Мальвина жоғалып кетті

1
Мальвина жоғалып кетті
Мальвина жоғалып кетті
Ересек топтағы жаңажылдық ертеңгіліктің сценарийі

Сәлем, сәлем, жаңа жыл!


Мақсаты:

  • балаларды мерекеге қатысуға тарту,сиқырлылық, құпиялылық ортасын құру;
  • игі іс жасау ниетін тәрбиелеу;
  • балалардың қатынас сапаларын, әртістік қабілеттерін, жаңажылдық қойылымды эмоционалды елеуін дамыту.

 Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Шыршаның жанында өлең оқиды.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

 

Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.


Куранттар дүрсілі ойнайды. Балалар залға кіреді және шыршаның жанына тоқтайды.

Аяз ата.

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,

Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!

Қазағымның айқара ашып есігін,

Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

 

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

 

Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,

Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!

Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,

Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.

Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,

Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!

Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,

Сәбиімнің бұза көрме тынышын!

 

Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,

Жаңа жылым, достық үнін таратқан!

Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,

Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!

Жаңа жылым, ырысы мол, дана бір,

Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр!

Өз еліме ала келсін қашанда,

Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр!

 

«Қызығамыз шыршаға» хороводы

(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі,

нотасын № 11–2016 ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналынан қараңыздар)

Балалар өлең оқиды.

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Балалар бірге. Көз тоймайды қараса.

 

Тауда туып, тауда өсіп,

Шырша келді ортаға,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз!

 

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

 

Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала,

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз!

 

Жаңа Жылдың түнінде

Шамын жақ та үміттің,

Жаман ойды түңілген

Жағып жібер, ұмыт қыл. 

 

«Елочка, здравствуй!» хороводы

(музыкасы мен сөзі Ю. Михайленконікі)

Балалар орындыққа отырады.

Аяз ата үлкен сәлемдемені көрсетеді.

Міне, Антарктидадан сәлемдеме

Пингвиндер балаларға жіберуде!

Ақшақар сәлемдемені ашады, ішінен пингвиндер шығады.

Пингвин.

Мен жалғыз емеспін,

Біз өте көппіз.

Тұрамыз ортасында мұздың

Және қатып қалмаймыз.

 Пингвиндер биі

(«Летка-енка» әуені бойынша)

Бидің соңында пингвиндер шыршаның артына кетеді және үлкен кітапты алып шығады.

1-ші пингвин. Антарктидадағы достарымыз бізге сиқырлы кітап жіберіпті.

2-ші пингвин.

Осы кітаптың ортасында

Бар қызықты суреттер.

Қызықты ертегі де бар,

Бәрін оқып алыңдар.

Ақшақар бірінші парағын ашады, мұнда мұңлы Буратиноның, Пьеро мен Артемонның суреті салынған.

Ақшақар. Аяз ата, балалар, мына кітапқа қараңдаршы, қайғы жағдай болған сияқты.

Аяз ата. Ертегінің кейіпкерлеріне жан бітірейік, сөйтіп не болғанын білеміз.

Сиқырлы таяқшасын алып, былай дейді.

Тирли-тирли-тирли дон,

Кітап үйін ашамыз.

Мұнда ертегі тұрады,

Кейіпкерлерді шақырамыз.

Таяқшасын кітапқа тигізеді. Кітаптың ішінен Буратино, Пьеро, Артемон шығады.

Аяз ата. Сендер неге қайғырып отырсыңдар? Бүгін мереке ғой! Бәрі қуанып, билеп, көңіл көтеруде.

Буратино. Біз Мальвинаны жоғалтып алдық. Карабас Барабас келгенше оны табуға тиіспіз.

Артемон. Гав-гав-гав. Сендерге мерекеге барамын деп жиналып жатқан, сөйтіп жоғалып кетті.

Пьеро.

Кімге барамыз, достарым?

Мальвина – қалыңдығым жоғалды.

Жылап отырмын, не істеймін.

Оны қалай табамын.

Аяз ата. Тыныштал, Пьеро, тынышталыңдар, қуыршақтар, біз сендерді ренжітпейміз және Мальвинаны да құтқарамыз.

Ақшақар. Ендеше кітаптың келесі бетін ашайық, Мальвина басқа ертегіге кетіп қалған шығар.

Аяз ата.

Тирли-тирли-тирли дон,

Кітап үйін ашамыз.

Ол кітапта ертегі бар,

Кейіпкерлерді шақырамыз.

Залға пештің үстінде отырған Емеля кіреді және «Ах, вы, сени» әнін әндетеді. Шыршаның алдына тоқтайды.

Емеля. Мәссаған! Мына жерде қаншама адам, бала, аңдар жиналған! (Күледі) Қояндар мен аюлар да келіпті. Менің сазаным бәріңді сиқырлап алған ба!

Аяз ата. Емеля, сен одан да балалармен амандас.

Емеля (Аяз атаға қарап). О-о-о! Міне, құрметті патшамыздың өзі. (Ақшақарға қарап) Күлмес те осында?

Аяз ата. Мен ешқандай да патша емеспін. Мен Аяз атамын. Қане, пештен түс!

Емеля. Міне… Патша емеспін дейсің, алайда маған бұйырасың. Маған пештің үстінде отырған ұнайды, жып-жылы, ал сен сұп-суықсың. Сен неге сұп-суықсың?

Аяз ата. Мен сағат Аяз атамын дедім ғой. Қазір қатырып тастаймын, көр де тұр!

Емеля. Қане, байқап көрші. Тек аналарды да қатырып таста (балаларды көрсетеді).

Жалғасын  № 10-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль