Сынып жетекшісі: ол не істеуге тиіс, істей алады және істеуге құқығы жоқ

27
Сынып жетекшісі: ол не істеуге тиіс, істей алады және істеуге құқығы жоқ
Сынып жетекшісі: ол не істеуге тиіс, істей алады және істеуге құқығы жоқ
Мектептің басты міндеттерінің бірі – білім беру процесі кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл талап бұзылған кезде білім беру ұйымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауапкершілікте болады.

Оқу процесі барысында туындауы мүмкін, неғұрлым көп кездесетін әдеттегі жағдайларды қарастырайық. Мұндай сәттер әдетте ата-аналармен, сондай-ақ педагогикалық ұжымдағы жанжалға алып келеді.

5-ші сынып оқушысы үзіліс кезінде бір кабинеттен екіншісіне ауысқанда құлап, тізесін жарақаттап алды. Орын алған оқиғаға кім жауап береді?

Баланың тартқан зардабы салғырттықты және мектеп тарапынан балаларға тиісті бақылаудың жоқтығын байқатады.

Мектеп әкімшілігі балалар оқу орнының қадағалауында болған кезде олар үшін толық жауапкершілікті мойнына алады.

Бұл талаптар «Білім туралы» ҚР Заңының 45-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында регламенттелген, оған сәйкес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіпте оқу-тәрбие беру процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін толық жауапкершілікте болады.

Сынып жетекшісі балаларға айғайлауға құқылы ма?

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, педагог (сынып жетекшісі) жасына, жынысына, ұлтына, дінге көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, оқушылар мен олардың ата-аналарының (немесе өзге заңды өкілдерінің) ар-намысы мен абыройын құрметтеуге міндетті.

Оқушыларға қатысты физикалық, моральдық және психикалық зорлық көрсетуге жол берілмейді.

Сынып жетекшісі сабақ өткізу кезінде оқушымен сөзге келіп қалды, ашумен баланы сөзбен жәбірлеп, сыныптан күшпен шығарып жіберді. Педагог үшін қандай жауапкершілік шаралары көзделген?

Сынып жетекшісі мектеп деңгейінде тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

Сынып жетекшісі үшін де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК131-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген, қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту – 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

Оқушы денсаулығына медициналық қызметкер айғақтаған жеңіл түрде зиян келтіріп (қасақана), қол жұмсағаны үшін  сынып жетекшісі ҚР ҚК 108-бабына сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Сонымен бірге ҚР ҚК 140-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Кодекстің аталған бабына сәйкес, жауаптылық ата-аналарға немесе оларды ресми ауыстыратын тұлғаларға ғана емес, педагогтарға немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыратын оқу орнының басқа да жұмыскерлеріне жүктеледі.

Егер жоғары сынып оқушысы заңға қарсы әрекет жасау кезінде:

  • алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді қолдану;
  • қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысу;
  • қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамау немесе тиiсінше орындамаған жағдайда ұсталса, мектеп әкімшілігі бала үшін ата-аналармен бірдей жауаптылықта болады.

Сынып жетекшісі екінші сынып оқушыларымен бірге хайуанаттар бағына шықты. Экскурсияның соңында ғана педагог бір оқушының жоқ екенін байқады. Кейін анықталғандай, бала хайуанаттар бағында көршісін кездестіріп, сонымен бірге кетіп қалған. Мұндай жағдайда мұғалім қандай жазаға тартылады?

Экскурсияда оқушыны «жоғалтып», бұл ретте егер оқушы зардап шекпесе, мұғалімге тәртіптік жаза (ескерту немесе сөгіс) қолданылады.

Егер бұл уақытта балаға бірдеңе болған жағдайда бірінші кезекте мектеп, сондай-ақ мұғалім жауапкершілікке (тәртіптік жаза, регресс, қылмыстық іс) тартылады.

10-сынып оқушысы орта буын оқушыларын әлдебір ұйымға, клубқа (нақты алғанда – сектаға) кіруге үгіттеген. Ол әртүрлі сипаттағы үндеу буклеттерін, үнпарақтарды таратып, өздерінің жиынына белсенді түрде шақырған. Алаңдаған ата-аналар мектеп директорына келіп, жасөспірімді жазалауды талап етті. Ол қандай да бір жауапкершілікке тартыла ма?

Жасөспірім өтпелі жаста болғанына қарамастан, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Жауапкершілік толығымен мектепке, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында үгіт материалын заңсыз таратуға жол берген нақты педагогтарға жүктеледі.

Оқушы қыз мектепке бармаған (ата-анасына айтпастан). Көшеде (сабақ уақытында) ол жарақат алды. Баланың басында орын алған жағымсыздық үшін мектепке жауапкершілік жүктеле ме?

Жоқ, жүктелмейді, өйткені бала мектептің қадағалауынсыз жерде жарақат алды.

Егер сынып жетекшісі оқушыны психологиялық қудалады деп айыпталса

Балалар ұжымындағы психологиялық қудалаумен байланысты жанжалға қатысудағы рөліне байланысты, педагог әртүрлі жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

  • тәртіптік;
  • азаматтық-құқықтық;
  • әкімшілік;
  • қылмыстық.

Сынып жетекшісі агрессор (психологиялық қудалаудың арандатушысы), куәгер немесе қатысушы және құрбан рөлінде көрінуі мүмкін.

Мұғалімнің қатысуымен баланы психологиялық қудалау жағдайларында кемсіту, жәбірлеу, оқушының білім алуы мен еркіндігі құқығын бұзушылық (мәселен, сабақтан үзбей шығарып жіберу кезінде) белгілері болса, әкімшілік жауапкершілік туралы сөз етуге болады.

Сынып жетекшісінің тәртіптік жауапкершілігі оның кінәсінен еңбек тәртібі бұзылғанда туады.

Тәртіптік жаза түрлері:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • тиісті негіздемелер бойынша босату.

Егер педагог баланы оның құрдастары немесе басқа педагогтар қудалағанын көзімен көрсе, бұл ретте араласуды жөн көрмей, көмекке келмесе, ҚР ҚК «Қауiптi жағдайда қалдыру» делінетін 119-бабынасәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аталған баптың 1-тармағына сәйкес, өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына қарай немесе өзге де дәрменсiз күйi салдарынан өзiн-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, егер кiнәлi адамның сол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған немесе сол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйге өзі түсірген жағдайларда, 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Баланың мектепте алған жарақаты туралы

Мектепте жасөспірім ұлдар арасында төбелес жиі болып тұрады, оның барысында балалар белгілі бір немесе өзге жарақаттарды жиі алады. Сондай-ақ бала дене шынықтыру сабағында да жарақат алуы мүмкін. Аталған жағдайда жауапкершілік мұғалімге ғана емес, мектепке жүктеледі. ҚР Азаматтық кодексінің 921-бабына сәйкес, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде жұмыскерге келтірілген зиянды жұмыс беруші өтейді. Сондықтан мектеп баланы емдеуге жұмсалатын барлық шығындарды ата-аналарға өтеуге міндетті.

Егер жасөспірім төбелес кезінде немесе балалардың бірі үстемдік еткен мінез-құлқының кесірінен жарақат алса, жауаптылық педагогқа жүктеледі. Ол мектептің өкілі болып табылады, оқушылардың денсаулығына ең аз мөлшердегі зиянның келтірілуіне жол бермес үшін барлық шараларды қолдануға міндетті. 

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 10-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль