Есеп саясаты

3
Есеп саясаты
Есеп саясаты
"Есеп саясаты" деген не және есеп саясаттың жасалуын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

28.02.2007 ж. № 234-III «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлiк есеп туралы Заң) 6-бабында есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: «Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi».

Есеп саясатын әзірлеудің негізі сол немесе өзге стандарттар болып табылады.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – ҚЕХС) (ағыл. International Financial Reporting Standards, IFRS) – кәсіпорынға қатысты экономикалық шешімдер қабылдау үшін сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық есептемені құрастыру ережелерін реттейтін құжаттар (стандарттар мен түсіндірмелер) жиынтығы.

ҚЕХС-ның құрылу тарихы туралы азғана сөз

Қаржылық есептілікті халықаралық деңгейде пайдалануды жақсарту және жақындастыру мақсатында 1973 ж. бірқатар елдердің қоғамдық бухгалтерлік және аудиторлық ұйымдары халықаралық кәсіби үкіметтік емес ұйым – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі комитетті (бұдан әрі – ҚЕХСК) (ағыл. International Accounting Standards Committee, IASC) құрды.

1981 ж. бастап ҚЕХСК қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізуде және халықаралық есепке қатысты құжаттарды талқылау мәселелерінде толығымен дербес болды. 2005 ж. бастап 2002 жылғы Еуропалық комиссияның шешімі негізінде акциялары Еуропа биржаларында бағаланатын барлық компаниялар ҚЕХС бойынша шоғырландырылған есептеме дайындайды. 2001 ж. сәуірде қайта ұйымдастыру шеңберінде Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі Кеңес (бұдан әрі – ҚЕХСК) ҚЕХСК-ті алмастырды. 1973 жылдан бастап 2001 ж. аралығында ҚЕХСК стандарттарды әзірледі және оларды International Accounting Standards (IAS) деген атаумен шығарды, ал 2001 ж. бастап ҚЕХСК International Financial Reporting Standards (IFRS) атауымен қайтадан құрылатын стандарттарды шығарады.

Қаржылық есептілік стандарттарының мақсаты – қаржылық есептілік ұсынудағы түсіндірмені ажырата білу мен таңдауды қысқарту, ақпараттың сапасы мен  салыстырымдылығын, стандарттардың үйлесімділігін жақсарту. Бірыңғай стандарттар әртүрлі компаниялардың, оның ішінде халықаралық деңгейдегі компаниялардың қызметінің нәтижелерін барынша тиімді түрде бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді.

Есептілікті құрастырудың бірқатар ұлттық ережелерінен айырмашылығы, ҚЕХС қатаң жазылған ережелердегі емес, қағидаттарға негізделген стандарттарды қамтиды. Мақсаты кез келген тәжірибелік жағдайда құрастырушыларға қандай да бір базалық ережелерден айналып өтуге мүмкіндік беретін анық жазылған ережелерден ілік табуға тырысу емес, қағидаттардың бағытына сүйенуге мүмкіндік беру болып табылады. «Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздері» құжатында ҚЕХС-тің барлық базалық қағидаттары бекітілген, оның ішінде есептеу қағидаты, үздіксіз қызмет қағидаты, сақтық пен орындылық қағидаты бар.

Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарты Бухгалтерлiк есеп туралы Заңға сәйкес әзірленді және қаржылық есептіліктің қағидаттары мен сапалық сипаттамаларын, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен (субъект) айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау қағидаттарын анықтайды.

Шағын және орта бизнеске арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (бұдан әрі – ШОБ-ке арналған ҚЕХС) – тиісті кәсіпорындар барлық ҚЕХС-ны толық қолдану орнына пайдаланатын есептің баламалы тұжырымдамасын ұсынатын стандарт. Ол әдетте ШОБ-те кездесетін мәмілелерді, оқиғаларды немесе талаптарды қарастыратын стандарттарды қамтиды. Әдетте ШОБ-те кездесетін мәмілелерді, оқиғаларды немесе талаптарды қарастырмайтын стандарттар ШОБ-ке арналған ҚЕХС-ге енбеген. Ең төменгі жағдайлар мәліметі басты нәрсеге айналды, онда ШОБ-те ҚЕХС-тің толық жиынтығына жүгіну қажет болар еді.

ШОБ-ке арналған ҚЕХС – ҚЕХС-тің толық нұсқасының іргелі қағидаттарына негізделеді, алайда бірқатар мәселелер оңайлатылған. ШОБ-ке арналған ҚЕХС және негізгі ҚЕХС есептілікті дайындаудың жекелеген базалары болып табылады. ШОБ-ке арналған ҚЕХС пайдалануға рұқсат етілген және осы стандартты қолдану туралы шешім қабылдаған кәсіпорындар осы стандарттың барлық талаптарын қадағалауға тиіс. Олар неғұрлым қолайлы талаптарды таңдай алмайды: біреулері негізгі ҚЕХС-тан, ал екіншілері ШОБ-ке арналған ҚЕХС-тан.

ШОБ-ке арналған ҚЕХС дамушы елдердің ШОБ үшін негізгі ҚЕХС-ға қарағанда неғұрлым оңайлатылған бірыңғай тұтас есеп жүйесін әзірлеудің қажеттілігіне жауап болып табылады. ШОБ-ке арналған ҚЕХС есептілікті пайдаланушылар үшін салыстырмалылық мәселесін жақсартуға және ШОБ есебі нәтижелерінің сенімділігіне, сондай-ақ жергілікті деңгейде есептілікті дайындауға кететін шығындарды айтарлықтай азайтуға алып келуге тиіс.

ҚЕХС бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуде айрықша назар бухгалтерлік есепті жүргізетін қызметкердің кәсіби пайымына аударылады. Есеп саясатының жүргізілуі тиісті біліктілік дайындығы бар, тексеруші болсын, серіктес немесе инвестор болсын, әрбір мүдделі тұлғаға есепте көрсетілетін қаржылық көрсеткіштерді дұрыс түсінуге көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды: әрбір кәсіпорын есебінің ерекшелігі оның есеп саясатында көрсетілуге тиіс.

Өз есеп саясатының негізі етіп қандай стандартты алатыны туралы шешімді балабақша өз бетінше қабылдайды. Таңдалған стандартқа сәйкес өз есеп саясатында қабылдауға қажетті негізгі өлшемшарттар– бұл баға.

Баға – ақша шамасын айқындау процесі, ол бойынша ұйым өз қаржылық есептемесінің активтерін, міндеттемелерін, кірістері мен шығыстарын бағалауға тиіс. Бағалау жүргізу үшін бағалау базасын таңдау керек. Есеп саясатында оларды тану, кейінгі шығындар мен шығу кезіндегі бағалар сипатталады.

Есеп саясатын бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың ішкі заңы деп атауға болады.

Есеп саясаты бухгалтерлік есеп және есептеме жүргізу тәртібін реттейтін ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес әзірленеді. Мұндай құжаттарға жататындар:

  • Бухгалтерлiк есеп туралы Заң;
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген);
  • Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (ҚР Қаржы министрінің 23.05.2007 ж. № 185 бұйрығымен бекітілген);
  • Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 8 «Есеп саясаты, есептік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» (28.12.2005 ж. № 5 Хаттамаға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі ҚР Қаржы министрлігінің Сарапшылық кеңесі қолдануға ұсынған), онда есеп саясатын әзірлеу кезінде басшылыққа алуға қажетті жалпы қағидаттар мен өлшемшарттар келтірілген.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль