Білім беру ұйымындағы кітапхана

2
Білім беру ұйымындағы кітапхана
Білім беру ұйымындағы кітапхана
Кітапхананың қызметі қазақстандық мәдени және білім беру дәстүрлеріне, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан идеологиялық және саясаттанушылық алуан түрлілікке сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Кітапхананың білім беру және ағартушылық қызметтері жалпыадамзаттық мәдениеттің жетістіктерін барынша қолдануға негізделеді.

Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын кітапхана әралуан әдебиеттер қорына ие, ол жеке және заңды тұлғаларға уақытша қолданысқа беріледі. Кітапхана оқырмандарға: оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен БҰ-ның өзге қызметкерлері үшін қолжетімді әрі тегін. Қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, ата-аналардың педагогика мен білім беру жөніндегі әдебиеттер мен ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандырады.

Кітапхананың қызметінде мемлекеттік немесе өзге цензураға (бақылауға) жол берілмейді.

Кітапхана қорын және өзге кітапхана ақпаратын пайдалану тәртібі, негізгі қызметтер тізімі және кітапхананың оларды көрсету шарттары кітапхананы қолдану қағидаларында айқындалады.

Кітапхананың міндеттері:

  • оқушыларға, педагогтар мен оқырмандардың басқа санаттарына кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету жолымен оқу-тәрбие үдерісін және өз бетімен білім алуды қамтамасыз ету;
  • оқырмандардың тәуелсіз кітапхана пайдаланушысы дағдыларын қалыптастыру: кітапты және өзге ақпарат тасымалдағыштарды пайдалануға, іздеуге, іріктеуге және ақпаратты сыни бағалауға машықтандыру;
  • дәстүрлі технологияларды жетілдіру және жаңа кітапхана технологияларын меңгеру. Кітапханалық-ақпараттық қызметтер ассортиментін кеңейту, ұйымдық техниканы қолдану мен кітапханалық-ақпараттық процесті компьютерлендірудің негізінде олардың сапасын арттыру.

Кітапхананың қызметтері

  1. Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық мәдениетін қалыптастырушы білім мен өзге ақпаратты тарату, білім беру үдерісіне қатысу.
  2. Кітапхананың негізгі қызметтері: білім беру, ақпараттық, мәдени.
  3. БҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру.

Кітапхана салалық құрамы бойынша бірегей қор жинақтайды

  • оқу, көркем, анықтамалық, ғылыми-көпшілік әдебиет;
  • оқушыларға арналған мерзімдік басылымдар;
  • ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, анықтамалық әдебиет;
  • педагог қызметкерлерге арналған мерзімдік басылымдар;
  • кітапхана қызметкерлеріне арналған кәсіптік әдебиет.

Кітапхана қоры кітаптардан, мерзімдік басылымдардан, брошюралардан, дәстүрлі емес ақпарат тасымалдағыштардан тұрады, олар: аудио-видео-кассеталар, шағынфишалар, шағын фильмдер және т. б. қордың құрамы, мұндағы әдебиеттер данасы БҰ-ның түріне, оқушылардың контингентіне, оқу спецификасына (қажет болғанда қор ҚР халықтарының тіліндегі және шет тілдеріндегі әдебиеттермен толықтырылады) қарай өзгереді.

4. Белгіленген тәртіпке сәйкес кітапхана қорын есепке алу және оқырмандарға қызмет көрсету бойынша қажетті құжаттаманы жүргізу.

5. Белгіленген тәртіпте кітапхана-библиография білімін насихаттау бойынша факультатив сабақтар, сабақтар мен үйірмелер өткізу, кітапханашы, библиограф мамандығын алу үшін кәсіп-бағдарлау жұмысын жүргізу.

6. Жеке, топтық және көпшілік жұмыстардың (әңгімелесулердің, көрмелердің, библиографиялық шолулардың, кітаптарды талқылаулардың, оқырмандар конференцияларының, әдеби кештердің, викториналардың және т. б.) көмегімен әдебиеттерді дәріптеу.

7. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, олардың өз бетімен білім алуына және кәсіптік білім алуына жағдай жасау.

8. Оқырмандарға қызмет көрсету үшін сәйкес санитариялық-гигиеналық режимді және жағымды жағдайды қамтамасыз ету.

9. Кітапхана қорының ұтымды құрамын қалыптастыру мақсатында оқырмандар сұранысының жай-күйін (олардың қанағаттанушылық дәрежесін) зерттеу.

10. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бейіндік емес және артық (жарыспа) әдебиеттерді кітапхана қорынан алып тастау, қайта бөлу және өткізу. Белгіленген тәртіпте негізгі және оқу қорынан шығарылған кітаптар мен оқулықтарды сатуды ұйымдастыру.

11. Оқырмандарды кітапхананың қызметі жөнінде жүйелі түрде ақпараттандыру.

12. Кітапхана активін қалыптастыру, оқырмандарды (с. і. оқушыларды) кітапхананы басқаруға тарту, олардың кеңесу органының – кітапхана кеңесі мен оқырмандар активінің жұмысына қатысуы.

13. Кітапхана қорын сақтау мен түгелдеудің талап етілген режимін қамтамасыз ету, оған сәйкес оқушыларды жеке ғимаратта сақтау жүзеге асырылады.

14. Кітапхана қорын түгендеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. 

Жалғасын  № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль