Көп тілді тұлға дамытудағы инновациялық қадамдар

31
Көп тілді тұлға дамытудағы инновациялық қадамдар
Көп тілді тұлға дамытудағы инновациялық қадамдар
Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Оқушыларды жаппай және дербес білім алуға, көркем ойлау, ұжымдық шығармашылық және көптілділік дағдыларын меңгертуге ынталандыру –білім беруге қойылатын басты талаптар.

Өзекті міндеті – бүкіл білім жүйесін жаңартып, үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр.

Білім беру жүйесін сәтті дамыту факторлаы:

  • педагог кадрлардың сәйкестігі;
  • оқытушылық жұмыстың нәтижелілігін арттыратын кәсіптік дайындық;
  • сапалы білім беруге қажетті жағдайлар.

Біздің мектеп-гимназиямыз ашылған сәттен бастап даму мен қалыптасудың күрделі жолынан өтті. Ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдық және озық қызметті қолдану жұмысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Ұжымдық жұмыс жоспары дарынды балалардың сұраныстарын айқындауға, психологиялық қолдауға, зияткерлік қабілеттіліктерін және танымдық деңгейін дамытуға бағытталған.

2007 жылдан бастап мектеп үш тілде оқытатын оқу орны мәртебесін алды. Біздің білім беру ұйымымыздың (бұдан әрі – БҰ) мақсаты – бірнеше тілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік бағдарланған мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Мектеп-гимназияда оқыту ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүргізіледі және мына міндеттерді қарастырады:

  • көрнекілік құралы ретінде Интернетті және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану;
  • электрондық оқулықтар;
  • білім деңгейін тексеру.

Әкімшілік-ұйымдық жұмыстың арқасында оқушылар өздеріне болашақта қажет болатын құқықтық тәрбие сабақтарын алады, саламатты өмір салтына машықтанады. Ақпараттық-әдістемелік, мәдени-көпшілік және диагностикалық талдау жұмысы жақсы дамыған.

Біз білім беруді дараландыруға бағдарлана отырып, үш тілде оқытудың инновацтялық білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейміз, ол физиканы, биологияны және математиканы ағылшын тілінде меңгеруден, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиетін орыс мектептеріне арналған бағдарлама бойынша меңгеруден тұрады. Бұл ретте үш тілде оқитын сыныптардағы білім сапасы барынша жоғары. Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша 6 шығармашылық тобы жұмыс істейді, 54 мұғалім сертификат алды.

Компьютерлік психологиялық диагностиканың негізінде кәсіптік бағдарлау жүргізіледі, ол психологтармен және профконсалтингпен жалғасады.

БҰ қызметінің негізгі мақсаты – қоғамның шығармашыл әрі зияткерлік әлеуетін дайындау. Оқу орны оқушылардың дамуына оңтайлы жағдай жасайды, ізденушілік ойлау дағдыларын меңгеруге ықпал етеді, қазіргі қоғамдағы белсенді қызметке дайындайды, оқушылардың жеке белсенділігін жетілдірудің, жетістікті көздеудің есебінен олардың еңбек нарығынжағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады.

Мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен және Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесе отырып оқушылардың шығармашылығы мен ізденушілігін дамытуға, олардың оқу қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретін педагогикалық механизмдердің бірыңғай кешенін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс істеуде, себебі зияткерлік тұрғыдан дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін кәсіби ұжым қажет.

Бірнеше тілді меңгеру адамның ішкі әлемін байытып қана қоймайды, сонымен бірге қоршаған ортаға басқаша қарауға мүмкіндік береді.

Біздің мектепте мұғалімдерге шет тілін кезеңдік оқыту жүзеге асырылуда, тіл клубтары жұмыс істейді. А1, А2, В1, В2 деңгейлері қамтылған, әр топта модератор ретінде төрт ағылшын тілі мұғалімі жұмыс істейді.

Үштілділікті дамыту жолдары:

  • үш тілде оқытуды оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, тілді деңгейлік оқыту (қазақ, орыс, ағылшын), тәжірибе енгізу;
  • мақсатты семинарларға, онлайн-семинарларға, вебинарларға, шеберлік сыныптарына, коучингтерге, ізденушілікке дайындық және өткізу;
  • матетматикалық үлгілеуді, жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды дамытуға бағытталған кәсіптік бағдарлау жұмысы;
  • математика мен ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде меңгеру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады;
  • авторлық бағдарламалар әзірленді, олар бірнеше жыл бойы сынақтан өткізілуде.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес біздің мектеп-гимназиямыздың базасында «Жаңа мазмұнды білім беру философиясы аясындағы көптілділік және инновациялық идеялар» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – инновациялық идеялардың негізінде көптілді білім беруді іске асыру бойынша гимназияның жұмыс тәжірибесінің болашағын айқындау, тарату және талқылау. 

Жалғасын  № 8-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль