text
MCFR.KZ Образование

Ұйымдағы есеп саясатын бекіту тәртібі

  • 30 октября 2017
  • 58
Ұйымдағы есеп саясатын бекіту тәртібі
Ұйымдағы есеп саясатын бекіту тәртібі

Есеп саясатының мәтіні балабақшада қолдануға қабылданған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені құруға арналған қағидаттардың, әдістердің, негіздемелердің, ережелер мен қағидалардың сипаттамасын ғана қамтуға тиіс.

Есеп саясатының мәтініне бухгалтерлік есеп шотына, нақты бухгалтерлік жазбаларға сілтемелерді енгізу және оларды ұйымның бухгалтерлік есебінде көрсету ұсынылмайды. Алайда егер есеп саясатын бухгалтерлік есеп жүргізуде басшылыққа алуға қажетті ішкі заң деп есептесек, онда есеп саясатының ережелері әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Заңдарда кейде заңда қабылданған ұғымдардың бәрінде бірдей бірыңғай түсінік болу үшін, заңның белгілі бір немесе өзге ережелерінің тәртібі айтылатын заңға қосымша актілер болады. Сондай-ақ ұйымның есеп саясатына қосымша жасау керек, онда бухгалтерлік есептің ерекшелігі мен мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің жекелеген ұйымдарында қаржылық есептеме жасау көрсетіледі. Есеп саясатына мына қосымшаларды жасау ұсынылады:

  • Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, онда ұйымның өз қызметінің есебін жүзеге асыруда пайдалануды көздейтін қосымша қосалқы шоттары бейнеленеді. Шоттардың жұмыс жоспарында шот атауын өзгертуге болады (оның мәнін өзгертпестен).

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


МЫСАЛ

Шоттардың үлгілік жоспарындағы «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс» 6010-шотты «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша қызмет көрсетуден түскен табыс» шоты деп қайта атауға болады.
«Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер» 6220-шотына қосымша қосалқы шоттар ашуға болады: 6221 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшалай мәнде түсетін кіріс»; 6222 «Өтеусіз алынған мүліктен түсетін кірістер (ақшадан басқа)».
«Өзге кірістер» 6280-шотына қосымша қосалқы шоттар ашуға болады: 6281 «Балабақша қызметкерлеріне дайын тағамды сатудан түсетін кіріс (тамақтану)»; 6282 «Шот жоспарында көрсетілмеген өзге де кірістер».

  • Балабақшаның өз бетінше әзірлеген бастапқы есеп құжаттамасы нысандарының тізбесі (уәкілетті орган бекіткен тізбеде нысандар болмаған кезде).  
  • Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары негізінде бухгалтерлік жазбаларда шаруашылық операцияларын көрсету сызбасы (қосымша балабақша қызметінің шаруашылық операцияларын бухгалтерлік ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар болып табылады).

Есеп саясаты ұзақмерзімді құжат болып табылады. Құжат барлық қосымшаларымен бірге бекітіледі және мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі. Есеп саясатына қатысты барлық келесі өзгерістер мен толықтырулар да бұйрықпен ресімделеді. 

Есептік салық саясатын бекіту және қолданысқа енгізу туралы бұйрықтың үлгілік мәтіні төменде келтірілген.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты