«Зерттеушілер мектебі» шығармашылық тобы

23
«Зерттеушілер мектебі» шығармашылық тобы
Білім сапасын басқару мәнмәтінінде біздің балабақшаны дамыту мақсаты – шығармашылық топ құру. Олардың бірі – «Зерттеушілер мектебі».

Қазіргі білім беру саласын реформалау жағдайында педагогтың беделі, оның білім беру қызметтері түбегейлі өзгеруде, сәйкесінше оның кәсіптік-педагогикалық біліктілігіне қойылатын талаптар да өзгеруде.

Бүгінде шығармашыл, білікті, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен дамытудың қазіргі жүйесінде өзінің тұлғалық әлеуетін жұмылдыруға қабілетті педагог сұранысқа ие.

Мектепке дейінгі білім сапасы мен педагогтардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптардың артуына байланысты кадрлармен әдістемелік жұмыс жүйесі де өзгеруде, оның сипаты әр педагогтың кәсіпқойлығына байланысты.

«Зерттеушілер мектебінің» жалпы ережелері

  • · «Зерттеушілер мектебі» зерттеушілік және шығармашылық жұмыспен айналысқысы келетін балабақша педагогтарының қоғамдастығы болып табылады.
  • · Тәжірибелі педагогтардың шығармашылығын ынталандырады және өткізілетін зерттеулердің, тәжірибелі-практикалық жұмыстың және өзге қызмет түрлерінің негізінде олардың өзін өзі дамытуға, өзектендіруге және іс жүзінде танытуға деген ынтасын арттырады.
  • · Мектепке мүше болу шарттары: субъектілердің зерттеушілік және шығармашылық қызметке бейімділігі; оқу зерттеуін өткізу тәжірибесінің болуы немесе оны алуға ұмтылысы.

Жоғары санатты бес педагог «Зерттеушілер мектебінің» ерікті мүшелеріне айналды.

«Зерттеушілер мектебінің» мүшелері туралы дерекқор

Т. А. Ә. Лауазымы Білімі Біліктілік санаты
1
2
3

Мақсаты: қоғамдастық мүшелерінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, зерттеушілік біліктілікті меңгеру.

Міндеттері:

  • · Балабақша үшін өзекті зерттеулерді ұйымдастыру.
  • · Жаңа оқу технологияларын меңгеруге, дербес педагогикалық әзірлемелер құрастыруға ынталандыру.
  • · Мектеп мүшелерінің және балабақшаның педагогикалық ұжымының оң педагогикалық тәжірибемен бөлісу мақсатындағы мазмұнды диалогына арналған кеңістік.
  • · Педагогтардың дербес теоретикалық, зерттеушілік және талдамалы жұмыс дағдыларын алуы.

Қызметтері:

  • · Қатысушылардың зерттеушілік қызметті меңгеруіне жағдай жасау.
  • · Мектеп мүшелерінің жаңа педагогикалық технологияны меңгеру бойынша қызметін ұйымдастыру.
  • · Педагогтар арасында зерттеушілік қызметтің болашағын арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • · Мектеп мүшелерінің біліктілігін және дербес теоретикалық, зерттеушілік және талдамалы жұмыс тәжірибесін арттыру.
  • · Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
  • · Балабақшаның педагогикалық ұжымымен тәжірибе алмасу.

Мәжілістер мерзімділігі: «Зерттеушілер мектебінің» оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2 айда 1 рет.

Зерттеу тақырыбы: «Мәселелі-диалогтық технология»

Мәселелі-диалогтық оқыту теоретикалық және іс-тәжірибелік қиындықтарды, міндеттерді мәселелі жағдайлардың көмегімен шешуге негізделген. «Мәселелі-диалогтық технологияның» мәні: бала ересектің жетекшілігімен жаңа білімді ашады, өз бетімен ойлануға, жүйелеуге, талдауға және жетпеген деректерді толықтыруға машықтанады.

Жыл бойы тақырыптық жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.

«Зерттеушілер мектебінің» 2016/2017 оқу жылына арналған тақырыптық сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Өткізу түрі Өткізу күні Орындаушылар
1 1-сабақ. 
«Зертеушілер мектебінің» құрамын бекіту. Мәжіліс тақырыбын бекіту. «Мәселелі-диалогтық технологияның» мақсаттары мен міндеттері. Теоретикалық зерттеу
Ұйымдастырушылық сабақ Қазан
2 2-сабақ. 
Таным процесін ұйымдастыру кезеңдері, «Мәселелі-диалогтық технологияның» дамыту сұрақтарының және тапсырмаларының құрылымы
Нақты жағдайларға талдау жасалған дәріс-практикум Желтоқсан
3 3-сабақ. 
Мәселелі-диалогтық жағдайды талқылауда оқиғаларды түсіндіру логикасын құру алгоритмі. Мәселелі жағдай құру тәсілдерін зерттеу
Өзара оқыту сабағы Ақпан
4 4-сабақ. 
«Мәселелі-диалогтық технологияның» зерттеу тәжірибесін ұсыну
Балабақшаның іс-тәжірибесіне енгізу Сәуір

«Зерттеушілер мектебінің» жұмысы барысында 4 сабақ өткізілді, барлық педагогтар шығармашылық топтың жұмысына белсене қатысты.

Бірінші сабақта «Зерттеушілер мектебінің» құрамы бекітілді. Мәжілістер тақырыбы бекітілді. Мектеп директоры қатысушыларды аталған технологияның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Педагогтар осы ұсынысты бірауыздан қабылдады және мәжілістер тақырыбын бекітті.

Екінші сабақ нақты жағдайларға талдау жасалған дәріс-практикум түрінде өтті.

Мұнда «Мәселелі-диалогтық технологияның» дамытушы сұрақтары мен тапсырмаларын түсіну процесін ұйымдастыру кезеңдері» қарастырылды.

Сабақ баяндамамен басталды. Мұнда «Мәселелі-диалогтық технология» туралы мәліметтер толық берілген, оған мыналар кіреді

  • – баланың белсенділігін ояту;
  • – болып жатқан өзгерістердің мәнін іздеу және диалог, пікірталас арқылы жаңа білімді ашу;
  • – алға қойған мақсаттың қызмет нәтижесіне сәйкестік деңгейін рефлексиялау және тіркеу.

Таным кезеңдері аталып өтті:

  • 1-ші кезең – «таңдану» сәті, бұл қызығушылық тудырады, жаңашылдықтан тұрады. Бұл кезең баланы мәселелі жағдайға қояды, белсенділігін оятады.
  • 2-ші кезең – балалардың логикалық ойлауын белсендіретін және дамытатын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі. Шешім іздеу кезеңінде ол ой қорытындыларының тізбегін құрады, ал бұлар оны жаңа білімге жетелейді.
  • 3-ші кезең «Білгіміз келеді және білдік» ұранымен жүзеге асырылады.

«Дамыту сұрақтары мен тапсырмалары құрылымының кестесі» беріледі. Барлық сұрақтар мен тапсырмалар мынадай түрге бөлінеді: репродуктивтік, өнімді, эвристикалық, мәселелі-ізденушілік, шығармашылық. Әр түріне сай сұрақтар берілген, олар кестеде көрсетілген, қатысқандардың қолында оның қағаздағы нұсқасы болады.

А. С. Пушкиннің «Балық пен балықшы туралы ертегісінің» мысалында «дамыту сұрақтары құрылымының» барлық түрі әзірленді. Педагогтар кестеге сүйене отырып, көркем әдебиет бойынша әр сұрақ түрі бойынша сұрақтар мен тапсырмалар құрастыруға жаттықты. Мысалы, эвристикалық сұрақ: «Қарт өзі үшін не сұрар еді?». Өнімді сұрақ: «Қарт қандай қателік жібереді және кемпірдің ашкөздігін ушықтырмау үшін қандай шара қолдану керек еді?

Сабақ интерактивті тақтаны қолдану арқылы қызықты әрі қызу өтті.

Үшінші сабақ – өзара оқыту сабағы.

Келесі баяндамашы қатысушыларды сабақ тақырыбының бірінші бөлімімен таныстырады. Мәселелі жағдайды талқылауда оқиғаларды түсіндіру логикасының қалай құрылатынын айтып береді. Бұл алгоритм мынадай:

мәселелі жағдайды талдау →

мәселені көтеру →

жетпейтін ақпаратты іздеу және болжамдарын ұсыну →

болжамдарды тексеру және жаңа білім алу →

мәселені міндетке көшіру →

міндетті шешу тәсілін іздеу →

шешім →

шешімді тексеру →

шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Баяндамашы мәселелі жағдайды құру тәсілдері жөнінде айтып берді. Бүкіл ақпарат кесте түрінде берілген, бұл қатысушылардың аталған мәселені жақсы түсінуіне мүмкіндік берді. Тәсілді құрмас бұрын мәселелі жағдай түрін, қарама-қайшылықтар түрін және мәселелі жағдайды құру тәсілінің өзін бөліп көрсету керек. Мәселелі жағдайдан ынталандыратын диалогты ойластыру керек.

Балалармен жұмыс барысында ынталандырушы тәсіл қажет, бұл «ашық дақ» – көңіл аударатын материал. Мұндай дақ ретінде ертегілер, көркем әдебиеттің үзінділері, күнделікті өмірде болған жағдайлар, әзілдер қолданылуы мүмкін. Бір сөзбен айтсақ, көңіл аудартып, балалардың назарын аударуға қабілетті әрі талқыланатын тақырыппен байланысты кез келген материал.

«Болжамдарды ұсыну және тексеру» тәсілі балаларды идеяларды, болжамдарды ұсынуға бағыттау қажеттілігімен маңызды. Болжамды ұсыну дегеніміз – болжам жасау, тұспалдау, оның жалғандығын немесе шынайылығын тексеру. Тексеруден өткен болжам шешуші деп танылады, қалғандары – қате болжамдар.

Іс-тәжірибелік мысалдар келтірілді.

Төртінші сабақтың тақырыбы: «Мәселелі-диалогтық технологиялар» зерттеулер тәжірибесін ұсыну.

«Мәселелі-диалогтық технологиялар» зерттеулерін меңгеруге шығармашылық тұрғыдан келу нәтижеде көрініс табады. «Зерттеушілер мектебінің» мүшелері балабақша педагогтарымен осы нәтижелерімен бөлісті:

  • · Аталған технология бойынша бүкіл теоретикалық материал жинақталды. «Зерттеушілер мектебінің» мүшелерінің дәрістері мен сөйлеген сөздері, презентациялардағы көрсетілім материалдарымен қоса берілді.
  • · «Мәселелі-диалогтық технология». Теоретикалық зерттеу.
  • · «Мәселелі-диалогтық технологияның» дамытушы сұрақтары мен тапсырмаларын түсіну процесін ұйымдастыру кезеңдері.
  • · Мәселелі-диалогтық технологияны талқылауда оқиғаларды түсіндіру логикасын құру алгоритмі.
  • · Мәселелі жағдай құру тәсілдері.
  • · «Мектеп жасына дейінгі балалармен өткізілетін сабақтардағы мәселелі-диалогтық жағдайдың» картотекасы жасалды. Мұнда математика, қоршаған ортамен танысу, қауіпсіздік негіздері, сауат ашу, экология, құрылымдау бойынша, сондай-ақ сюжеттік-рөлдік ойындарда, серуендеуді бақылау барысындағы әртүрлі жағдайлар ұсынылды.

Бүкіл әзірленген материал қолдануға ыңғайлы болу үшін әдістемелік кабинетте орналасқан.

+

Шығармашылық топ осы бағыт бойынша жұмыс істей отырып, өз қызметінде әртүрлі жұмыс нысандарын пайдаланды. Әдістемелік жұмыс білім беру үдерісінде маңызды орын алады, себебі ол әр педагогтың біліктілігін арттыруға, өз тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін қызмет түріне қосылуына жағдай жасайды. Әдістемелік жұмыстың барлық нысандары педагогтардың біліктілігі мен шеберлігін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: № 10-2017 «Білім беру ұйымының әдіскері» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль