Мұғалім оқушыға алғашқы көмекті қалай көрсетеді

2
Мұғалім оқушыға алғашқы көмекті қалай көрсетеді
Мұғалім оқушыға алғашқы көмекті қалай көрсетеді
Алғашқы көмек – есте сақталуы оңай қарапайым әрекеттердің жиынтығы, оны меңгеріп алу маңызды. Алғашқы көмекті оқиға орын алған сәтте зардап шегушінің қасында болған адамдар көрсетеді. Мектепте баланың қасында жүретін мұғалімнің оны көрсете алуы маңызды болатыны сондықтан.

Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмек қобдишасындағы байлайтын материалдар және дәрі-дәрмек препараттары қолданылады. Алғашқы көмектің дәрілік қобдишасы физика, химия, информатика кабинеттерінде, шеберханада, спорт залында, мұғалімдер бөлмесі мен қабылдау бөлмесінде болады.

Жедел жәрдемді қалай шақырады

  • Қоңырау шалғанда диспетчердің сұрақтарына нақты жауап беріңіз.
  • Оқушыға не болғанын қысқаша айтыңыз және жасын көрсетіңіз.
  • Мектептің нақты мекенжайын айтыңыз. Зардап шегушіні тастамастан, жедел жәрдемді қарсы алыңыз.
  • Өзіңіздің аты-жөніңізді айтып, зардап шегушінің сізге кім боп келетінін көрсетіңіз.
  • Трубканы жедел жәрдем диспетчері бірінші болып қояды.

Электр тогымен зақымдану

Бірінші кезекте зардап шегушіні токтың әрекетінен босатыңыз. Ол үшін

  • тізбекті ажыратқыштың немесе басқа өшіргіштің көмегімен өшіріңіз;
  • сымды (әрқайсысын жеке) оқшауланған материалдың аспабымен құрғақ қолмен кесіңіз немесе қақ бөліңіз;
  • сымның үзілген шетін құрғақ таяқшамен немесе тақтайшамен зардап шегушіден әрі лақтырып тастаңыз.

Егер аталған әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін болмаса, баланы ток жүргізілетін бөлімнен әрі қарай киімінен ұстап тартыңыз, киімі құрғақ болып, денеге жабыспауы керек. Бұл ретте өзің кернеуге түсіп қалмайтындай орналасу қажет. Содан соң жедел медициналық жәрдем шақыру керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

  • баланы төсемеге жатқызу;
  • киімін ағытып, таза ауа ағынын кіргізу;
  • мүсәтір спиртін иіскету;
  • беті мен мойнына суық су шашу;
  • кеудесі мен аяқтарын спиртпен ысқылау;
  • қажет жағдайда қолдан дем алдыру және жүрекке массаж жасау.

Иіс газымен улану

Бала иіс газымен уланғанда алдымен оны таза ауаға шығару қажет. Содан соң мұрнына мүсәтір спиртіне шыланған мақтаны иіскету керек. Қажет жағдайда қолдан дем алдыру жасаңыз, ал тыныс алуы қалпына келтірілгеннен кейін валериан тамшысын беріңіз.

Оқушы естен танып қалса

Ес – адамның өмір сүру әрекетінің бірінші көрсеткіші. Есі бар болса баланың тыныс алып жатқаны, жүрегі соғып тұрғаны анық белгілі болып тұрады. Есін тексерту үшін балаға тіл қатыңыз. Реакция жоқ болса, қатты дауыстап айтыңыз және жерден көтерместен жеңіл ғана иығынан сілкіңіз.

Тыныс алу мен қан айналымы – бір-бірімен байланысты функциялар (тыныс алу бар болса, жүрегі де соғып тұр), ал тамырдың соғуын тексеру – меңгеруі күрделі дағды, сондықтан алдымен тыныс алуының бар-жоғын тексеру қажет.

Тыныс алуын тексеру тыныс жолдарының өту әрекетін қалпына келтіруден басталады, өйткені олар тіл түбірімен немесе құсық қоспасымен жабылып қалуы мүмкін. Тілді қолмен шығаруға болмайды, тыныс жолдары ашылу үшін баланың басын артқа қарай шалқайту керек.

Келесі қадам қалыпты тыныс алудың бар екенін тексеру болуға тиіс (10 секундта 2 және одан да көп дем шығару). Ол үшін дем шығаруды тыңдау және сезіну үшін құлағыңызды баланың аузына тақаңыз; кеудесінің көтеріліп жатқанын көру үшін қолыңызды корпусқа қойыңыз.

Егер тыныс алуы қалыпты болса, баланы қауіпсіз жайға көшіріңіз. Ол зардап шегуші ес-түссіз жатқанда, бірақ тыныс алуы қалыпты болғанда қолданылады. Бұл ес-түссіз жағдайдағы бала үшін екі негізгі қауіпті: құсық қоспасына тұншығып қалуды және тіл түбірінің артқа ығысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Содан соң жедел жәрдем шақырыңыз.

Өткір затпен жарақаттану

Егер бала сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде өткір затпен жарақаттанса, жараны мұқият қарап шығыңыз, залалсыздандыратын ерітіндімен (мәселен, фурацилинмен, хлоргексидинмен, диоксидинмен) тазалаңыз. Содан соң жараға йод жағып, таңғышпен байлаңыз.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 8-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль