Қыркүйектегі басты 5 сұрақтар

3
Қыркүйектегі басты 5 сұрақтар
Қыркүйектегі басты 5 сұрақтар
Қыркүйектегі 5 жиі қойылған сұрақ

1. Бала алты жасқа толған соң балабақшаға бара ала ма?

«Білім туралы» ҚР Заңының 31-б. 1-т. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.

Сонымен қатар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген) 20-т. 2) тарм. сәйкес мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:

  • мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
  • мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
  • мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).

Осылайша, бала 7 жасқа толғанша балабақшаға бара алады.

Толық жауаппен мына жерде таныса аласыздар.

2. Мемлекеттік стандартқа сай келмейтін мемлекеттік рәміздерді жоюды қалай жүргізу керек?

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының (ҚР Үкіметінің 01.10.2007 ж. № 862 Қаулысымен бекітілген) 2-т. сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.

Толық жауаппен мына жерде таныса аласыздар.

3. Іссапарға жiберiлген қызметкерге қандай шығыстар өтеледi?

Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйым қызметкерлерін іссапарға жібергенде Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi (ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі – Ережелер) басшылыққа алу керек.

Ережелердің 9-т. сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

  1. iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;
  2. көрсеткен растау құжаттары бойынша (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда адамның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақ үй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары қосымша беріледі) тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:
    • мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың сомасы тәулiгiне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында он есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда бес есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиiс;
    • мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда алты есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда төрт есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және ауылдық округтарда екі есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс;
    • растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi шығыстар, қызметкерлер тегін берiлген тұрғын үй-жайды пайдаланғаннан басқа жағдайларда, қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50 пайызы мөлшерiнде өтеледi...

Толығырақ Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің іссапары ұсынымда.

4. Шығындардың баптары бойынша МДҰ бюджетін қалай дұрыс жасауға болады?

Кез келген ұйымның, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысы тиімді болу үшін, субъектіні басқару бойынша қабылданған шешімдердің негізділігі мақсатында шаруашылық қызметіне сауатты экономикалық талдау жүргізу қажет. Экономикалық талдауды мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) кірістер мен шығыстардың барлық элементтері тұрғысында сенімді есеп мәліметтерінсіз жүргізу мүмкін емес. Бұрынғы бірнеше есеп беру кезеңдері (2–3 алдыңғы жыл) ішіндегі шаруашылық қызметтерін талдау деректері негізінде есеп беру жылына (жоспарланған кезең) МДҰ-да кірістер мен шығыстардың сапалы жоспарлы сметасын жасауға болады.

Бюджет немесе кірістер мен шығыстар сметасы, немесе есеп беру жылына арналған МДҰ жұмысының қаржылық жоспары – жиынтық ақша көрсеткіштерінде көрсетілетін айларға бөлу арқылы ұйымның кірістері мен шығыстары баптарының есептік жоспарлы цифрларын қамтитын құжат.

МДҰ қызметін экономикалық талдауды жалпы түрде де, яғни жыл басынан бергі өспелі жиынтықпен есепті ай ішіндегі жоспарлы және нақты көрсеткіштердің салыстырмалы талдауын жүргізуге де, одан гөрі кеңейтілген талдау, яғни есепті кезең ішінде жіберілген жекелеген шығындардың баптары бойынша соманы және қабылдамау себептерін қарастыра отырып та жүргізуге болады.

Шаруашылық қызметіне сапалы экономикалық талдау жасау басшыға МДҰ қызметін жақсарту және субъектінің табыстылығын арттыру бойынша барынша дұрыс, экономикалық тұрғыда негізделген шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

Шығындардың баптары бойынша МДҰ бюджетін жасау сызбасы ұсынылады...

Толығырақ Мектепке дейінгі ұйымдардағы бюджеттендіру ұсынымда.

5. Зейнеткермен кем дегенде бір жылға дейінгі мерзімге еңбек шартын ұзартуға бола ма?

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ЕК) 52-б. 1-т. 24) тарм. сәйкес тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 11-б. 1-т. белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

ЕК-нің 30-б. 5-т. негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 11-б. 1-т. сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-т. 2) тарм. төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.

ЕК-нің 30-б. 1-т. 2) тарм. сүйене отырып еңбек шарты келесі жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін; уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына.

Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.

Толық жауаппен мына жерде таныса аласыздар.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль