Справочник руководителя образовательного учреждения

Қазақстан мектептеріндегі эвакуациялау: жоспары, өткізу, жаттықтыру

  • 4 февраля 2019
  • 2070
Қазақстан мектептеріндегі эвакуациялау: жоспары, өткізу, жаттықтыру
Қазақстан мектептеріндегі эвакуациялау: жоспары, өткізу, жаттықтыру

Балалардың өмірі мен денсаулығы сақталуының алдын алу үшін білім беру ұйымы ұжымының құқық қорғау органдары, АІІБ, АҚ және ТЖ өкілдерімен кездесуін өткізу бойынша іс-шараларды және мектепте көшіру жаттығуларын өткізу қажет.

Ұсыныстар "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 09.10.2014 ж. № 1077 Қаулысымен бекітілген.

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ★

Білім алушылардың бойында қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру
Мектептегі эвакуация

И. В. Сергушина

учитель начальных классов КГУ «ШГ № 118», г. Алматы

Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі – оқу және еңбек қызметі кезіндегі күтпеген жерден туындайтын ықтимал жайттардан (өрттен, апаттан) оқушылар мен қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды сабақ қызметі кезінде қорғау.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудағы негізгі міндет – кез келген балаға қауіпті жағдайлардың негізгі түрлерінің ерекшеліктері туралы білім беру және соған байланысты дұрыс (қауіпсіз) мінез-құлықты ұйымдастыра білу.

Қауіпсіз мінез-құлық дегенде қиын да қысылтаяң жағдай туындағанда субъектінің өз қорғанышын сақтау мен әрі қарай дамытуға деген қабілеттілікке дайындығы мен икемі түсініледі.

Өрт кезіндегі көшіру жоспары 

Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтіндік бөлімдерден тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.

Мәтіндік бөлімде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарын эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі көзделеді.

өртк езіндегі көшіру жоспарының мәтіндік бөлігі Н

Өрт кезіндегі көшіру жоспарының графикалық бөлігі 

Эвакуациялау жоспарларының мәтіндік бөлімде әрбір нұсқа бойынша мыналар:

  • өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, хабарландыру аймағы мен хабарландыру әдістері, хабарландыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды);
  • қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, аймақтар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);
  • эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі, қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері);
  • эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандарды бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);
  • көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әртүрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану көзделеді.

Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдар жаппай жиналған болса, жоспарларда бұл аймақтарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолмен) көрсетіледі.

Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтіндік бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру бекеттері мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.

Графикалық бөлімдегі белгілердің толық жазылуы эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр аймақ (сектор, үй-жайлар тобы) аймақтар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілер болуы тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен (әртүрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.

Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.

Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, аймақтың әр қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй-жай, аймақ...» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолы бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетіледі.

Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі.

Эвакуациялау жоспарынан алынған үзінді үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20 х 30, сантиметрден кем емес.

Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі.

Үзіндінің мәтіндік бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.

Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтіндік бөлігі аймақтан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын адамда болады.

Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді.

Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық қосалқы күштер танысады.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі

Мектептегі эвакуация

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ