Шегіртке мен құмырсқа

4
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
В. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жаңа мақамда театрландыру

Мақсаты:

  • балалардың театрландырылған қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу; балаларға ұсынылған рөлдерді өз бетімен орындауды үйрету;
  • бейнелерді жасау мен жеткізуде шығармашылық дербестік пен эстетикалық талғамды дамыту; балалардың өнер көрсеткенде өзін еркін әрі сенімді ұстау қабілеттілігін дамыту;
  • еңбексүйгіштікті, бір-бірімен өзара әрекеттесу және араласу машығын тәрбиелеу.

Музыка жетекшісі (бұдан әрі – МЖ).

Сиқырлы шатырыма,

Шақырамын сендерді.

Ең ақылды балаларға,

Айтып берем ертегі.

Залға спектакльге қатысушылар кіреді.

Ара.

«Шегіртке пен құмырсқа» атты

Спектакльді бастаймыз.

Бәріңді-бәріңді

Оны тамашалауға шақырамыз.

Оны шығарған екен,

Крылов атты атамыз,

Бүгін балалармен бірге,

Қойылымды бастаймыз.

Көңілді музыка ойнайды, басты кейіпкер шығады.

Құмырсқа.

Қыбырлаған бір құмырсқамын.

Ойлап жүретін өзінше жұмыс қамын.

Бірақ, Илеуім түрінде болса да,

Тауыңды тұрғызуға тырысқанмын.

Мен ешқашан шаршамаймын,

Әрдайым еңбектенгенді қалаймын.

Себебі мен еңбекқормын,

Өзіме бір үй салайын.

Ей, достарым, келіңдер!

Жаттығуды бастайық!

«Көңілді жаттығу» жаттығуы

Құмырсқа. Енді дұрыс болды! Жұмысты бастаңдар, қысқа қамданыңдар!

1-ші ара. Жазымыз неткен керемет!

Етеміз талмай еңбек,

Тату болар арамыз,

Еңбекпенен нан келмек!

2-ші ара. Жан-жануарлар еңбектенуде.

Бәрі осылай өмір сүруде.

3-ші ара. Пайдалы істерді,

Үнемі қалаймыз.

Қалағанымызша ұшамыз.

Жер-әлемді шарлаймыз,

Сонда да ешқашан

Еңбек етуден талмаймыз.

«Врач по имени Пчела» әні

(музыкасы Д. Тухмановтікі, сөзі Ю. Энтиндікі)

МЖ. Міне, Шегірткетің өзі де келді! Оны біраз бақылап көрейік.

Шегіртке. Орман тыныштығын сүйемін,

Сылдырлаған бұлақты,

Алаңсыз, қамсыз күйдемін,

Мен шегірткепен сымбатты!

Ару аралар, мұнда не істеп жүрсіңдер?

Аралар. Біз шырын жинаймыз,

Одан бал қайнатамыз!

Үйді де тұрғызамыз,

Қыста осында қыстаймыз!

Шегіртке. Асықпаңдар тектен-текке,

Бөленіңдер кереметке!

Жазда үйдің керегі жоқ,

Тұрғызармын кейініректе! (Шығып кетеді)

МЖ. Әр бұтақтың астында,

Дайын тұрар баспанаң

Біздің мысалымызды жаңа кейіпкерлер – еңбекқор кірпілер пайда болды.

«Фуф-ты, фуф-ты, фуф-ты» кірпілер биі

1-ші кірпі.

Бөлей түс шуағыңа,

Бұлттың артына тығылма,

Тек күннің ыстығында

Тікенектерім артуда.

2-ші кірпі.

Инемізді кіргізбейміз,

Арамдықты білмейміз.

Бүрлерді күндіз-түні

Бәріміз бірге іздейміз.

Шегіртке. Саңырауқұлақ іздеуді тоқтатыңдар, одан да би билейік!

3-ші кірпі. Інімізді толтырайық,

Қысқа қамданайық,

Сосын бәріңізге,

Әсем әнімізді арнайық!

4-ші кірпі. Жаз да бітер ақыры,

Гүлдердің түсер жапырағы,

Біліп жүргейсің әрдайым,

Ұмытпа сен осыны.

Шегіртке. Еңбектеніп шаршағанды.

Ұнатпаймын мен өзім!

Құмырсқалар шығады.

1-ші құмырсқа. Әлемде кім мықты?

2-ші құмырсқа. Әрине, құмырсқа!

3-ші құмырсқа. Әлемде кім батыл?

4-ші құмырсқа. Әрине, құмырсқа!

5-ші құмырсқа. Қиналып қалсақ егер де.

6-ші құмырсқа. Досымыз келер көмекке!

7-ші құмырсқа. Досы көпті жау алмайды!

8-ші құмырсқа. Ақылы көпті дау алмайды!

«Не обижайте муравья» әні

(музыкасы Г. Гладковтікі, сөзі В. Степановтікі)

Жалғасын  № 8-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль