MCFR.KZ Образование

Қосымша ақылы білім беру қызметтері

  • 19 ноября 2018
  • 280
Қосымша ақылы білім беру қызметтері
Қосымша ақылы білім беру қызметтері

Бүгінде қосымша ақылы білім беру қызметтері – білім беру ұйымының табыс көзінің бірі. Материалдық базаның дамуы ҚАБҚ ұсыну жұмысының дұрыс жүргізілуіне байланысты.

★ КӨКЕЙКЕСТІ ТАҚЫРЫП ★

Қабқ көрсету бойынша қызметкерлердің атқарымдық міндеттері
Қосымша ақылы білім беру қызметтері

О. В. Побирская

ғылыми-әдістемелік жетекші, № 25 ЖБМ ҚАБҚ педагог-ұйымдастырушысы, Ақтөбе қ.

1. Ғылыми-әдістемелік жетекші

  • білім беру үдерісіне ғылыми-әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
  • бағдарламаларды, арнайы курстарды әзірлеуге, сараптауға көмек көрсетеді;
  • қосымша ақылы білім беру қызметтерін (бұдан әрі – ҚАБҚ) көрсету бағдарламаларын мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі арқылы бекітеді және _______ қаласының білім бөлімінің Сараптамалық кеңесіне ұсынады;
  • мектеп қызметкерлерін ғылыми-әдістемелік әдебиетпен, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етеді;
  • материалдарды әзірлеуде педагогтарға, психологтарға іс-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;
  • ата-аналарға кеңес береді, ғылыми-әдістемелік жұмыс, Оқу жұмыс бағдарламасының мектептік компоненті, мемстандарттан тыс қосымша білім беру мәселелері бойынша кездесулер, жиналыстар ұйымдастырады;
  • материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жағдайлар жасауға, соның ішінде ҚАБҚ көрсетуге ықпал етеді.

2. Менеджер

  • мектептің алдағы дамуына байланысты, білім мазмұнын жаңартуға бағытталған инновациялық қызметті, стратегияны әзірлеуге қатысады; қосымша білім беру қызметтері бойынша оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандырады;

Мектепті білім ғибадатханасына айналдырып қана қоймай, балалар уақытының көп бөлігін өткізетін зәулім сарайға, екінші үйіне, бәрі бақытты әрі құт қонған мекенге қалай айналдыруға болады? Мұндай түбегейлі өзгерістер тек қосымша қаржы көзі болғанда ғана мүмкін.

Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек көрсететін адамдардың табылатыны сөзсіз. Алайда, тек қамқоршыларға немесе мемлекетке үміт артудың қажеті жоқ. Қазақстандық заңнамамен өз бетімен қаражат табу құқығы берілген, яғни МЖМБС талаптарынан тыс ақылы негізде қосымша қызметтер көрсетуге болады. Бұдан бәрі ұтады. Біздің мектеп ақылы қызметтер көрсету саласында 17 жылдық тәжірибеге ие. Түскен қаражаттың есебінен мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, мұғалімдердің еңбегі ынталандырылады, ал бастысы, балаларды жетістікке жетелейтін мықты уәждеме қалыпьтасты, себебі оқушылардың кез келген (зияткерлік, мәдени, спорттық) жетістіктері рухани, материалдық тұрғыдан да марапатталады.

Қосымша ақылы білім беру қызметтерін (бұдан әрі – ҚАБҚ) көрсету жұмыстарын нақты ұйымдастыру және үйлестіру бойынша оқу жылының басында әр мектепте бұйрық шығарылады.

 

№__ БҰЙРЫҚ

20__ ж. «__»_________

 

«20__/20__ оқу жылы

мектепте қосымша ақылы

білім беру қызметтерін (ҚАБҚ)

көрсету туралы»

 

«Білім туралы» ҚР Заңының 63-б., «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 20.07.2009 ж. № 1102 Қаулысының, Мектеп Жарғысының, сараптамалық кеңестің, ата-аналар жиналысының шешімінің және ҚалББ № ___ бұйрығының негізінде, оқушылардың және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қосымша білім беру қызметтеріне деген сұраныстарын қанағаттандыру, мектеп оқушыларына білім беру біртұтастығын іске асыру, білім мазмұнын жаңарту мақсатында және педагогикалық кеңестің от __.__.20__ ж. № __ шешімінің негізінде

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. 20__/20__ оқу жылында мектеп бағыттар мен арнайы курстар бойынша ҚАБҚ көрсетуін жалғастырсын.

2. ҚАБҚ ұйымдастыру мен жүзеге асыру Мектептің қосымша білім беру қызметтерін көрсетуі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылсын.

3. Сыныптар мен топтарды жинақтау оқушылардың ата-аналарымен жеке шарттар жасасу арқылы ерікті негізде жүзеге асырылсын.

4. Бас бухгалтер _______________________ (Т. А. Ә.) кірістер мен шығыстар сметасын, штат кестесін, тарифтік тізімді ҚалББ-не бекітуге өткізсін.

5. ҚАБҚ көрсету бойынша жұмыс жоспары бекітілсін.

6. Қосымша сабақтар кестесі бекітілсін.

7. Ата-аналар комитетінің келісімімен оқушылардың ата-аналарымен ҚАБҚ көрсету бойынша жеке шарттар нысанын бекітсін.

8. Қызметтер көрсететін және олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етуші қызметкерлермен еңбек қатынастары нысандарын бекітсін.

9. ҚАБҚ бойынша қызметкерлер арасында атқарымдық міндеттері бекітілсін.

10. ҚАБҚ ұйымдастырушы ___________________ (Т. А. Ә.) ата-аналармен уақытылы шарт жасасып, журналдарға тексеру жүргізіп, кестеге сәйкес жұмыс уақытын (табель) есепке алсын, ата-аналардың бухгалтерияның кассасы арқылы уақытылы төлем жасауын бақылауы және ата-аналарға арналған бұрышқа ҚАБҚ көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды үзінділерді орналастырсын.

11. Бухгалтер ___________________ (Т. А. Ә.) 20__/20__ оқу жылының соңына дейін штат кестесіне сәйкес еңбекке ақы төлеудің бекітілген шарттарына сәйкес ҚАБҚ педагогтарына еңбекақы төлеуді жүргізсін.

12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

____________________________  директоры                ___________ / ___________

(білім беру ұйымының атауы)                                            (қолы)                (Т. А. Ә.)

 

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


__________________________
(білім беру ұйымының атауы)

20__/20__ оқу жылына арналған

қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету
бойынша жұмыс жоспары 

Жалғасын  № 9-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться