Күз тамшылары

40
Күз тамшылары
Күз тамшылары
Ортаңғы топ балаларына арналған күз мерекесінің сценарийі

Күз балаларда қонақта 


Мақсаты:

  • күз жапырақтарымен ырғақты, мәнерлі қимылдау машықтарын қалыптастыру, ән айтуды музыкамен және қимылдармен келісу дағдысын бекіту;
  • балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • музыка қызметіне және бірлескен шығармашылыққа деген қызығушылықты тәрбиелеу.

«Разноцветная осень» әнінің сүйемелдеуімен (музыкасы мен сөзі Т. Морозованікі) балалар залға кіреді және жартылай шеңбер құрып тоқтайды.

Жүргізуші.

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Балалар өлең оқиды.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген!

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісті.

Күзге біз де ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жамырап.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

«Здравствуй, осень!» әні

(музыкасы Ю. Слоновтікі, сөзі Л. Некрасованікі)

Әннен кейін балалар орындықтарына отырады.

Баяу музыканың сүйемелдеуімен залға Тамшы кіреді. Ол мұңды, сиқырлы суқұйғышпен ағаштарды суарады.

Тамшы (балаларды байқамай). Менің үлкен әпкем – Күз қайтадан жұмыстарымен кетіп қалды, мен тағы жалғыз қалдым: бәрін суардым, енді ойнап, көңіл көтеретін ешкім жоқ. Мен көз жасына ұқсайтын Тамшымын ғой. Мен келгенде адамдардың бәрі жасырынып қалады. Сондықтан мен көңілсізбін. Тіпті бүгін, туған күнімде де ешкім келмеді (отыра қалып жылайды).

Жүргізуші. Балалар, Тамшыға көмек керек сияқты, оған достық ниетімізді білдіріп, бірге ойын ойнайық, оның туған күні екен.

Балалар. Сәлеметсің бе, Тамшы!

Тамшы (таңданып). Сәлем! Сендер кімсіңдер?

Жүргізуші. Біз – балабақшадан келген балалармыз. Сенің мұңды әңгімеңді кездейсоқ естіп қалып, сенімен достасып, туған күніңмен құттықтауға келдік.

Тамшы. Рахмет сендерге! Мен өте қуаныштымын!

Жүргізуші. Ал біз сенің туған күніңді туған күн емес, күз күні деп атаймыз, себебі сен күзде туғансың. Біздің балаларымызды тыңдап көрші!

Ашып өмір есігін нұрланды күн, 

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін. 

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар, 

Құтты болсын, Тамшы туған күнің!

Мейірлі жүзің болсын,

Дархан пейілің болсын.

Қайсар жігерің,

Бауырмал мінезің болсын!

Жүргізуші. Тамшы, біздің құттықтауымызды қабыл ал, әнімізге құлақ сал.

«Жаңбыр» әні

(музыкасы Ә. Қонысбековтікі, сөзі Ұ. Қонысбекованікі)

Жалғасын  № 10-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль