Еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу

14
Еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу
Еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу
Еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу тәртібі

«Білім туралы» ҚР Заңының 52-б. 7-т. сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

  • 18 сағат: орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн; білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
  • 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
  • 30 сағат: интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
  • 25 сағат: арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ЕК) 139-б. 10-т. мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.  Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кейбір білім беру ұйымдарында маман жетіспеуінен педагогтар 1,5 және одан да көп ставкамен жұмыс істейді. Осыған байланысты педагог қызметкерлер 1 ставкадан асатын мөлшерлемемен тарифтеледі немесе қоса атқару бойынша шарт жасасады. Сәйкесінше, педагогтар еңбек демалысына шыққанда қомақты көлемдегі жәрдемақы алуға, қоса атқару бойынша жұмыс істеген жағдайда – негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша сауықтыруға арналған жәрдемақы аламын деп сенеді.

Бұл мына құжаттарда қарастырылған

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ арасындағы 2015–2017 жылдарға арналған салалық келісіммен (бұдан әрі – салалық келісім). Тараптар азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын бергенде оларға айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуге келісті. Мұғалімдерге, қосымша білім беру педагогтарына, оқытушыларға берілетін жәрдемақы мөлшері оларға еңбек демалысын берген күніндегі нақты оқу жүктемесіне қарай есептеледі. Қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалады және төленеді.

Аймақтық келісіммен білім беру ұйымының ұжымдық шарттарында мыналар нақтыланды: «Біреуден астам ставкасы бар педагогтармен қоса атқару бойынша шарт жасалады. Қоса атқару бойынша жұмыс істегенде сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқару бойынша бір уақытта төленеді. Сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемі әрбір нақты қызметкерге бекітілген тарифтік ставкаға пропорционалды түрде жүргізіледі».

ЕК-нің 154-б. 2-т. салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылатыны бекітілген.

Осылайша, салалық келісім білім басқармасы органдарына, білім және ғылым ұйымдарына, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымына қолданылады. Салалық келісімнің негізгі ережелері оларды облыстық, қалалық және аудандық салалық келісімдерге, сондай-ақ жұмыскерлер мен Министрліктің қарауындағы, кәсіподақтың құрамына кіретін ұйым жұмыс берушілері арасындағы ұжымдық шарттарға енгізудің міндетті негізі болып табылады. Еңбек және ұжымдық шарттардың талаптары жұмыскерлердің еңбек заңнамасымен және осы келісіммен бекітілген құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс. Осы ережеден туындайтын ережелер минималды болып табылады және сала ұйымдарында облыстық, қалалық және аудандық келісім, ұжымдық шарт жасасқанда алынбайды немесе қысқартылмайды.

 Өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады (ЕК-нің 154-б. 3-т.), яғни Облыстық білім басқармасы мен Кәсіподақ қоғамдық бірлестігі арасындағы Әлеуметтік әріптестік туралы келісім облыстық білім беру ұйымдарына қолданылады.

ЕК-нің 158-б. 3-т. сәйкес ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым жұмыскерлеріне және оған қосылған жұмыскерлерге қолданылады. Қосылу тәртібі мен шарттары ұжымдық шартта айқындалады.

ЕК-нің 154-б. 7-т. сүйене отырып, тараптар өкілдерінің келісім жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе келісім жасасудан негізсіз бас тартуы ҚР-ның заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл ретте ЕК-нің 157-б. 3-т. сәйкес ұжымдық шарт ҚР еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.».

Осы мәселе өз кезінде бірқатар сауал тудырғандықтан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққанда айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу мәселесі бойынша түсіндірме хат» (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 16.05.2008 ж. № 06-01-17\9257-ЮР хатына қосымша) жариялады. Хатта еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді делінген. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді. Бұл ретте еңбек мөлшері еңбек өлшемін құрайды, яғни белгілі сападағы еңбектің белгіленген мөлшері бар, ол еңбекақыны саралаудың негізі болып табылады. Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйым жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскерлер) еңбегіне ақы төлеу жүйесі еңбекке уақыт бойынша және/немесе кесімді ақы төлеу жүйесі болып табылады. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу

  • азаматтық қызметшілер лауазымдары тізбесінің (білікті жұмысшыларды қоспағанда);
  • ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық айлықақыға қолданылатын коэффициенттердің және т. б. негізінде еңбекке ақы төлеуден тұрады.

Еңбекке уақыт бойынша ақы төлегенде жұмыс істелген уақыт ескеріледі және әрбір нақты қызметкердің біліктілігін ескере отырып белгіленген тарифтік ставканың немесе лауазымдық айлықақының негізінде төлем жүргізіледі. Осыған байланысты сауықтыруға арналған жәрдемақы әр жұмыскердің еңбегінің мөлшеріне, атқарып отырған лауазымына, орындайтын жұмысына және т.б. қарай жекелей белгіленеді және төленеді. Мысалға, педагог қызметкер қоса атқару бойынша, толымсыз жұмыс күні режимі бойынша – аптасына 20 сағат ауылдық жерде орналасқан балабақшада жұмыс істейді. Сауықтыруға арналған жәрдемақы ауылдық жердегі 20 сағатты құрайтын жұмысы үшін көтермелеуді ескере отырып есептелген лауазымдық айлықақының мөлшерінде төленеді.

Осы хатта қоса атқару бойынша жұмыс істеген жағдайда жәрдемақы төлеу түсіндіріледі. Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы. Сауықтыруға арналған жәрдемақы азаматтық қызметшілерге жұмыс уақытының ұзақтығына қарай төленетінін ескере келе (0,5 немесе 1,5 ставка), қоса атқару бойынша жұмыс істеген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмыс орны бойынша бір уақытта төленеді.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль