Оқу үдерісіне сыни бағалауды енгізудегі қиындықтар

7
Оқу үдерісіне сыни бағалауды енгізудегі қиындықтар
Оқу үдерісіне сыни бағалауды енгізудегі қиындықтар
Формативтік бағалау – бұл оқу және оқыту үдерісіне ерте кезеңде өзгерістер енгізу мақсатында білім алушылардың ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау білім алушыларға өз ілгерілеушіліктерін ұғынуға және қадағалауға және ұстаздың көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Формативтік (қалыптастырушы) бағалау – бұл білім алушының оқуын қадағалаудың мақсатты бағдарланған үздіксіз үдерісі. Ол – «бейресми», көбіне баға қоюсыз бағалау, өлшемшарттарға сәйкес бағалауға негізделеді және ең алдымен кері бай      ланысты қарастырады.

2016/2017 оқу жылы 1-ші сыныпты оқытатын оқытушылардың барлығы формативтік және жиынтықты бағалаудан тұратын сыни бағалауға көшті. Формативтік бағалауды енгізудің алғашқы жылы осы инновацияны енгізу барысында педагог тап болған бірқатар қиындықтарды көрсетті. Олардың ең жиі кездесетіндері:

  • жаңа талаптар бойынша  сабақтың өзін, формативтік бағалау тапсырмаларын әзірлеуге, үлестірме материалды басып шығуға көп уақыт шығындау;
  • формативтік бағалаудың әртүрлі стратегияларын таңдау және іске асыру қиындықтары;
  • оқушымен және оның ата-анасымен  «кері байланысты» автоматтандыру мүмкіндігінің болмауы (күнделіктегі, дәптердегі жазбалар және т. б.).
  • білім алушылардың жұмыстарын тексеру көлемінің ұлғаюы.

Осы қиындықтардың бәрі бүкіл посткеңестік кеңістік елдерінің білім жүйесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан бірнеше объективтік факторларға негізделген:

1. Бір сыныптағы оқушы санының көптігі (орташа есеппен бастауыш мектепте 30–40 және орта буында 25–30), бұл барынша тиянақты әрі маңызды дайындықты талап етеді (әр оқушыға арналған үлестірме материал, вариативтік тапсырмалар әзірлеу), мәлімделген дескрипторлардың жетістерді бақылау уақыты артады (кері байланыс), білім алушылардың есептерін тыңдауға кететін уақыт азаяды және формативтік бағалаудың объективтілігі төмендейді. Аталған қиындықтарды формативтік бағалаудың барлық тапсырмалары қамтылатын сабақаралық қысқамерзімдік жоспарлар сериясын әзірлеу мен жариялаудың көмегімен шешуге болады (қолдануға ыңғайлы болуы үшін – электрондық форматта болғаны дұрыс әрі материалды қайта шығару қажет болмайды). Оған қоса ұстаздың жұмысын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесінің де  шешімін табу қажет (ең алдымен қағаз, принтер, көрнекілік карточкалар, жазбалар және т. б.). сыныптағы оқушы санын азайту мүмкін болмағандықтан, бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы ғана. Қазіргі кезде ұстаздарға көмекке арналған жекелеген және оқу жоспарының кейбір пәндері бойынша қысқамерзімдік жоспарлар (жалпы сабақ санының шамамен 20–25 %-ы)  бар.

2. Формативтік бағалауды іске асыру стратегиясын таңдау қиындықтары әдістемелік материалдарда ұсынылған бағалау нысандары мен әдістерінің жаңашылдығына байланысты. Бұл қиындық уақыт өте келе шешімін табады, себебі ұстаздың ұсынылған технологияларды жұмысында жиі қолдануы олардың таңдауы мен іске асырылуын автоматтандырады. Ұсынылған ондаған жұмыс нысандары мен әдістерінің арасынан ұстаз өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Жаңашылдықты іске асыра бастау кезеңінде ұстазға көмек ретінде сабақтың белгіленген мақсаттары мен түріне қарай формативтік бағалаудың ұсынылатын нысандары мен әдістері сипатталған құрылымдық кесте құрастыруды ұсынуға болады.

3. Автоматтандыру қажеттілігі – «кері байланысты» оңтайландыру айқын. Ұстаз әр оқушының нәтижелерін сабақ арасында есепке алып отырмаса, оқу үдерісін түзете алмайды, ал формативтік бағалаудың мақсаты нақты әр оқушының нәтижелеріне сүйене отырып, оқу үдерісін түзету мен дараландырудан тұрады. Бұл қиындықты ұстаз қысқамерзімдік жоспарлардың толық жинағы мен әр сабақ үшін әзірленген дескрипторларын жасау арқылы шешуге болады.  

Жалғасын  11-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль