Бастауыш мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу

2
Бастауыш мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу
Мектепте экологиялық білім беру ойлау мен мінез-құлықтың жаңа типі – экологиялық сипатқа ие тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

Оқушылар тірі ағзалар мен ландшафтардың сан алуандығы бүгінгі ұрпақ үшін ғана емес, болашақ буын үшін де табиғи ресурстарды сақтауға қажет екендігін түсінуге тиіс.

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу балалық шақтан басталуы керек. Балалар әсіресе жақсылықты сезгіш, білмекке құмар. Дәл осы шақта адамгершілік негіздерін қалау, әдемілікті, табиғат сұлулығын көре білу сезімін дамыту қажет. Бұл жаста баланың қасында оның бойында экологиялық мәдениет бастауын дамытуға ықпал ететін сауатты тәлімгер болғаны маңызды.

Экологиялық-экономикалық білім беру мен тәрбиенің мақсаты – қоршаған орта жағдайына деген жауапкершілікті қалыптастыру және оны үнемді пайдалану. Оның мазмұны бай және алуан түрлі, сабақ жүйесінде ғана емес, сыныптан тыс әрекетте де өріс алады. Соның арқасында бала табиғат, қоғам, педагогтар мен ата-аналар, қоғамдық және ғылыми ұйымдар, ұжымдағы психологиялық ахуал арқылы әлеуметтік қатынастарға тартылады.

Осыған байланысты гимназияда экологиялық тәрбие бойынша «Мен қоршаған ортаның құпиясын танимын» атты бағдарлама әзірленді және бастауыш буынның оқу-тәрбие процесіне табысты түрде енгізілуде.

Өзектілік – балаларды сауықтыруға әсер етеді: сабақ негізінен таза ауада өткізіледі, орнықтылықты мақсат етпейді, оқушылар табиғатпен, жануарлар және өсімдік әлемімен үнемі байланыста болады, мұның өзі олардың эмоционалдық деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту, өзін-өзі таныту сияқты қасиеттердің үйлесімді байланысын туғызады.

Мақсаты – оқушылардың бойында экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру, табиғатты қорғау әрекетіне баулу.

Міндеттері:

  • экологиялық ойлауын дамыту;
  • оқушылардың экологияның қазіргі шынайылығын тануға деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • қарапайым зерттеу әрекеттеріне деген қызығушылыққа ынталандыру;
  • оқушылардың бойында өзіндік және танымдық жұмыс тәсілдері мен дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаның проблемаларына қызығушылық танытуға дағдыландыру және практикалық әрекетке баулу;
  • өз қаласы мен елінің табиғатына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Бағдарлама жас ерекшелігіне қарай екі топқа есептелген: 6–8 және 9–10 жас.

Әрбір белгілі бір топпен жұмыстың түрлері мен әдістерін мұғалім олардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдайды.

6–8 жастағы балалар аз көлемдегі жұмысты орындайды, бақылаудың қарапайым әдістерін пайдаланады, өз зерттеулерінің нәтижесін негізінен сурет және қысқа әңгімелер түрінде жинақтайды. Балалар үлкейген сайын (9–11 жас), зерттеу көлемі де көбірек, материалды жинақтау түрлері неғұрлым сан алуан бола түседі.

Бағдарламаның құрылымы

  • Экологиялық сабақ оқытудың арнайы ұйымдастырылған нысаны ретінде экскурсияны, бақылауды, бейнелеу әрекетін талап етеді.
  • Педагогтар мен балалардың бірлескен қызметі:
  • саябаққа, гүл бағына тақырыптық серуен жасау;
  • қозғалыс және дидактикалық ойындар;
  • тәрбиешінің табиғат құбылыстары туралы әңгімесі;
  • балалар әдебиетін оқу;
  • экологиялық тақырыптағы ғылыми-көпшілік фильмдерді көру;
  • балалармен сұхбат және әңгіме жүргізу;
  • табиғат туралы картиналарды, суреттерді көру;
  • коллекция үшін өсімдіктердің ұрығын, күзгі жапырақтарды, тастарды жинау;
  • қарапайым тәжірибе жүргізу;
  • экологиялық мерекелерге дайындалу және өткізу.
  • Балалардың өз бетімен істеген әрекеті:
  • әртүрлі ойын түрлері;
  • өсімдіктерді, жануарларды күтіп-баптау;
  • коллекциялау, сурет салу;
  • гүл композицияларын, табиғи материалдардан қолдан бұйымдар жасау.

Жұмыстың түрлері мен әдістері

  • Топтық сабақтар мен мәселелерді теориялық тұрғыда талқылау, алған білімді рөлдік және іскери ойынның элементтерін пайдалана отырып, пікірталастар мен қарым-қатынаста тәжірибе жүзінде қолдана білу, үстелдік-баспалық және ауызша-дидактикалық ойындар.
  • Гимназия аясында экскурсия жасау, жалпыға ортақ іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  • Оқу әдебиетімен және көркем әдебиетпен жұмыс, хабарлама дайындау, көрнекі құралдармен және табиғи материалдармен жұмыс.
  • Табиғи материалдан қолдан бұйымдар жасау бойынша тәжірибелік сабақ өткізу және жасалған жұмыс жөнінде шығармашылық есепті ресімдеу.
  • Жаднаманы, ережелерді әзірлеу.

Оқытудың ешқандай техникалық және ақпараттық технологиялары табиғат объектілерімен ұйымдастырылған және мақсатты түрдегі жеке байланысты алмастыра алмайды, бұл өз ісін білетін педагогтың басшылығымен экскурсия жасаған кезде ғана мүмкін болады. Оқушылар экологиялық мәдениеттің негіздерін мәндік-сезімдік деңгейде таниды, қоршаған ортаны белгілі бір заңдылықтары бар біртұтас дүние ретінде ұғынады. Оларда эстетикалық алаңдаушылық пайда болады. Балалар бақылай білу тәжірибесін меңгереді, практикалық экологиялық әрекетте бір-бірімен және ересектермен ынтымақтастық жасауды үйренеді.

Бағдарлама экожүйе тәсілі негізінде құрылған. Экскурсиялық сабақтар мен маршруттардың тақырыптары қала парктері мен қала сыртындағы табиғи ландшафтардың экожүйесімен айқындалады.

Бағдарламаны құру кезінде сондай-ақ оқушылардың өмір тіршілігінің экологиялық ырғағын қалыптастыратын халықаралық мейрамдардың экологиялық күнтізбесі есепке алынды.

Курс жалпы білім беретін мектептердің1–4-ші сыныптарына есептелген.

Бағдарлама құрылымы балалардың қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылығын тудыратын білімді қамтиды.

Оқушылардың білімді меңгеру барысындағы әрекетінің мазмұндық ерекшеліктері мен түрлері оқытудың түрлі нысандарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сабақ мазмұны балалардың ой-өрісін кеңейтеді, өзіндік жұмыс дағдыларын және жобалық әрекет әдістерін меңгеруге көмектеседі, ақпарат көздерін талдау және қорытынды жасау қабілетін қалыптастырады.

Тәжірибелік жұмыстар мен экскурсиялар бастауыш сынып оқушыларының психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне бейімделген, арнаулы және қымбат тұратын құралдарды талап етпейді және біріктірілген сипатқа ие.

Бұрынғы сыныптағы оқытудың тақырыбы мен мазмұны келесі сабақпен логикалық және жүйелі түрде байланысқан.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 8-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль