Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

33
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Қазақстан білім алуға жинақтау жүйесін енгізген және іске асырған ТМД шекарасындағы алғашқы әрі жалғыз мемлекет.

2013 жылғы маусымда ҚР-да Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бағдарламасы (бұдан әрі ­– МБЖЖ) («Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР 14.01.2013 ж. № 67-V Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілген) іске қосылды. Бұл тек біздің республикамызда ғана емес, шет елде де нақты білім алуға қаражат жинауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның операторы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Салымшыларды мазалайтын негізгі мәселе – салымдарының сақталуы мен кепілдік берілуі. Заңмен салымның сақталуының барлық мүмкін нұсқалары қарастырылған, атап айтсақ: аталған депозит жеке тұлғалардың 10 млн теңгеден аспайтын сомадағы Депозиттеріне кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

Сонымен бірге, жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар кез келген себеп бойынша білім беру жинақтау депозиттерінде қаражатқа тыйым және басқа да шектеулер қоюға құқылы емес. Мұндай депозиттердің толық сақталуы ҚР Азаматтық кодексімен, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен, ҚР Азаматтық процессуалдық кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңымен, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңымен қамтамасыз етіледі.

Инфляцияның жоғары деңгейінде немесе экономикада өзге өзгерістер орын алған жағдайда мемлекеттік сыйақы мөлшерін ұлғайту жағына қайта қарау қарастырылған.

МБЖЖ ерекшелігі ҚР барлық азаматтарының өз атына не баласының атына ұзақмерзімдік салым ашу мүмкіндігінде, оны болашақта Қазақстанда және шетелде білім алу үшін жұмсауға болады. Бұл ретте аталған салымға банк сыйақысы ғана емес, сонымен бірге жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы қосылады.

МБЖЖ негізгі шарттары:

  • білім беру жинақтау салымына жинау мерзімі – до 20 лет;
  • ең аз бастапқы жарна 3 АЕК мөлшерінде (2017 жылы ол 6 807 теңгені құрайды);
  • салым ашуға қажетті ең аз құжаттар пакеті (ата-аналардың біреуінің жеке куәлігі, туу туралы куәлік);
  • салым бойынша сыйақы ставкасы – 14 % жылдық мөлшерлемеге дейін;
  • мемлекеттің сыйлықақысы банктің жылдық сыйақысының ең көп мөлшерін ескере отырып, бүкіл салым сомасына қосылады, мемлекеттің жылдық сыйлықақысының ең көп мөлшері – 100 АЕК (226 900 теңге) мөлшерінде:

1) 7 % – басымдыққа ие санаттары үшін: жетім балалар, ата-ананың қоамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасынан және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;

2) 5 % – халықтың басқа санаттары үшін.

Банктің сыйақысының және мемлекеттің сыйлықақысының сомасы капиталға айналдырылады.

Білім беру жинақтау жүйесінің тек кепілдендірілген жоғары білім алуға ғана емес, сонымен бірге 30-дан 70 %-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі ескерілген.

Салымшы баланың немесе өзінің атына қатысушы банкте білім беру салымын ашады, болжамды жинау мерзімін, жинақтың болжамды сомасын және салымдар мерзімділігін өз еркімен және өздігімен белгілейді.  Бұл салымшының депозитін өзіне ыңғайлы кез келген уақытта және кез келген қолжетімді сомаға толтыра алатынын білдіреді. Білім беру дпеозиттері салымшыларының шеңбері шектелмеген, яғни кез келген үшінші тұлға депозит ашқан банктің кез келген қаладағы бөлімінде толтыра алады.

Білім беру жинақтау салымын кез келген уақытта мерзімінен бұрын шешіп алуға және жинақтарыңды банктің сыйақысымен бірге кері қайтаруға болады. Бірақ депозитті мерзімінен бұрын жапқанда оған қосылған мемлекеттік сыйлықақы  алынып, бюджетке қайтарылады.

Бала грантқа түскен жағдайда салымшы құқылы

  • қаражат жинауды жалғастыруға;
  • білім  беру салымын ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру салымына ауыстыруға;
  • білімнің басқа деңгейлеріне төлеу үшін қолдануға (магистратура);
  • бүкіл қаражатты банктің сыйақысымен және мемлекеттің сыйлықақысымен бірге шешіп алуға. 

Жалғасын  № 10-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль