Суасты патшалығының тұрғындары

2
Суасты патшалығының тұрғындары
Суасты патшалығының тұрғындары
2-ші кіші және ортаңғы топ балаларына арналған музыкалық-спорттық ойын-сауық

Нептун мейрамы

Ариэльге арналған алқа


Мақсаты:

  • сөздікті, логиукалық ойлауды, шығармашылық қиялды, жадыны белсендіру;
  • қимыл дағдыларын, фикалық қасиеттерін және СӨС дамыту;
  • адамгершілікті сезімдерін, достықты, өзара түсіністікті тәрбиелеу; қуанышты көңіл күй қалыптастыру.

Ресурстары: қағаз, маркер, екі шелек, жұмбақтар жазылған балықтар, доптар, теңізші костюмі, үлкен себет, тосынсый салынған сандық.

Қатысатын тұлғалар:

Теңіз формасын киген жүргізуші

Су перісі

Нептун

Нептунның қызы

«Теңгебалықтар» командасы

«Дельфиндер» командасы

Балалар 2 командаға бөлінеді. Марш музыкасының сүйемелдеуімен (музыкасы К. Қуатбаевтікі) спорттық алаңға шығады.

Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Теңіз патшаларының бірі,

Бізге келді бүгін!

Ол жақсы көреді,

Арманшыл балаларды!

Айтыңдаршы, ол кім?

Балалар. Нептун.

Нептунның қызы. Балалар, саяхатқа немен шығуға болады? (балалардың жауаптары). Иә, әрқалай саяхаттауға болады. Пойызбен немесе көлікпен, ұшақпен, жаяу шығуға болады. Бүгін біз теңіз саяхатына шығамыз, бірақ ең алдымен кеменің суретін салайық.

Ортаңғы топтың балалары конструктордың көмегімен кемелерді құрастырады.

2-ші кіші топтың балалардың «Түрлі түсті меруертті жина» ойынын ойнайды.

«Түрлі түсті меруертті жина» ойыны

Тасжолға «құрғақ» бассейнге арналған төрт түсті шарларды шашады. Балалар музыканың сүйемелдеуімен шарларды жеке себетке жинауы тиіс.

Нептунның қызы. Біздің кемеміз дайын. Бір кемені «Дельфин» деп, келесісін «Теңге балық» деп атайық. Жүзуге дайындалайық.

Біз келеміз кемеде,

Су бетінде тербеліп.

Соқса егер салқын жер,

Дем аламыз тыныстап.

Кемелер бір-бірінен шамалы арақашықтыққа жүзіп барады. Егер көрші кемеге қандай да бір хабарлама жіберу қажет болса, біз айғайламаймыз, керісінше бізге көмектесетін арнайы белгілерді ойлап табамыз. Осы белгілерді түсіну үшін мұқият болу қажет. Жаттығу үшін зейінге арналған ойын өткіземіз.

«Белгілер» ойыны

Егер жүргізуші балаларға ашық алақанын көрсетсе, алақан шапалақтау керек; егер жұдырығы түюлі тұрса, үндемей, қолын артына жасыру керек; егер алақанын қисайтса, аяқтарын тапырлату қажет.

Нептунның қызы. Балалар, қараңдаршы, теңіз толқындары қандай.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің, маңдайың.

«Теңіз толқиды» ойыны

(ортаңғы топ)

Шеңберге орындықтар қояды. Оның саны ойыншылардың санынан кем болуы тиіс. Балалар «теңіз толқиды» белгісі бойынша теңізді бейнелеп, шеңбермен жүгіреді. «Теңіз басылды» белгісіне ойыншылар орындыққа отырады. Орын таба алмаған ойыншы ойыннан шығады.

Кернейлер ойнайды (С. Боханцевтің музыкасы), Нептун кіреді.

Нептун. Тыныштығымды бұзған кім?

Шулап жатқандар кім?

Иелігімнен кетіңдер!

Қазір болады түн.

Қаласам болды мен,

Жоқ қыламын бірден!

Нептунның қызы.

Ашуыңызды басыңыз,

Бәрін анықтап алыңыз.

Балалар теңізге шығыпты –

Қане, анықтап қараңыз.

Нептун. Мен теңіз билеушісімен,

Балықтардың әміршісімін.

Сарайым теңіз түбінде –

Асыл таспен көмкерілген.

Сендерге сайыс құрамын,

Қабілеттеріңді тексеремін.

Нептунның қызы. Командалар, тік тұрыңдар!

Балалар сапқа тұрады, бастарына команданың аты жазылған қалпақ киген.

Нептунға өздерін таныстырады.

1-шісі – «Дельфиндер» командасы, 2-ші команда –  «Теңге балықтар».

«Дельфиндер» командасы.

Біз батыл дельфинбіз,

Сайыста жеңілмейміз.

Сыйлық алу арманым.

Қарсыламызды жеңеміз!

«Теңге балықтар» командасы.

Біз – балықтармыз!

Көңілді әрі тату балалармыз.

Нептун. Көріп тұрмын, командаларың тату екен! Балалар, қазір сендердің мұқияттылықтарыңды тексеремін. Менің суым аз болса да, суды босқа төккендерді ұнатпаймын. Сендер суды үнемдей аласыңдар ма?

«Суды шашыратпа!» эстафетасы

5 адамнан құралған 2 команда қатысады. Алғашқыларының қолында түрлі түсті шелек бар: жартылай су құйылған көк және жасыл түсті ­­ шелектер. Белгі бойынша алғашқы қатысушылар мәреге дейін және кері жүгіреді, және шелекті келесі ойыншыға береді. Эстафетаны алғашқы болып аяқтаған және судың бірде-бір тамшысын тамызбаған команда жеңіске жетеді. 

Жалғасын  № 8-2017 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль