text
MCFR.KZ Образование

Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың жаңа тәсілдері

  • 10 октября 2018
  • 117
Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың жаңа тәсілдері
Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың жаңа тәсілдері

Осы мақалада білімді жаңғырту жағдайында алғашқы саты оқушыларын оқытудың жаңа тәсілдерін іске асыру мәселелері қарастырылады. Осы үдерістегі мұғалімнің рөлі айқындалады, сондай-ақ білімді жаңғыртудың негізгі бағыттары мен бастауыш мектептің оқу бағдарламасының ерекшеліктері қарастырылады.

Біздің қоғамның өзекті мәселелерінің бірі құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайға бейімделген бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту – бұл орта білім берудің үлгісін, оның құрылымын, оқыту мен тәрбие тәсілдерін, әдістерін қайта қарастыру, оқушылардың жетістіктерін бағалаудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу. Білім мазмұнын жаңартудың аясындағы іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына жайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады.

Қазіргі кезде оқу үдерісін технологияландыру мен педагогикалық инновацияларды енгізудің артықшылықтары жөнінде көп айтылуда. Оқушылардың ынтасын қалай арттыруға болады? Мектепті қалай SMART-білім беру ортасына айналдырамыз? Мектепте тұлғаның адамгершілікті-рухани сапасының дамуын ынталандырушы ізгілікті білім беру ортасын құруға не ықпал етеді?

Білім беруді жаңарту белсенді оқытуды тұспалдайды, оны құрылған коллаборативтік орта мен оқуды саралау, пәнаралық байланыстарды іске асыру жағдайында жүргізу керек. АКТ-ны, диалогтық оқытуды, оқушылардың сұраныстарын зерделеу міндетті болып табылады.

Білімдегі сапалы өзгерістерді мұғалімнің оқу үдерісіне деген жаңа көзқарасынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Мұғалімдер

  • оқудың жағымды ортасын құруы, барлық оқушыларды тартуы;
  • оқушылардың сенімін, жауаптылығы мен белсенділігін тәрбиелеуі;
  • дұрыс әдістер мен оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдануы;
  • топтық (жалпы сыныптық және шағын топтардағы жұмыс), жеке немесе жұптық тапсырмаларды ұйымдастыруы және жоспарлауы, белгіленген мақсаттарға сәйкес жоспарланған сабақтарды өткізу материалдарын, ресурстары мен қосалқы материалдарын тиімді қолдануы;
  • түсіндіргенде қарапайым, түсінікті тілді қолдануы;
  • оқушыларды қадағалауы және нәтиже шығаруға тырысуы тиіс.

Бастауыш мектеп бала тұлғасының қалыптасуында, оның қабілеттерінің біртұтас дамуында негізгі рөл атқарады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Білімнің бастауыш сатысының мақсаттары:

  • баланың даралығын ашу;
  • оның қоршаған орта туралы білімін зерделеу;
  • оқу ниеті мен машығын, яғни танымдық уәждемесін қалыптастыру.

Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары

  • жас ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын дамытуға;
  • адам, табиғат және қоғам туралы пропедевтикалық білімді қалыптастыруға;
  • рухани-адамгершілікті құндылықтарын дамытуға;
  • оқытудың функционалдық дағдыларын: санау, оқу, жазу, ойын логикалық түрде жеткізу, себеп-салдарлық байланысты орнату машықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылардан күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау жүйесіне баса назар аудару керек.

Бағалаудың негізгі қағидаттары:

  • анықтық;
  • жүйелілік;
  • бірізділік;
  • объективтілік;
  • ашықтық;
  • өзектілік;
  • нақтылық.

Бағалау сыни бағалаудың қос желісінің: формативтік және жиынтықты бағалаудың параллельді дамуын тұспалдайды.

Жаңа оқу бағдарламалары білікті тәсілге негізделген. Олар оқушылардың сәтті әлеуметтенуіне қажетті функционалды сауаттылықтың негізін қалайтын біліктіліктерді қалыптастырады.

Әлемдік іс-тәжірибедегі Бенджамин Блумның «Оқу мақсаттарының таксономиясы» атты танымал теориясы бойынша қолданыстағы стандарт оқушының танымның алты деңгейінің екеуін жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді: «білу» және «түсіну». Жаңа стандарттың көмегімен танымның қалған төрт деңгейіне жету мүмкіндігі бар: «қолдану», «талдау», «синтездеу» және «бағалау».

Пәндердің мазмұнын жобалауда шиыршық, өтпелі тақырыптар қағидаты қолданылуы тиіс. Шиыршық қағидаты оқушылардың білімі мен машықтарын біртіндеп – тақырыптар мен сыныптар бойынша, қарапайымнан күрделіге ауысу арқылы көтеруге мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны барынша тұтас қабылдауы үшін оқу материалын баяндаудың сабақтастығын және пәндердің ықпалдастығын қамтамасыз етеді.

Өтпелі тақырыптар пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуға, оқу пәнімен жанасу нүктелеріне ие салалардағы білімін, машықтарын, құнды бағдарлары мен жүріс-тұрыс нормаларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жаңартылған мазмұн күтілетін нәтижелерге негізделеді, олар білім салалары бойынша айқындалады. Күтілетін нәтижелер оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Білім берудің барлық деңгейлік бағдарламаларының негізін «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесі құрайды. «Мәңгілік Ел» идеялары мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеу және сабақтан тыс қызмет, қосымша білім беру, элективтік курстар арқылы енгізілетін болады.

Жаңа пәндер енгізіледі. Бастауыш мектепте – бұл мазмұны жаңартылған «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» (3-ші сыныптан бастап), «Дүниетану». 


➤Вебинар!➤

Білім беру мазмұнын жаңарту: білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдау
Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың жаңа тәсілдері

Наталья Тифанциди

Директор КГУ «СОШ № 17 с дошкольным мини-центром», с. Панфилова Талгарского района, эксперт ЭС «AСTUALIS: Образование»

Жалғасын  № 9-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты