«Менің кәсіби таңдауым» кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша бағдарлама

16
«Менің кәсіби таңдауым» кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша бағдарлама
«Менің кәсіби таңдауым» кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша бағдарлама
«Менің кәсіби таңдауым» бағдарламасы жоғары сыныптың тәрбиеленушілері үшін әзірленген.

Бағдарлама кәсіби бағдарлау жұмысының мазмұны мен оны іске асырудың негізгі жолдарын анықтайды. Бұл – тәрбиеленушілердің кәсіптік жағынан өз тағдырын өзі шешу саласында негізгі міндеттерді шешуге үндейтін түпкі ойы мен мақсаты біріктірілген іс-шаралар кешені.

Мақсаты – оқушылардың бойында өзіндік даму перспективаларын (кәсіби, өмірлік және тұлғалық) саналы және өз бетінше құру, түзету және іске асыруға ішкі дайындықты бірте-бірте қалыптастыру.

Бітіруші сыныптардың тәрбиеленушілері кәсіптік тұрғыда өз тағдырын өзі шешуде қиындықтарға кезігеді. Іс жүзінде олар еңбек нарығы, мамандық әлемі, мамандардың тұлғалық сапасы мен кәсіптік дайындығына қойылатын талаптар, жұмыс жағдайы мен жұмыс берушілер туралы ұғымнан хабарсыз.

Мамандық таңдау – адамның жас шағында жасаған басты өмірлік таңдауларының бірі. Мамандықты айқындай отырып, ол өмір сүру салтын да таңдайды.

Көптеген жасөспірімдер қызметтің әр түрінің ерекшеліктері туралы жеткіліксіз хабарланған, өз кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін әрқашан ескере бермейді. Сондықтан да кәсіби таңдау мен болашақ мансапты жоспарлау технологиясын арнайы оқу керек.

Мамандық таңдау кезеңі жасөспірімдік және жастық кезбен тұспа-тұс келеді. Өмірдің бұл сатысына өзіндік сананы дамытудың жаңа деңгейінің пайда болуы, өзіндік дүниетанымының қалыптасуы, өмірлік позициясын айқындау тән. Мұның барлығы тұлға ретінде өз тағдырын өзі шешу, өзін өз кәсібінде таныту процестерін жандандыра түседі.

Барлық қажетті жағдайларды бірінші кезекте тәрбиеленуші өзін кәсіби, өмірлік және мәдени тұрғыда өз тағдырын өзі шешудің субъектісі сезінетіндей, өз өмірбаянының авторы және қоғамдық маңызды өнімді жасауға қатысы бар адам сезінетіндей етіп жасау керек.

Балалар үйіндегі кәсіби бағдарлау жұмысы бітірушілердің кәсіптік тұрғыда өз тағдырын өзі шешуге ықпал ететін тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық және оқыту шараларының жүйесі ретінде қарастырылады.

Мекеменің бұйрығымен әр тәрбиеленушіге педагог бекітіледі, ол барлық кезең ішінде оған қолдау береді және мамандық таңдауда консультациялық көмек көрсетеді. Ақпараттық-ағартушылық кәсіби бағдарлау жұмысы тәрбие сағаттарында жүргізіледі және оны балалар үйінің педагогтары жүзеге асырады.

Сабақ түрлі нысанда өткізіледі:

  • оқу орындары мен кәсіпорындарға экскурсиялар;
  • ақпараттық әңгімелер;
  • пікірталастар;
  • семинарлар;
  • ұжымдық шығармашылық істер;
  • кәсіби бағдарлау ойындары;
  • кәсіптік бейімділіктерін анықтау бойынша балалардан сауалнама алу;
  • түрлі мамандық қызметкерлерімен кездесулер.

Педагог-психолог бітірушілерге кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысты психологиялық-педагогикалық процесті қолдау аясында іске асырады.

Әлеуметтік педагог олардың оқу орнын таңдауына қолдау көрсету бойынша жұмыс жүргізеді.

Педагогтар тәрбиеленушіге оның оқу орнын таңдауының барлық кезеңі ішінде және әрі қарай оның оқу орнында оқу кезінде де қолдау көрсетеді.

Мақсаты: балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандықты саналы таңдауды айқындауға көмек беру.

Міндеттері:

  • тәрбиеленушілерді алыс және жақын мақсаттарды бөліп қарауға оқыту;
  • кәсіби мақсаттарына жетуге деген дайындықтарын анықтауға көмек- тесу;
  • кәсіби кемелдену деңгейін арттыру;
  • оқушылардың өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін зерттеуі;
  • өмірлік перспективаларын құру.

Жобаға қатысушылар:

  • тәрбиеленушілер;
  • тәрбиешілер;
  • педагог-психолог;
  • әлеуметтік педагог;
  • әкімшілік;
  • кәсіптік тәрбиеге жәрдемдесетін мекемелер.

Жобаны іске асыру мерзімі – 1 жыл.

Жобаны іске асыру кезеңдері

  • Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты: кәсіби бағдарлау жұмысы үшін талаптар әзірлеу.

Міндеттері:

  • нормативтік базаны оқып-үйрену;
  • әдістемелік кеңесте тәрбиеленушілерді кәсіби бағдарлау бойынша бағдарламаны әзірлеу, талқылау және бекіту;
  • бағдарламаны іске асырудың материалдық-техникалық, педагогикалық талаптарына талдау жасау;
  • бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша диагностикалық әдістемені іріктеу;
  • жобаны іске асыру жоспарын жасау.
  • Тәжірибелік кезең – жобаны орындауды іске қосу

Мақсаты:  кәсіби бағдарлау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • тәрбиелік ықпалдың тиімді нысандары мен әдістерін қалыптастыру;
  • кәсіптік ағартудың мазмұнын байыту;
  • балалар үйінің қала мекемелерімен байланыстары мен қатынастарын кеңейту және нығайту;
  • кәсіптік ағарту жүйесіне білім беру қызметінің барлық субъектілерінің өкілдерін тарту;
  • жобаны жүзеге асыру мониторингі;
  • қаланың әртүрлі мекемелеріне экскурсия жасау.
  • Қорытынды кезең – жұмыс тәжірибесін жинақтау

Мақсаты:  бағдарламаны іске асыру қорытындысын талдау.

Міндеттері:

  • жұмыс нәтижелерін жинақтау;
  • жобалық қызметті талдау;
  • бағдарламаны іске асырудағы қиындықтарды түзету;
  • алынған нәтижелерді ескере отырып, келесі кезеңге жұмыс перспективасын жоспарлау.

Болжанған нәтижелер

  • Тәрбиеленушілерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауда адрестік психологиялық көмек көрсету.
  • Тәрбиеленушілердің кәсіптік тұрғыда өз тағдырын өзі шешуге және еңбек нарығы өзгерген жағдайда болуы ықтимал кәсіби қайта бағдарлануға дайын болуы.
  • Әрбір бітірушінің мамандығын өз бетінше және саналы түрде табысты таңдауы.
  • Бітірушінің мансабын жоспарлау.

Тәрбиешілер:

  • кәсіби тұрғыда өз тағдырын өзі шешудің маңызын, тұлғалық, кәсіптік жоспар жасауға қойылатын талаптарды;
  • мамандық пен кәсіби қызмет туралы ұғымды;
  • мамандық таңдау ережелерін;
  • кәсіптік еңбектің мүддесі, уәждемелері мен құндылықтары туралы түсінікті;
  • тұлғаның мамандық таңдаумен байланысты психофизиологиялық және психологиялық ресурстары туралы ұғымды білуге тиіс.

Тәрбиеленушілер

  • өздерінің жеке ерекшеліктерін нақты мамандықтың талаптарымен ұштастыруды;
  • жеке, кәсіби жоспар жасауды және оны мобильді түрде өзгерте білуді;
  • оқу және еңбек қызметінде өзін-өзі жетілдіру әдістерін, өзін-өзі таныстыру мен сенімді мінез-құлық дағдыларын пайдалануды;
  • кәсіби қызметтің жалпы белгілері бойынша мамандық туралы ақпаратты, сондай-ақ заманауи нарық жағдайындағы өзекті нысандар мен әдістер туралы ақпаратты талдауды;
  • мамандықтарды жіктеуді, кәсіби бағдарлауға жататын «кәсіп», «мамандық» ұғымдарын ажырата білуді, т. б.;
  • кәсіптік білім алу жолдары туралы мәліметтерді пайдалануды істей алуға тиіс.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстың нысандары:

  • кәсіби бағдарлау бойынша жеке әңгімелер;
  • тестілеу және сауалнама;
  • тәрбие сағаттарын, жеке және ұжымдық әңгімелер өткізу, өндірістік объектілерге бару арқылы нысанаға алған немесе өзге де мамандықпен танысу;
  • оқу орындарына экскурсиялар;
  • тәрбиеленушілердің жанына жақын мамандықтарда жұмыс істейтін балалар үйінің қызметкерлерімен әңгіме өткізу: жүргізуші, аспаз, тігінші, тәрбиеші, психолог, әлеуметтік педагог және тағы басқа;
  • тәрбиеленушілерді уақытша жұмысқа орналастыру;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша еңбектену;
  • үйірмелердегі сабақтар.

«Менің кәсіби таңдауым» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар 

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 10-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль