Мектеп мәдениетін қалыптастыру

3
Мектеп мәдениетін қалыптастыру
Мектеп мәдениетін қалыптастыру
Мектеп мәдениетті жеткізу мен қайта жаңғыртуға жауапты аса маңызды әлеуметтік институт ретінде ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға байланысты өзгерістерге деген мұқтаждықты сезінеді.

Қазіргі кезде мектептің ұйымдық мәдениетін зерттеу, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерделеу, оның әлеуетін қолдану мәселесінің өзектілігі артуда.

Мектептегі инновациялық үдерістің екі кеңістігі бар:

  • «механикалық» – құрылымдардың, технологиялардың, процедуралардың, кеңістіктік құбыылстардың өзгерістері;
  • «мәдени» (әлеуметтік) – қабылдауының, ойлау тәсілдері мен адамдардың іс-әрекетінің өзгеруі.

Мектептің сыртқы ортасын механикалық ұйымға қарағанда, көбіне органикалық деп санауға болады: мектеп қызметін ОЖСБ, ҰБТ, аттестаттау арқылы бағалауға қанша тырысса да, оның нәтижелерін өлшеу қиынға соғады. Жоғары тұрған басшылық пен әкімшілік қанша күш салса да, мектептің шынайы өмірі стандартты процедуралармен және қағидалармен регламенттеледі, ал ұжымдағы қарым-қатынас негізінен бейресми тұлғалық сипатқа ие. Педагогика ғылымында аса танымал зерттеушілер БҰ-ғы қызметтің нәтижесіне негізінен педагогтар мен балалардың өзаора әрекеттестік деңгейі ықпал ететінін атап өткен.

Ұйымдық мәдениет:

  • дәстүрлі басқаруды бағалау тұрғысынан қабылдау – мектеп дамуының жоғары деңгейі, ұжымның кемелденуінің және басқарудың жоғары сапасының дәлелдері;
  • ұйым мен менеджменттің заманауи теориясының аса маңызды ұғымдарының бірі, ұйымдық мәдениет деп осы ұйымда нақты қолданылатын құндылықтар, дәстүрлер, жоралғылар, іс-қимыл әдеттері, қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік қағидалары түсініледі.

Мектеп мәдениетінің ерекшеліктерін оның даралығы мен бірегейлігі, педагогикалық ұжымның ішкі және сыртқы оқиғаларды қабылдау ерекшеліктері айқындайды. Мектеп мәдениеті басшылар үшін негізгі мағынаға ие, әсіресе дамудың көптеген жаңа бағыттары туындап, стратегиялық жоспарлау міндетті әрі қажетті іске айналғанда.

Мектептің ұйымдық мәдениеті бір жағынан ұлттық салт-дәстүр, экономикалық жағдай, қоршаған орта мәдениетінің ерекшеліктері секілді сыртқы факторларға негізделеді. Басқа жағынан, мектептің ұйымдық мәдениетін қалыптастыруға ішкі факторлар да маңызды ықпал етеді: басшы тұлғасының ерекшеліктері, мектептің айқындалған мақсаты, оның мақсаттары мен міндеттер, педагогтардың жалпы білім деңгейі мен біліктіліктері.

Мектептің ұйымдық мәдениетінің ерекшелігін түсіну оның адамзаттық әлеуеті туралы түсінік қалыптастырады, оның мақсаттылығын немесе белгілі басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттылығын бағалауға, мектептің білім беру-құрылымдық жүйесінің стратегиялық даму бағыты мен қарқынын барынша нақты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мектептің ұйымдық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуші ішкі факторлар

Нышандар. Нышандар жеңіл оқылады, ал мектепке тексеруші немесе жай қонақ ретінде адамның көзіне бірден түседі. Бұл «қабырғаға салынған сурет», хабарландыру тақталарының мазмұны, түрі, және марапаттар (стендке ілінген немесе директордың немесе мектеп мұражайында сақталатын) және тағы басқалары.

Айырмашылық белгілері де нышандарға жатады. Бүгінде өз оқу орнын мақтан тұту өзін таныту мен көрсетудің бірегей нысандарын іздеуде әрі табуда, соның ішінде геральдиканың көмегімен. Мектеп үшін бұл мектептің елтаңбасы, шеврон, туы, әнұраны болуы мүмкін. Егер мектептің ешқандай нышандары болмаса, онда мектеп нышандарын авторлық бейнелеу конкурсын өткізуге болады, осыдан кейін жалпы жиналыста немесе референдумда осы нышандарды қабылдап, оларға құрмет таныту керек.

Мектеп стендтерінің мәнін бағалау қиынға соғады, себебі олар хабарлама, сабақ кестесін, сыныптан тыс іс-шараларды, жаңалықтарды, мерекелерді, тарихын және т. б. жариялауға арналған. Мектеп стендтері оқушыларды, ата-аналарды және оқытушыларды ақпараттандыруға көмектеседі, сондай-ақ эстетикалық тұрғыдан әдемі.

Мысалы, «Біздің шығармашылығымыз» стендінің көмегімен жұмыстардың әртүрлі мектептік көрмелерін ұйымдастыруға болады. Мектеп бұрыштары, оқу кабинеттеріндегі стендтер тәрбие және білім беру үдерісіне көмегін тигізеді. Тақырыптық стендтер тереңдетіп оқуды ынталандыруға бағытталған.

Ұйымның «Қаһармандары». Әр мектепте «Құрмет тақтасы», үздік оқушылар мен олардың оқудағы, спорттағы және олимпиадағы жетістіктерін көрсетуге арналған стендтер бар. «Мектебіміз оларды мақтан тұтады» стенді де тәрбиелік рөл атқарады, мұнда осы жылдар арасында жетістікке жеткен мектеп түлектерінің суреттері мен жетістіктерінің қысқаша сипаттамасы беріледі. Олар мектептің қаһарманына айналып, үлгі тұтар тұлғаға айналуы тиіс.

Қазіргі кезде оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық технологиялардың рөлі артты, ақпаратты жеткізудің жаңа тәсілдері қалыптасты. Мектеп сайты немесе веб-парақша – бұл мектепті көрсетудің, оның беделін қолдау мен дамытудың, өз көшбасшылары мен жетістіктері туралы айтудың жақсы мүмкіндігі. 

Жалғасын  № 8-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль