Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

83
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Мақсаттары: - оқушыларға дұрыс тамақтанудың мәнін түсінуге көмектесу; - байқағыштығын, логикалық ойлауын, бейнелі ойлауды, зейінді, жадыны дамыту; - адам еңбегіне, тамақ өнімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жақсы өмір сүру үшін ас үлесімен тату болайық!

Іс-шара барысы

Ұйымдастыру сәті

Қоңырау соғылды!
Сабақ басталды!
Орыс тілі? Жоқ!
Математика да емес!
Жаңа пән:
Жаңа буын
Денсаулықты таңдайды!

Тақырыпқа кіріспе

Мұғалім. Қымбатты балалар! Сынып сағатын бастамас бұрын, сендерге С. Михалковтың «Тамақты нашар жейтін қыз туралы» өлеңін тыңдауды ұсынамын. Ал сендер сабағымыздың қандай тақырыпқа арналатынын табуға тырысыңдар.

Юля ас ішуді құнттамайды,
Ешкімді де тыңдамайды.
– Жұмыртқа же, Юлечка!
– Қаламаймын, анашым!
– Шұжық қосқан бутерброд! –
Юля аузын жабады.
– Сорпа?
– Жоқ...
– Котлет?
– Жоқ...
Юляның түскі асы суып қалды.
– Не болды саған, Юлечка?
– Ештеңе, анашым!
– Бір рет қана ұртташы,
Қарның тойып қаласың!
Аяшы бізді, Юлечка!
– Өйте алмаймын, әжешім!
Анасы мен әжесі –
Көздеріне жас алды!
Глеб Сергеевич Пугачты –
Балалар дәрігерін қарсы алды.
Ренішпен, байыпты:
– Тәбетің жоқ па сенің?
Дегенмен, көріп тұрмын,
Ауру қызға ұқсамайды!
Қызым, саған айтарым:
Аң да, құс та тамақтанады.
Қояндар да, мысықтар да
Барлығы да ас ішеді.
Ат сұлыны шайнайды.
Ауладағы күшік сүйек кеміреді.
Торғайлар дәнді шоқиды,
Қай жерден тапса сол жерде,
Таңертең піл де тамақ жер –
Жемісті жақсы көреді ол.
Қоңыр Мишка бал жалайды.
Інінде Крот ас ішер.
Маймыл бананды жесе,
Қабан жаңғақ іздейді.
Сұр қарлығаш шіркей іздейді.
Тышқан сыр кесегін ұнатады...
Юлямен қоштасты –
Глеб Сергеевич Пугач.
Юля ашты қабағын:
– Тамақ берші, анашым!

Негізгі бөлім

Мұғалім. Балалар, біз бүгін тамақтану туралы айтатын боламыз. Біздің сынып сағатымыздың тақырыбы – «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме».

«Дүниеде барлығынан не қымбат?» деген жұмбақты шешіп көріңдер. Дұрыс, әрине, денсаулық.

Денсаулық – адамның табиғаттан алған ең қымбат сыйы. Ал денсаулық болу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Дұрыс тамақтану – ұзақ та саламатты өмір сүру құпиясының бірі.

Философ Сократ айтқандай: «Адам өзі жеген тамағына ұқсайды». Бұл деген, демек, шыдамды, денің сау болу үшін, құрамында пайдалы заттары бар тамақты жеу керек деген сөз.

Ал қазір жұмбақтарды шеше отырып, нені жейтіндеріңді айтыңдар.

Бұлғаңдатар құйрығын –
Өзі де жоқ, ізі де. (Балық)

Қайнатып та жейміз,
Жарылады кейде.
Егер тіпті қаласаң,
Құсқа айналар бейне. (Жұмыртқа)

Қаймақ та емен, ірімшік те
Ақпын, тәттімін мен... (сүзбе).

Албыраған, дөңгелек,
Бұтақта мен өсемін:
Үлкендер де, кіші де
Таба алмайды жесе мін. (Алма)

Жүйектерді жағалай,
Өсем, бірақ жақпаймын:
Мейлі, қайда бармайын,
Жылатамын – сол қайғым. (Пияз)

Қызыл моншақ ілінген,
Бұталарға қаратар.
Бұл моншақты балалар,
Құс та, аю да ұнатар. (Таңқурай)

Жерде қызыл мұрын өсті,
Сыртында жасыл құйрығы.
Жасыл құйрық керек емес-ті,
Керегі маған – қызыл мұрны. (Сәбіз)

Жаз бойы тырыстым –
Киіндім, киіндім...
Қалай күз келді,
Үйілді киім мың,
Жүздеген киіммен бір бөшкеге жиылдым. (Қырыққабат)

Дәрумендер туралы әңгіме

Мұғалім. Адамдар неге міндетті түрде жидектерді, жемістерді, көкөністерді пайдалануы керек? (Оларда дәрумендер көп)

Дұрыс. Адам ағзасы – үлкен техника іспетті және оның өмір сүруі үшін биологиялық белсенді заттар қажет. Бұл – дәрумендер. Олар латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді. («Дәрумендер» А, В, С, D, Е әріптерімен белгіленеді)

Олар біздің ағзамызға өсімдік және таза тағам арқылы келіп түседі. Көкөністерде, жемістерде, ет және сүт тағамдарында, жидектерде және т. б. болады. Ағзадағы әр дәрумен белгілі бір өзіндік қызмет атқарады. Қандай қызметтер? Олар өздері айтсын.

Барлығы хормен:

А, В, С, Д, Е дәрумендері – біз осылай аталамыз,
Денсаулықтарыңның зор болуына көмектесеміз.

А дәрумені көру қабілеті үшін өте маңызды және ағзаның өсуіне ықпал етеді. Тағамда оның жетіспеушілігінің кесірінен балалардың бойы нашар өседі.

Қарапайым шындық бұл –
Шикі сәбіз жесең,
Көзің жақсы көреді
Сәбіз шырынын ішсең.

В дәрумені жүрек жұмысын жақсартады. Ағзаны нығайтады, күш-қуат береді, қан түзілімі процесіне қатысады.

Таңсәріден таңғы асқа,
Сұлы ботқа пайдалы.
Қара нан да маңызды,
Жесең оны қайда да.

С дәрумені ағзаны нығайтады, адам салқын тиіп жиі ауырмайтын болады, тұмаумен ауырғыңыз келмесе, жаңа піскен жемістер мен шикі көкөністерді көбірек жеу керек.

Суық тиіп ауырсаңыз баспамен,
Апельсин жеп бастаңыз ем.
Одан жақсы лимон,
Өте қышқыл, қашпаңыз сіз.

D дәрумені дененің барлық тінін, сүйек жүйесін нығайтуға әсер етеді. Ағзада күн сәулесінің әсерімен де түзіледі, сондықтан денің сау болу үшін жазда күнге қыздырынған пайдалы.

Балық майы маңызды,
Жағымсыздау, сонда да іш.
Аурудан ол құтқарар
Сырқатсыз болу – тәнге күш!

Е дәрумені ағзаның өсуі мен дамуы процесіне қатысады. Оны сұлулық дәрумені деп те атайды. Егер сіз Е дәрумені көп өнімдерді көбірек жесеңіз, сымбатты боласыз.

Е дәруменін қабылда,
Бойың өсер, ойың да
Жақсы өмір сүресің.

Балалар «Егер досыңмен жолға шықсаң» әнінің әуенімен дәрумендер туралы әнді орындайды.

Пайдамыз да көп біздің,
Ауадай аса керекпіз.
Барлық тағам ішінде,
Ұмытпаңыз ерек сіз!

Қайырмасы:
Отбасымыз біз үлкен,
Доспыз барлық адаммен.
Бізсіз өмір сүре алмайсыңдар!
Дәрумен, дәрумен!
Денсаулық сыйлады бізге,
Тезірек достасыңдар онымен!

Бізді бекер атамайды
«Денсаулық әліппесі» деп.
Сендердің өсулеріңе,
Көмек береміз мектептен.

  • Балалар, А, В, С, D, Е дәрумендері бар тағамдарды атаңдар.

Дене шынықтыру минуты (көзге арналған гимнастика)

Көз де демалуы керек. (Балалар көздерін жұмады)

Терең демалу керек. (Терең тыныс алу. Көз жұмылған күйі тұрады)

Көз дөңгелене қозғалады. (Көз ашық. Көз қарашығының сағат тілімен және сағат тіліне қарсы қозғалысы)

Көп рет көзді ашып-жұму керек. (Көзді жиі ашып-жұму)

Көз жақсы боп қалды. (Жұмулы көздерге саусақ ұшын жеңіл ғана тигізу)

Менің көздерім бәрін көреді! (Көз ашық. Жүзінде күлкі)

«Біздің тағамымыз неден тұрады» әңгімесі

Ағзаның қалыпты қызметі үшін басқа да құнарлы заттар қажет етіледі. Ағзаның өсуіне бірінші кезекте ақуыз керек.

Ақуыз – ағзаның құрылыс материалы. Олар адам денесі салмағының бес бөлігін дерлік құрайды. Ақуыз бәрінен де жануарлардан алынатын өнімдерде: етте, балықта және сүтте көп. Ол өсімдіктердің құрамында да бар. Әсіресе үрмебұршақта, ірі бұршақта, сояда, қарақұмық жармасында, жаңғақта көп.

Көптеген өнімдерде ақуыздан басқа майлар бар. Майлар – энергияның негізгі көзі. Май сары майда көп, әрине. Сары май мен өсімдік майы толығымен майдан тұрады. Дегенмен май сүт тағамдарында, ет пен балықта да бар. Онсыз адам жұмыс істеп, оқып, спортпен шұғылдана алмас еді. Бұдан бөлек, майлар ағзаның ауруға қарсы тұруына көмектеседі. Алайда майлы тағамды көп жеген зиян.

Барлық балалар тәттіні жақсы көреді. Онда да ақуыз бен майлар бар, бірақ бәрінен де онда көмірсулар көп. Көмірсулар да май сияқты біздің ағзамыз үшін энергия көзі болып табылады. Көмірсулар кез келген тәтті тағамдарға ерекше дәм береді. Олар көкөністерде, жемістерде, жидектерде, нанда, жармада көп.

Дұрыс тамақтану деген не?

Сендер біздің тағамдарымыздың неден тұратынын, ағзамызға қандай заттар керек екенін білдіңдер, бұл заттардың қандай өнімдерде бар екенін көрдіңдер. Алайда тағам біздің денсаулығымызға пайдалы болу үшін, белгілі бір ережелерді сақтау керек.

  • Тамақтанар алдында қолыңды сабындап жу.
  • Тамақтану тәртібін сақтауға тырыс (таңғы ас, түскі ас, түстік, кешкі ас).
  • Тамақты асықпай, шағын мөлшерде же, аузыңды жапқан күйі тағамды асықпай шайна.
  • Тамақ ішіп отырғанда сөйлеме және кітап оқыма.
  • Шамалап іш, тойып тамақ жеме.
  • Өте майлы, ащы, тұзды тағамдардан бойыңды аулақ сал.
  • Тәттіні көп жеме.
  • Әртүрлі аспен тамақтануға тырыс, ағза барлық қажеттіні алуға тиіс.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль