«Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз біргеміз» атты ата-аналар жиналысы

27
«Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз біргеміз» атты ата-аналар жиналысы
«Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз біргеміз» атты ата-аналар жиналысы
Мақсаты: инклюзивті тәрбие мен білім беру проблемасына ата-аналарды жұмылдыру.

«Сабақ оқуға отырайық» атты ата-аналар жиналысының сценарийі

«Жетістік құпиялары» ата-аналар жиналысының сценарийі

Міндеттері:

  • «инклюзивті тәрбие мен білім беру», «толеранттық» ұғымдарымен танысу;
  • ата-аналар ұжымын біріктіру;
  • айналаға, адамдар мен өзіне деген адамгершілік қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру жөніндегі әрекетке талаптандыру.

Алдын ала жұмыс:

  • ата-аналардан сауалнама алу;
  • үлестірме материалдарды дайындау.

Жабдық:

  • мультимедиалық жабдық;
  • көрсету тақтайы;
  • үлестірме материал.

Ата-аналар жиналысының барысы

Эпиграф. Егер әйтеуір бір жағынан алғанда саған ұқсамайтын жерім болса, бұл менің сені қорлағаным емес, керісінше, қолдағаным… (А. де Сент-Экзюпери).

Сынып жетекшісі инклюзивті тәрбие мен білім беру туралы жарияланымдар, мақалалар, ережелер қойылған көрмемен таныстыру үшін ата-аналарды қарсы алады. Сыныптағы үстелдер мен орындықтар шеңбер бойымен қойылған, тыныш әуен ойнап тұр. Үстелде үлестірме материал, қаламсаптар жатыр.

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

Армысыздар, қымбатты ата-аналар, қонақтар! Сіздермен қауышқанымызға қуаныштымыз. Барлық істеріңізді ысырып тастап, біздің кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Біздің бүгінгі пікірталасымыздың нысанасына айналып отырған проблема өте өзекті. Оны шешудің қажеттілігі біздердің, ересектердің, үлкен өмірге толерантты адам шығаруға тиіс екенімізді білдіреді. Бұл көп жағдайда біздің балаларымыздың өмірлік жолының сәттілігін айқындайды.

Біздің сабағымыздың тақырыбын атамас бұрын, әрқайсыларыңызға пікір жазылған парақшаларды алуды ұсынамын.

Тақырыпқа ену.

Әрбір қатысушы қораптан афоризм жазылған парақты (барлық парақтар әртүрлі түсте) алады және жазылғанды оқиды.

Сынып жетекшісі. Пікірлерді тыңдайық.

  • Олардың қолы жоқ, ал бізде бар, бәлкім, біз сондықтан да бір-бірімізге көмек қолын сирек созамыз.
  • Олардың аяғы жоқ, ал бізде бар, алайда біздің кейбіреуіміз сау аяғымызбен үйсіз мысықты тебуді ұмытпаймыз.
  • Олар есту аппараттарына өте зәру, олар диктофондар мен тыңдау құрылғыларынан үш есе қымбат, біз тағы да оларды өзіміздің қисынсыз тілегімізді көздей отырып жасап шығардық. Есесіне біз – адамдар, көршіміздің есігінің шиқылын естиміз де, кейде біреудің жәбірленген жүрегінің дүрсілін естуге қабілетсізбіз.
  • Біздің кейбірімізге жетелеуші сондай қажет, бірақ біз дәл өзіміз үшін навигатор ойлап таптық. Және біз, көзі бар адамдар, өзгенің қиналғанына көзімізді шеберлікпен жұмып қарай саламыз.
  • Қоғамдық көліктегі орындар дәл соларға арналған, ал біздің көпшілігіміз ұйықтағансып, орын беруге асықпаймыз да.
  • Олар кейде біздің аянышты көзқарасымыздан қысылып та қалады, ал есіркей отырып шағып алу біздің қолымыздан келеді.
  • Олар азғантай ғана ақшаға өмір сүреді, ал біз дәл сондай соманы мысықты тамақтандыруға жұмсаймыз.
  • Олар – мүмкіндігі шектелмеген адамдар.

Біздің жиналысымыздың тақырыбы – «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз».

«Құндылық құмырасы» шығармашылық жұмысы

Сынып жетекшісі. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші, алдыңызда тұрған құмыра – сіздің ойыңызша, адам иеленуге тиіс құндылық қоймасы. Оны толтырыңыздар.

Қатысушылар өздері ойлағандай ең басты құндылықтардың атауын жазады.

  • Қандай құндылықтарды атағандарыңызды бөлісесіздер ме? (Ата-аналардың жауаптары)

«Пістелер» жаттығуы

Сынып жетекшісі. Мен сіздерге қабықтағы екі пістеден таратамын. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Пістелер сипалап көргенде қандай?
  • Адамдар сипағанда қандай?
  • Қабықты қалай сипаттаған болар едіңіздер?
  • Адам денесін қалай сипаттар едіңіздер?
  • Пістелердің көлемі мен формасы бірдей ме?
  • Адамдардың көлемі мен формасы бірдей ме?
  • Пістелер бір түсті ме?
  • Ал адамдар бірдей ме?
  • Пістелерде жарықшақ бар ма?
  • Жарықшақтың жаңғақтың дәміне әсері бар ма?
  • Ал адамдардың өзгеруі және шытынауы мүмкін бе?

Жарықшағы бар құмыра туралы аңыз

Бір әйелдің екі үлкен құмырасы болыпты. Құмыралар әйелдің иығында жатқан иінағаштың шет жағына асылып тұратын. Олардың бірінде жарықшақ бар еді, ал екіншісінің міні жоқ және әрқашан су толып тұратын. Әйел өзеннен үйге дейінгі ұзын жолды жүріп келгенше жарықшағы бар құмыра ылғи ортасынан ғана толып тұратын.

Екі жыл бойы дәл осылай болды: әйел үйіне үнемі бір жарым құмыра су әкелетін. Міні жоқ құмыра өз-өзіне көңілі толып, бойын мақтаныш билейтін, ал жарықшағы бар құмыра өз кемшілігінен ұялып, істеуге тиіс нәрсенің жартысын ғана орындағанына көңілі толмай жүретін.

Арада екі жыл өткенде өзінің жарамсыздығына көзі жеткендей кінәлі күйде құмыра әйелге тіл қатты: «Мына жарықшақтан ұялып біттім, жол бойы сенің үйіңе жеткенше су ағып келеді». Әйел күліп жіберді. «Сен байқадың ба, жолдың сен жүретін жағында гүлдер өсіп тұр, ал екінші құмыра жақта гүл жоқ?

Жолдың сен жағына мен гүл тұқымын ектім, өйткені сенде ақау бар екенін білдім. Сондықтан біз үйге келе жатқанда сен ылғи оларды суарып отырасың. Екі жыл қатарынан мен бұл ғажайып гүлдерді кесіп, үстелдің үстін безендірдім. Егер сен мұндай болмасаң, осынша әдемілік болмас еді және біздің үйдің құрметі осынша артпас еді».

Сынып жетекшісі. Біздің әрқайсысымыздың өз ерекше оғаштықтарымыз бен кемшіліктеріміз бар. Алайда өмірімізді соншалық қызықты да абыройлы ететін өз ерекшеліктеріміз бен жарықшақтарымыз бар. Әр адамды ол қалай жаратылса сол қалпында қабылдау керек, жақсылығын көре білуге тиіспіз.

Кез келген қоғамның кемелдену деңгейі халықтың қорғансыз тобына – балаларға, қарт адамдарға, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға (бұдан әрі – ДМШ) деген қатынасымен бағаланады.

Әсіресе мүгедек балаларды әлеуметтендіру өткір проблемаға айналып отыр. Олардың көбі арнайы түзету мекемелеріне барады, онда оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі әзірленіп, жолға қойылған, бірақ мұндай баланың шынайы өмірге әлеуметтік бейімделуі әлсіз дамыған.

Мүгедек балалар өз құрдастарының ортасынан ажырап қалған, олардың даму, дос болу, әдеттегі балалар сияқты ойнау мүмкіндіктері жоқ.

Өз уақытын аулада құрдастарымен өткізетін ұл балаға жақын жердегі, өз құрдастары баратын мектепке бара алмайтынын, басқалардан айырмашылығы бар арнайы мектепке баратынын қалай түсіндіресің?

Сондықтан да денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше қолдау мен қарауға ғана емес, өз қабілеттерін жүзеге асыру мен табысқа жетуде де қамқорлыққа зәру, оның үстіне арнайы сыныпта емес, әдеттегі сыныпта. Инклюзивті тәрбие мен білім берудің міндеті де дәл осында жатыр.

Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы

  • «Білім туралы» ҚР Заңы.
  • «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңы.
  • «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы.
  • «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңы.
  • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы.
  • ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы

Инклюзивті білім беру қағидаттары

  • Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне байланысты емес.
  • Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
  • Әр адамның қарым-қатынас жасауға және өзін тыңдатуға құқығы бар.
  • Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
  • Шынайы білім тек нақты өзара қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асырылады.
  • Барлық адам қолдауға және құрдастарының достығына мұқтаж.
  • Барлық білім алушылар үшін прогреске қол жеткізу олардың істей алмайтынында емес, қолынан келетін іс істеуінде жатыр.
  • Алуан түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын нығайта түседі.

Сауалнаманы талдау

Құрметті ата-аналар! Инклюзия туралы әңгімені біз сіздермен бұрынырықта, сіздер сауалнамадағы сұрақтарға жауап бергенде бастағанбыз.

Ендеше, нәтижемен танысайық.

Біздің сыныптағы сауалнамаға қатысқан ата-аналардың бәрі ДМШ балаларды жалпы білім беретін мектептерге қосуға оң көзқарас танытты.

Ата-аналардың 84 %-ы ДМШ балалар басқа балалармен бірге білім алатын инклюзивті білім берудің мұндай үлгісін тиімді деп санайды, алайда сабақты екі педагог өткізеді, олардың бірі – арнайы дайындалған маман.

14 %-ы арнайы мектептің оқушылары мен жалпы мектептің оқушылары ортақ іс-шараларға қатысуға, сыныптан тыс жұмыс кезінде араласуға тиіс деп санайды, бірақ жеке оқытуды жөн көреді.

Ата-аналардың 53 %-ына әлеуметтік бейімделу проблемасы жақын, оларды бұл мәселе бұрыннан қызықтырады.

47 %-ына бұл тақырып таныс емес және мұндай адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі жоқ.

Сондай-ақ сауалнама нәтижелері бірқатар ата-аналардың инклюзивті тәрбие мен білім беруді қолдайтындықтары немесе қарсы екендіктері туралы біржақты жауап бере алмайтынын көрсетті.

Қиындықтар туралы айтуды, сауалнамадағы сұрақтарға жауап бергенде туындаған ауырлықтар туралы сөз етуді ұсынамын.

Ықтимал жауаптар

  • Менің балам мүгедек баланы қабылдайтынына сенімді емеспін.
  • Мен кәдімгі балалар мен мүгедек балалар арасындағы жанжалдан қорқамын.
  • Әртүрлі балаларды не үшін қосатынын түсінбеймін.
  • Өз ұлыма (қызыма) мұндай баланы ренжітуге болмайтынын түсіндіре алмаймын ба деп қорқамын.
  • Теориялық тұрғыда сыныпта мүгедек баланың болуына қарсы емеспін, бірақ оқу процесі қалай жүзеге асырылатынын түсінбеймін.
  • Менің ойымша, біздің мектепте мұндай баланың болуы мен оқуы үшін жағдай жоқ.

Сынып жетекшісі. Баланың қалай туылғанына ешкім де кінәлі емес, баланың зағип немесе керең болып тууынан бірде-бір отбасы сақтандырылмаған, ешкім де жазатайым оқиғалардан сақтандырылмаған, өз тағдырында қандай ауыр сырқат болуы мүмкін екенін ешкім де білмейді.

Өзімізге жауапкершілік алып, мұндай балаларға «жоқ» деп айта аламыз ба?

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 11-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль