз!

Шоумен + клип

Жүргізуші. Алғашқы үй жұмысы екі бөлімнен тұрады:

  • шоуменнің сөзі;
  • клип қою.

Командаға қатысушылардың бірі (шоумен) отандық немесе шетелдік «жұлдыздың» өнер көрсетейін деп жатқанын хабарлайды.

«Жұлдыздың» өнерінен соң команда клип ұсынады.

Қазылар алқасы конкурстың әр бөлімін бес балдық шәкілмен жеке бағалайды.

Жүргізуші. Балалар келесі өнер көрсетуге дайындалғанша, жанкүйерлер үшін «Әуенді тап» конкурсын өткізуді ұсынамын.

Қазір суперхиттер ойналады. Орындаушының есімін тапқан әр жанкүйер өзі жақтасып отырған командаға бір қосымша балдан әкеледі.

Пародия

Жүргізуші. Біздің тапсырма қатысушылар үшін өте қиын болмайды деп үміттенемін. Сахнаға шығып, қатысушылардың пікірінше пародияға лайық деп табылған жұлдыз бейнесінде фонограммамен ән айтады.

Сонымен, қарсы алайық!

Жұлдыздардың фонограммаларынан бір минуттық үзінділер қосылады, қатысушылар оларды көрсетеді.

Музыкалық аукцион

Жүргізуші. Біздің аукционға бүкіл команда қатысады. Сіздердің міндеттеріңіз – 1 минут ішінде, мәселен: «Екі жерде екі – төрт...» деген сияқты сандары бар әндерден неғұрлым көп атаулар мен жолдарды еске түсіріп, жазу.

Көрсетілген уақыт өткеннен кейін қатысушылардың бірі оқиды немесе ән айтады және тізімді қазылар алқасына береді. Қай команданың тізімінде ең көп әндер тізімі болса, сол жеңеді.

Кино музыкасы

Жүргізуші. Кинематограф біздің өмірімізге берік енді, онымен бірге музыка да, кино да жанданды. Көптеген әндер мен сериалдардың музыкалық өрнектері, саундтректер өз бетінше тіршілік етуге талпынады. Осыны тексеріп көруді ұсынамын!

Командалардың міндеттері – бірінші тактіден әнді немесе әуенді танып, мүмкіндігінше жауабын тезірек айту, яғни аталған әуеннің қай фильмнен немесе сериалдан екенін атап беру.

Дәлдіктен керісіншеге дейін

Жүргізуші. Сіздерді күрделі тапсырма күтіп тұр. Табуға тиіс ән «керісінше» айтылады. Әр команда үшін бір әуен. Тапқан бойда жауабын айтыңыз, ал билесеңіз тіптен жақсы!

Қазір экранға назар аударайық.

Майкл Джозеф Джексон – америкалық әнші, әндердің авторы, музыкалық продюсер, музыканы көркемдеуші, биші, хореограф, актер, сценарист, филантроп, кәсіпкер.

Поп-музыка тарихындағы ең табысты орындаушы, «Поп-музыка королі» ретінде танымал, 15 «Грэмми» сыйлығының және жүздеген басқа да сыйлықтардың иегері.

25 рет Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Джексонның әлем бойынша сатылған жазбаларының (альбом, сингл, жинақтар, т. б.) саны 1 миллиард көшірмелерді құрайды.

2009 жылы ресми түрде Америка аңызы және музыка иконы деп танылды. Майкл Джексон танымал музыканың, бейнебаяндардың, би мен моданың дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Оның «айдағы жүрісі» немесе кейін қарай тайғанақтай жылжуы табынушылардың есін алды.

Өмірінде осы биді бір рет болса да үйреніп көргісі келмеген адам жоқ шығар. Ал осыны біздің бәсекелестеріміз қалай меңгерді екен, оны қазір көреміз.

Сахнаға америкалық поп-жұлдыз Майкл Джексонның шығармашылығымен таныс әр командадан бір өкілден шақырылады.

Айдағы жүріс

Тапсырма. Майкл Джексонның әнінің ырғағымен оның танымал айдағы жүрісін бейнелеу.

Музыкалық лабиринт (көрермендер үшін)

Жүргізуші. Жанкүйерлер, өз командаларыңа ұпай қосуға дайынсыңдар ма? Музыкалық лабиринтпен жүруді ұсынамын. 4 дұрыс жауапқа – команда қоржынына 4 балдан.

«Өңін айналдыру» әндері

Жүргізуші. Конкурстық бағдарламамызды жалғастырамыз. Келесі тапсырма мынадай: мен әндерден «өңін айналдыра» үзінділер оқимын.

Мәселен: «Иә, қарақшылар кеш жатады!». Әрбір сөзді керісінше қайта жасаңдар, танымал бір әннің фразасы шығады: «Ох, күзет ерте тұрады!»

Егер тапсырма түсінікті болса, мен мультфильмдердегі әндердің үзінділерін «өңін айналдырып» оқи бастаймын. Кім бірінші жауап берсе, сол жеңеді.

  • Қара бұлт – қарақұйрықты қолтырауындар… (Бұлттар – аққанатты аттар…)
  • Ол аймен жүгіреді… (Мен күншуақта жатырмын...)
  • Бөлмеде жалғыз жүгірген көңілсіз… (Еркіндікте бірге адымдау көңілді...)
  • Е-о-е, е-о-е, бүгін бәрін қайыршыларға береміз! (Ой-ля-ля, ой-ля-ля, ертең патшаны тонаймыз!)
  • Қара ұшақтар жердің үстімен ұшады… (Ақ кемелер аспанмен жүзеді...)
  • Қар үстімен жүргізушілердің әдемі жорғалауына болмайды... (Жаяу жүргіншілер шалшықпен ебедейсіз жүгіре берсін...)
  • Аяғымда бөтен бөрене – жоқ, жоқ, жоқ! (Басымда менің жоңқалар – иә, иә, иә!)

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 11-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль