Менің тәуелсіз Қазақстаным!

9
Менің тәуелсіз Қазақстаным!
Менің тәуелсіз Қазақстаным!
ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектеп жасына дейінгі балаларға арналған викторина

Бір шаңырақтың астында


Мақсаты:

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімді бекіту;
  • эмоционалды саланы дамыту, шығармашылық әлеуетті және өзін өзі танытуға деген ынтасын ашу;
  • балалардың елжандылық сезімін, туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Қостілді компонент: отан – родина, ту – флаг, әнұран – гимн, елтаңба – герб, жұлдыз – звезда, Тәуелсіздік күні – День независимости.

Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар! Сіздерді ғажайып мереке, әр қазақстандық үшін маңызды күн – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Балалар өлең жолдарын оқиды.

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсездік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Тәуелсіз Қазақстан! 

Әнұраным – жан ұраным, 

Айтар әнім – сөйлер сөзім, 

Туған жерім сағынарым, 

Мәңгі бақи шырқалады, 

Республика әнұраны.

ҚР әнұраны

Жүргізуші. 1991 жылғы 16 желтоқсанда елімізде «Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік туралы» ҚР Конституциялық заңы қабылданды. Бүгін осы керемет мерекеге орай «Менің тәуелсіз Қазақстаным» атты сайыс өткіземіз.

Жүргізуші командаларды таныстырады.

Біз сайысымызды қуаныш шеңберінен бастаймыз. Шеңберге тұрып, көгілдір жолақтың ұшынан ұстаймыз және мұны мемлекетіміздің шекарасы деп елестетеміз. Оны жоғарыға көтеріп, шеңбердің ішіне кіреміз, ал жолақ сыртымыздан қоршап тұрады. Біз ішінде тұрмыз, яғни біз еліміздің азаматтарымыз, ал отанымыз бізді қорғайды әрі қамқорлық танытады.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Бала өлең оқиды.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім – Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

«Родина моя, Казахстан!» әні

(музыкасы мен сөзі Л. Л. Воеводскаянікі)

«Біздің еліміздің рәміздері» конкурсы

Командалар еліміздің елтаңбасы мен туы туралы айтып беруі тиіс.

Елтаңба. Қазақстанның елтаңбасында екі тұлпар, шаңырақ және бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

Тұлпар – ертегідегі пырақты сәйгүлік. Қазақстанның елтаңбасында бейнеленген тұлпарлар болашақ туралы арман мен ұшу биіктігін бейнелейді.

Шаңырақ – қазақтң дәстүрлі баспанасы киіз үйдің бөлшегі. Ол қара шаңырақ пен бүкіл әлемді білдіреді.

Жұлдыз – Қазақстан халықтарының ортақ ойының нышаны.

Бала өлең оқиды.

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлг,і

Киесіндей жерімнің.

Ту. Ту – аспан секілді көгілдір түсті, мұнда шұғылалы күн мен көкте қалықтап жүрген бүркіт бейнеленген.

Бүркіт – Қазақстанда құрметке ие құс. ҚР мемлекеттік туындағы дала бүркіті жомарттық пен қырағылықты, қазақстандықтардың ізгі ниетін білдіреді.

Бала өлең оқиды.

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Жүргізуші. Ал қазір шағын музыкалық үзіліс.

Балалар өлең оқиды.

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Көк аспандай көкпеңбек ­–

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

«Республика моя независимая» әні

(музыкасы мен сөзі Л. Мельникованікі)

«Туды жина» конкурсы

Балаларға Қазақстан туының үлгілері үлестіріледі (көгілдір үшбұрыш, қызыл шеңбер, көк үшбұрыш, күн, гүлдер, сары қыран, жапырақтар және т. б.). Командалар тақтаға Қазақстанның туын құрастырады.

Конкурстан кейін – Қазақстанның туы туралы фильм көру.

Жүргізуші. Көшпенділердің көшпелі баспанасы қалай аталады? Қонақтарға киіз үйді қалай тез әрі әдемі етіп тұрғызуға болатынын көрсетеміз.

«Киіз үй тігу» ойыны

(қазақ халық ойыны)

Балалар ойынға қажетті атрибуттардың жанына 3 шеңбер құрып тұрады (қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген матадан тігілген шеңбер). Қол ұстасып шеңбермен жүреді, әр шеңбер – «киіз үйдің» жанында. Музыканың 2-ші бөлімінде (жедел) балалар залмен жылжиды: қыздар қолымен әдемі қимылдарды орындайды (білектерін айналдырады), ұлдар атшабысты бейнелейді (жігіттер «жайлауда» шабады). Музыка тоқтағанда балалардың бәрі шеңберлеріне жүгіріп барып, «киіз үйді» көтереді. Киіз үйді алғашқы болып «тіккен» команда жеңіске жетеді.

Жалғасын  № 10-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль