text
MCFR.KZ Образование

Үлгермейтін оқушыларды шартты ауыстыру

  • 27 июля 2017
  • 21
Үлгермейтін оқушыларды шартты ауыстыру
Үлгермейтін оқушыларды шартты ауыстыру

Оқу жылының қорытындысы бойынша бір пәннен академиялық қарызы бар бастауыш орта және негізгі орта білім беру сатысының білім алушылары келесі сыныпқа шартты түрде көшіріледі.

Білім алушылардың келесі оқу жылында академиялық қарызын жою жауапкершілігі олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жүктеледі.

Үлгермейтін оқушыларды шартты түрде көшіру туралы ереже

1. Келесі сыныпқа шартты түрде көшіру сырқатына байланысты сабаққа келмеудің нәтижесінде, басқа жерге көшуіне байланысты, басқа да маңызды себептер бойынша бір-екі оқу пәні бойынша аттестатталмаған немесе жылдық (қорытынды) қанағаттанарлықсыз баға алған 2–8-ші, 10-шы сынып оқушыларына қолданылады.

Шартты көшіру оқу жылы бойы ғылым негіздері бойынша жүйелі үлгермеушіліктің себебінен жылдық (қорытынды) қанағаттанарлықсыз баға алған оқушыларға қолданылмайды.

2. Оқушыны келесі сыныпқа шартты түрде көшіру туралы шешімді педагогикалық кеңес білім алушының белгіленген мерзімде біліміндегі кемшіліктерді жою мүмкіндігін ескере отырып, сондай-ақ ата-аналарының келісімімен қабылдайды. Оқушының оқу үлгерімі табеліне сәйкес жазба жасалады.

Шартты түрде ауысу құқығы бір оқушыға мектепте оқыған кезең ішінде кем дегенде екі рет беріледі.

3. Келесі сыныпқа шартты түрде көшірілген оқушылармен оларға сәйкес пәннің оқу бағдарламасын толық көлемде меңгерту мақсатында алғашқы оқу тоқсаны ішінде арнайы пәндер өткізіледі. Осы жұмыстың нысандары мен әдістерін мұғалім оқушының білім деңгейіне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне қарай айқындалады, соңғы сабақта жазбаша бақылау жұмыстарын алу немесе оқушылардан ауызша сауалдама алу жолымен оның нәтижелері шығарылады. Жазбаша бақылау жұмыстары оқу жылы аяқталғанға дейін мектепте сақталады.

Қорытынды сабақтың нәтижелері бойынша педагогикалық кеңес оқушыны келесі сыныпқа толық көшіру немесе оны алдыңғы сыныпта оқыту туралы шешім қабылдайды.

4. Педкеңестің шешімінің негізінде мектеп директоры бұйрық шығарады, ол үш күндік мерзім ішінде оқушылар мен оның ата-аналарына хабарланады.

5. Келесі сыныпқа шартты түрде көшірілген оқушылар оқу жылының басындағы есепте шартты түрде көшірілген сыныптың тізімінде көрсетіледі.

Дереккөз: № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль