Дербес деректерді өңдеу

7
Дербес деректерді өңдеу
Дербес деректерді өңдеу
Барлық білім беру ұйымы дербес деректерді өңдеумен айналысады. Өңдеу – дербес деректерге қатысты кез келген іс-әрекетті қамтитын ортақ термин.

Дербес дерек субъектілерінің құқықтарын қорғау үшін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР 21.05.2013 ж. № 94-V Заңы (11.07.2017 ж. өзгертулермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Заң) қолданыста.

Жұмыс беруші жұмыскерден дербес деректерді сұрауға құқылы ма?

ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ЕК) сәйкес еңбек шартына жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, тұлғасын куәландыратын деректер енгізіледі. Сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерден белгілі құжаттарды сұрайды және еңбек шартын жасасқанда алдыңғы жұмыс орны туралы мәліметтер алады. Мысалы: еңбек кітапшасын, алған білімі мен біліктілігі, сотталғандығы (сотталмағаны) туралы мәліметтерді алады, жекелеген жұмыскерлер әскери есеп құжаттарын ұсынады.

Жұмыс беруші өзге ақпаратты сұрауға құқылы:

  • асырауындағы адамдар мен оның саны туралы;
  • кәсіподаққа мүшелігі жөнінде және т. с. с.

ЕК-нің 23-б. 2-т. 24) тарм. негізінде жұмыс беруші жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға міндетті.

Мектепте дербес деректерді өңдеу мына мақсаттарда жүзеге асырылуы тиіс

  • заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • жұмысқа орналасуға ықпал ету;
  • оқыту және қызметте ілгерілеу;
  • жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • атқарылатын жұмыс мөлшері мен сапасын бақылау;
  • мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.

Жұмыс беруші кейбір жағдайларда өзге ақпаратты сұрауы мүмкін.

Заңның 1-б. сәйкес

  • дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;
  • дербес деректердi бұғаттау – дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер;
  • дербес деректерді жинақтау – дербес деректерді қамтитын базаға дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер;
  • дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
  • дербес деректердi жою – жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
  • дербес деректердi иесiздендiру – жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң дербес деректер субъектiсіне тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
  • дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі – база) – ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы;
  • дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны ҚР заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
  • дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
  • дербес деректерді қорғау – осы Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
  • дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер;
  • дербес деректерді сақтау – дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер.

Заңның 5-б. сәйкес  Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау:

  • адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  • заңдылық;
  • қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы;
  • субъектілер, меншік иелері және операторлар құқықтарының теңдігі;
  • жеке бастың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мектепте дербес деректерді өңдеу деп автоматтандыру құралдарын қолдана отырып немесе мұндай құралдарды қолданбастан дербес деректермен жүргізілетін кез келген іс-әрекетті (операцияны) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығын атауға болады. Мысалы, дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), табу, қолдану, жіберу (тарату, өткізу, қолдану), иесіздендіру, бұғаттау, жою, алып тастау.

Заңның 7-б. сәйкес мына жағдайларды қоспағанда дербес деректерді жинау, өңдеу  субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады:

  • құқық қорғау органдары мен соттардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асырған;
  • мемлекеттік статистикалық қызметті жүзеге асырған;
  • дербес деректердi мiндеттi түрде иесiздендiру шартымен оларды статистикалық мақсаттар үшiн мемлекеттік органдар пайдаланған;
  • ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар iске асырылған;
  • егер субъектiнiң немесе оның заңды өкілінің келiсiмiн алу мүмкiн болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған;
  • адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнамасының талаптары сақталған жағдайда журналистiң заңды кәсiптік қызметi және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызмет жүзеге асырылған;
  • ҚР заңдарына сәйкес дербес деректер, оның iшiнде сайланбалы мемлекеттiк лауазымдарға кандидаттардың дербес деректерi жарияланған;
  • ҚР заңдарына сәйкес субъект дербес деректерді ұсыну жөніндегі өз міндеттерін орындамаған;
  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган ҚР заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;
  • ҚР заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

Жұмыскерді жалған ақпарат бергені үшін жұмыстан шығаруға бола ма?

ЕК-нің 37-б. сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

Түйіндемеде көрсетілген мәліметтердің нақтылығы жұмыскердің сынаққа шыдаған-шыдамағандығына қатысты емес. Сынақ оның тапсырылған жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

Егер жұмыскер еңбек шартының және өзінің міндеттерін регламенттейтін барлық жергілікті актілердің талаптарын орындаса, алайда жұмыс сапасы жұмыс берушінің көңілінен шықпаса, демек еңбек шарты мен жергілікті актілер сауатсыз құрастырылған. Егер құжаттар мектептің спецификасын ескере отырып құрастырылса және жұмыскер барлық талаптарды орындаса, оған қатысты шағымдар болмауы тиіс.

Жұмыскер дербес деректерінің өзгергені туралы ақпаратты ұсынуға міндетті ме?

Дербес деректер субъектісі мектепке дербес деректерін қалауына қарай өңдеуге келісім береді, себебі дербес деректерді оның келісімінсіз ұсыну заңнамамен кепілдендірілген өз еркін білдіруін шектейді.

Заңның 13-б. сәйкес  дербес деректерді өзгертуді және толықтыруды меншік иесі және (немесе) оператор субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтініш жасауы (сұрау салуы) негізінде не ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырады.

Мекенжайы мен телефон нөмірін білу жұмыскермен байланысу үшін маңызды. Тегін, ЖСН білу жұмыс берушінің салықтарды төлеуі үшін қажет. Отбасының құрамы және жеке өмірінің өзге жағдайлары туралы ақпарат еңбек қатынастары мәселелерінде шешім қабылдауда, жұмыскерге жеңілдіктер, басымдықтар және т. с. с. бергенде қажет болуы мүмкін.

Дербес деректерді қанша уақыт бойы сақтау керек? 

Жалғасын  № 9-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль