«Оқу-танымдық үдерісіндегі рефлексия» шеберлік сыныбы

4
Оқу-танымдық үдерісі
Оқу-танымдық үдерісі
Сабақта рефлексивтік қызметті ұйымдастыру – өзіндік мақсат емес, керісінше саналы ішкі рефлексияға, заманға сай тұлғаның қажетті қасиеттерін: дербестілігін, бастамашылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға дайындық.

Өткізу түрі – іс-тәжірибелік сабақ.

30 адамнан құралған педагогтар тобына арналған.

Мақсаттары:

  • Білім беруші. Педагог пен студенттердің сабақтағы рефлексивтік қызметін ұйымдастыру әдістерін меңгеру.
  • Дамытушы. Тілін, логикасы мен сыни ойлауын дамыту.
  • Тәрбиелік. Топта жұмыс істеу жағдайында өзін өзі және өзара сыйластық сезімін тәрбиелеу.

Шеберлік сыныбының барысы

1-ші кезең – ұйымдастырушылық. Тақырыпқа кіріспе. Шақыру кезеңі.

Мұғалім. Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер!

Бүгін мен сіздермен бірге «Оқу-танымдық үдерісіндегі рефлексия» тақырыбына шеберлік сыныбын өткіземін. Сіздерге 10 адамнан тұратын 3 топ құруды ұсынамын.

Сабағымыздың эпиграфы: «Мен оқимын әрі рефлексиялаймын, демек, мен ойланамын».

Жұмыс барысында біз шеберлік сыныбының кейбір қағидаларын сақтауға тиіспіз:

  • бір-бірінің сөзін бөлмеу;
  • өз ойын батыл жеткізу;
  • өз атынан сөйлеу;
  • белсенді жұмыс істеу;
  • пікірлесіңнің пікірін құрметтеу.

Бірлескен шығармашылық жұмыстан күтетініміз:

  • жаңа нәрсені білу;
  • әріптестермен араласу;
  • уақытты жақсы өткізу;
  • тәжірибе алмасу.

2-ші кезең – мақсат қою. Мақсаты: педагог пен студенттердің сабақтағы рефлексивтік қызметін ұйымдастыру әдістерін меңгеру.

3-ші кезең. «Ассоциация» әдісін қолдану.

Әр топта парақ бар, мұнда «рефлексия» сөзі жазылған. Педагогтар осы терминге қатысты өз ассоциацияларын жазуы тиіс – сіздер мұны қалай түсінесіздер. Ассоциациясы оқылады.

Мұғалім. Рефлексия дегеніміз не? Бұл сөз латын тілінен шыққан, кері айналу дегенді білдіреді. Шетел сөздерінің сөздігінде рефлексияны ішкі жай-күйі туралы толғану, өзін өзі тану ретінде қарастырады.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде рефлексия өзіндік талдау ретінде сипатталады. Қазіргі педагогикада қызметті және оның нәтижелерін өзіндік талдау рефлексия деп түсініледі.

4-ші кезеңМұғалім. Студенттердің сабақтағы рефлексивтік қызметінің шарттары қандай?

Шеберлік сыныбына қатысушылар осы сұраққа жауап береді.

Психологтар мен педагогтар егер

  • студенттерге тақырыптар мен жұмыс тәсілдерін таңдаудың еркіндігі берілсе;
  • студентті білім берудің жеке мақсаттары мен міндеттерін белгілеуге тартса;
  • студенттердің жеке қарқыны, тұлғалық тәжірибесі, стилі мен қабілеттіліктері ескерілсе;
  • студенттің болып жатқан істерге жеке тұлғалық көзқарасы ескерілсе;
  • студентті бағалаудың негізін мұғалімнің бағасы емес, керісінше өз білімін өзіндік бағалау, рефлексия және барлық білім субъектілерін қызметтік өзара бағалау құраса, рефлексия мүмкін екенін атап өтті.

Мұғалімде сабақта рефлексияны ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибелік құралдардың болмауы студенттердің рефлексивтік машықтарын қалыптастыруға кедергі келтіреді.

Мұғалім. Рефлексия қай кезеңдерде қолданылады?

Әдеттегідей, сабақтың соңында ғана емес, сонымен бірге кез келген кезеңінде де. Ол өткенді ұғынуға, байқағанын, ойланғанын, әркім қабылдағанын ортақ жинаққа жинауға бағытталған. Оның мақсаты – сабақтан белгілі нәтижемен шығу ғана емес, сонымен бірге мағыналық тізбекті құру, өзгелер қолданатын тәсілдер мен әдістерді өзінікімен салыстыру.

5-ші кезең. Шеберлік сыныбына қатысушылар тапсырманы жеке параққа орындайды, осыдан кейін оны топпен бірге таныстырады, өз таңдауын қорғайды және дәйектейді.

Жіктелім Сабақ кезеңі Міндеттері
Көңіл күй және эмоционалды күй рефлексиясы Сабақтың басында Топпен эмоционалды байланыс орнату
Қызметтің соңында Эмоционалды күйді, топтың жұмысымен қанағаттанушылық деңгейін айқындау
Қызметті рефлексиялау Үй тапсырмасын тексеру, жобалау жұмыстарын қорғау кезеңінде Оқу материалымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін зерделеу, барынша ұтымды түрлерін іздеу
Сабақтың соңында Сабақтың әр кезеңінде әркімнің белсенділігін, алға қойылған оқу міндеттерін (мәселелі жағдайларды) шешу тиімділігін бағалау
Оқу материалының мазмұнын рефлексиялау Оқу материалымен танысу кезеңі Өткенінің мазмұнын түсіну деңгейін айқындау, зерттелетін мәселеге көзқарасын айқындау, ескі білімін біріктіру және жаңасын зерделеу

Бұдан әрі шеберлік сыныбына қатысушылар рефлексиялау тәсілдерін көрсетеді.

1-ші топ – «Тілектер тізбегі» (көңіл күй мен эмоционалды күйді рефлексиялау).

2-ші топ – «Сәттілік сатысы» (қызметті рефлексиялау).

3-ші топ – «Үш М» (оқу материалының мазмұнын рефлексиялау).

6-ші кезең. Әр топқа «рефлексия» тақырыбына синквейн құрастыру ұсынылады. Өз синквейндерін таныстыру.

Синквейн құру ережелері:

1-ші жолы – зат есім, синквейннің тақырыбы;

2-ші жолы – тақырыпты ашатын екі сын есім;

3-ші жолы – синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік;

4-ші жолы – тақырыпқа деген өз көзқарасын жеткізуге көмектесетін бірнеше сөзден тұратын сөйлем, сөз тіркесі;

5-ші жолы – тақырыпқа деген жеке көзқарасын жеткізуге мүмкіндік беретін тақырыптың жаңа түсінігін беретін түйін сөз.

7-ші кезең. Мұғалім. Сабақта рефлексивтік қызметті ұйымдастыру – өзіндік мақсат емес, керісінше саналы ішкі рефлексияға, заманға сай тұлғаның қажетті қасиеттерін: дербестілігін, бастамашылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға дайындық.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» № 8-2017 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль