Бәрі де бала денсаулығының паспорты

5
Бәрі де бала денсаулығының паспорты
Бәрі де бала денсаулығының паспорты
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы қашанда өзекті проблема және алдыңғы кезектегі маңызды нысана болып табылады.

Мектеп көп жыл бойы баланың белсенді іс-әрекетінің орны болып қалады. Бала ағзасының денсаулық қалыптасатын қарқынды дамуының ең маңызды кезеңдері балалық шақтың маңызды әлеуметтік сатысымен – орта білім алумен тұспа-тұс келеді.

Бұл кезеңде оқушылардың денсаулығына әлеуметтік-гигиеналық, экологиялық және басқа факторлардың үлкен кешені әсерін тигізеді. Бұл әсер әрқашан оң бола бермейді. Ата-аналар ақпараттануының жетіспеушілігі, мектепте медициналық қызметкердің болмауы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогтар жұмысының жүйесі – мұның барлығы бала денсаулығын сақтау проблемасын одан әрі шиеленістіреді. Сондықтан денсаулық сақтайтын білім беру ортасын қалыптастыру мен дамыту мектеп дамуының қазіргі сатысында өте өзекті. Дені сау балалар сабақты жақсы оқиды.

Бала балабақшаға немесе мектепке қабылданғанда оған денсаулық паспортын (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2003 ж. № 469 бұйрығымен бекітілген) ресімдейді. Бұл – балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру үшін әзірленген 026/у-3 есеп нысаны.

Нысан бала денсаулығының жай-күйін профилактикалық іс-шаралар өткізумен қорытындылайтын үздіксіз сапалы түрде диспансерлік бақылау жасауға арналған. Профилактика өз кезегінде физикалық дамуын жақсартуға, бала денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, дамып келе жатқан патологияның бастапқы сатыларын белсенді анықтауға, әлсіз және ауру балаларды сауықтыру мен емдеуге бағытталған.

Денсаулық паспортының медициналық картадан айырмашылығы

Педиатрлар медициналық құжаттаманы өздері үшін және өз әріптестері – салалық мамандар үшін жүргізеді, олар баланың қалай өсіп, дамып келе жатқанын бақылайды, ауырып қалған жағдайда кәсіби медициналық көмек көрсетеді.

Ата-аналар кез келген сәтте баланың медициналық картасымен таныса алады. Алайда мамандар пайдаланатын терминология медициналық білімі жоқ адамдарға арналмаған және сондықтан баланың жақындарына әрқашан түсінікті бола бермейді.

Қабылдайтын дәрігерлер уақыттары болса әрқашан туындаған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Алайда дәрігер баланы қараған кезде, мәселен, білім беру ұйымдарында профилактикалық тексеру жүргізгенде, ата-аналардың сол жерде бірге болатын сәттері де кездеседі.

Бала денсаулығының паспорты медициналық ақпарат ата-аналарға түсінікті болу үшін, сондай-ақ бала тұлғасын қалыптастыруда отбасы мүшелерінің белсенділігін көтеру мақсатында енгізіледі.

Денсаулық паспортын толтыру

Егер бала балабақшаға немесе мектепке баратын болса, денсаулық паспортын медициналық қызметкерлер түсінікті жазумен, ешқандай түзетусіз, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде толтыруға тиіс.

Медициналық қызметкер баланың оқуы біткенше паспортты жүйелі түрде жүргізуге және оның барлық бөлімдерімен толық сәйкестікте толтыруға міндетті.

Егер оқушы бір мектептен екінші мектепке ауысса, оның денсаулық жағдайын бақылаудың бірізділігін сақтау үшін паспорт оқушымен бірге беріледі. Егер паспорт жоғалып қалса, оны бала оқитын мектептегі медициналық қызметкер қалпына келтіруге тиіс.

Денсаулық паспортының бөлімдерін толтыру

Денсаулық паспортын қалай толтыру керек?

Бала туралы жалпы мәліметтер. Бұл бөлімде баланың паспорттық мәліметтері: тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, жынысы, үйінің мекенжайы мен телефоны немесе білім беру ұйымының мекенжайы мен телефоны көрсетіледі.

Арнайы бағанда бала қаралатын балалар емханасының атауы, нөмірі, мекенжайы мен телефоны жазылады. Сондай-ақ медициналық қызметкер бала қанының тобы, резус-фактор туралы мәліметті көрсетуге тиіс. Егер балада мүгедектік бар болса, тобы мен негізгі диагнозды көрсету керек.

Паспортта сондай-ақ «Ұйымның сипаттамасы» деген кесте бар. Онда «Ұйымға келген айы, жылы» деген баған бар. Ай – рим цифрларымен, ал жыл араб цифрларымен (2016 жылдың қыркүйегі дегенді IX – 2016 ж. деп жазу керек) жазылады. Келесі бағандарда ұйымның сипаттамасы беріліп, оның ағымдағы сәттегі түрі – жалпы немесе түзетушілік түрі көрсетіледі.

«Аллергия» кестесін толтырғанда медициналық қызметкер барлық мәліметтерді тиісті бағандарға енгізеді.

Анамнестикалық мәліметтер. «Білімі» бағанында «Ата-аналар туралы мәліметтер» кестесі толтырылады. Онда білім деңгейі көрсетіледі: білімі жоқ, толық емес орта, орта, орта арнаулы, аяқталмаған жоғары, жоғары. Сондай-ақ бала тұратын тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары да атап өтіледі. «Отбасылық анамнез» бағанын толтырғанда әкесі және анасы жағынан негізгі аурулары көрсетіледі.

Сонымен қатар мына кестелерге де барлық қажетті ақпараттарды толтыру қажет: «Мектептен тыс сабақтар», «Ауырған сырқаттары», «Ауруханаға жатқаны туралы мәліметтер», «Санаториялық-курорттық емі туралы мәліметтер», «Ауырып қалғандықтан сабаққа келмей қалуы».

Иммунопрофилактикалық іс-шаралар. Медициналық қызметкер бөлімнің барлық бағандарына оқушыға жүргізілген профилактикалық егу туралы толық ақпаратты енгізеді.

Міндетті емдеу-профилактикалық шаралары. Аталған бөлімде мектепте жыл сайын өткізілетін профилактикалық тексерудің есебі көрсетіледі (ауыз қуысының санациясы, дегельминтизация).

Зертханалық және аспаптық зерттеулер. Жыл сайынғы профилактикалық тексеру кезінде алынған баланың қан, зәр, нәжіс анализдерінің нәтижелері жазылады немесе тіркеледі. Флюорография немесе көкірек қуысының рентгеноскопиясы, тексерудің басқа түрлері көрсетілім бойынша тағайындалады.

Баланың салмағы-бойының көрсеткіштері. Бала салмағы мен бойының жыл сайынғы өлшенген көрсеткіштері көрсетіледі.

Диспансерлік бақылауда болғаны туралы мәліметтер. Кестелік нысанда ауруды диспансерлік бақылау туралы және оны есептен шығару мәліметтері бейнеленеді.

Жоспарлы тереңдетілген медициналық тексеру мәліметтері. Ұсынылған кестеде баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, сау балаларды тексеру мерзімдерін есептей отырып, міндетті профилактикалық медициналық тексерулер туралы мәліметтерді көрсету керек.

«Баланың өмір салты көрсеткіштерін анықтау» кестесін толтырғанда бағандарда баланың оң жауаптарын ескеру қажет:

  • олар болмаған жағдайда «кіші тәуекел тобы» түрінде айқындалады;
  • бір оң жауап болғанда – «орта тәуекел тобы»;
  • екі оң жауап болғанда және оқушыда тәуекел факторы болғанда – «жоғары тәуекел тобы».

Балалардағы тәуекел факторларының болуына байланысты профилактикалық араласу топтары бөлінеді:

  • тәуекел факторлары болмағанда бала жалпы қағидалар бойынша бақыланады;
  • тәуекелдің бір факторы болғанда бала орта тәуекел тобына жатқызылады;
  • екі немесе одан да көп тәуекел факторлары болғанда профилактикалық араласу жүргізу үшін мақсатты топтар жасалады.

Орта және жоғары тәуекел тобының балалары профилактикалық араласу жүргізу үшін мақсатты топтарға кіргізіледі.

Жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулердің мәліметтері. Бөлімде жыл сайын өткізілетін профилактикалық медициналық тексерулер туралы барлық ақпарат көрсетіледі.

Психофизикалық дамуы мен Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілгені туралы мәліметтер. Бала дамуындағы бұзушылықтарды көрсету керек.

Мамандыққа деген медициналық қарсы көрсетілімдерін көрсете отырып, кәсіби консультация беру. Бөлімде 5-ші сыныптан бастап кәсіби бағдар беру бойынша шаралар кешені көрсетіледі.

Ағымдағы медициналық бақылау мәліметтері. Мына ақпаратты көрсету қажет:

  • медициналық бақылау мәліметтері;
  • тексерулер;
  • ұсынымдар;
  • алдын ала егу жүргізуге рұқсатнама;
  • поствакциналық жай-күйін бақылау күнделігі;
  • диспансерлік есепке алынған оқушыларды тексеру және емдеу жоспарлары;
  • емтихандардан босату туралы мәліметтер және т. б.

Соңғы бөлім медициналық анықтамаларды, ауруханадан шығу қағаздары мен қорытындыларды желімдеу үшін көзделген.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 8-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль