Ата-аналар комитеті

7
Ата-аналар комитеті
Ата-аналар комитеті
Ата-аналар комитетінің мүшелері өз атынан жалпы мектептік конференцияларда, кеңестерде, әкімшілікпен кездесулерде сыныптағы қалған ата-аналардың мүддесін білдіреді.

Ата-аналар комитетінің сыныптағы оқушылардың ата-аналарынан, ерікті нысанда, қағида бойынша, 5–7 адамнан құралады, және оны жиналыста жалпы дауыс беру арқылы бір жылдық мерзімге сайлайды. Ата-аналар комитеті өкілдерінің бірі жалпы дауыс беру жолымен төраға етіп тағайындалады және мектеп деңгейіндегі ата-аналар комитетінің құрамына кіреді.

Комитеттің ішкі мәжілістері оқу жылы бойы кем дегенде 3–4 рет өтеді (тоқсан немесе триместр), ал мұнда қабылданған шешімдер міндетті түрде жиналыс хаттамаларына тіркеледі және төрағада сақталады.

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер.

1. Ата-аналар комитеті мектепті басқарудың алқалы органы болып табылады және мектеп жарғысына сәйкес әрекет етеді.

2. Ата-аналар комитеті қоғамдық басқару органы болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектеп әкімшілігімен, мектеп кеңесімен, педкеңеспен және басқа қоғамдық басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

3. Ата-аналар комитеті педагогикалық ұжымға білім беру үдерісін, білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруда және білім алушыларды әлеуметтік қорғауда көмек көрсету үшін құрылады.

4. Ата-аналар комитеттері сыныпты қоғамдық өзіндік басқару органы ретінде әр сыныпта да құрылады.

2. Негізгі міндеттері.

2.1. Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері мыналар:

  • білім беру үдерісін жетілдіру, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұлғаның еркін даму жағдайын жетілдіру;
  • білім алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • білім беру үдерісін жетілдіру, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша мектептің басқарма органдарымен, әкімшілікпен ынтымақтастық;
  • мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысу.

3. Қалыптастыру тәртібі мен құрамы.

3.1. Мектептің ата-аналар комитеті сыныптың ата-аналар комитеті төрағаларының қатарынан сайланады.

3.2. Сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі. Сыныптың ата-аналар комитетінің сандық және дербес құрамы сыныптың ата-аналар жиналысында анықталады.

3.3. Мектептің ата-аналар комитетінің құрамы жалпы мектептік ата-аналар жиналысында ағымдағы жылдың 20 қазанынан кешіктірмей сыныптың ата-аналар комитеті төрағаларының қатарынан сайланады.

3.4. Мектептің ата-аналар комитетінің құрамына міндетті түрде шешуші дауыс құқығымен мектеп әкімшілігінің өкілдері кіруі тиіс.

3.5. Мектептің ата-аналар комитетінің құрамына кеңесу дауысы құқығымен немесе мұндай құқықсыз қоғамдық ұйым өкілдері, педагог қызметкерлер және т. б. кіре алады. Оларды шақырту қажеттілігі мәжілістің күн тәртібіне қарай ата-аналар комитетінің төрағасымен айқындалады.

3.6. Мектеп пен сыныптың ата-аналар комитеті мүшелерінің құрамынан комитеттің төрағасын сайлайды. Ата-аналар комитеті қоғамдық бастамалармен жұмыс істейді және ата-аналар комитетінің бүкіл құжаттамасын жүргізеді.

3.7. Мектеп пен сыныптың ата-аналар комитеті бір жылдық мерзімге сайланады.

4. Өкілеттіктері. Құқықтары. Жауапкершілігі.

4.1. Мектептің ата-аналар комитеті мектептің жарғысына сәйкес келесі өкілеттіктерге ие:

  • білім беру үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз етуге ықпал етеді (оқулықтарды сатып алуға, көрнекі әдістемелік оқу құралдарын дайындауға қатысты көмектеседі);
  • сыныптың ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіреді;
  • білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді;
  • жалпы мектептік іс-шаралар өткізуге ықпал етеді;
  • білім беру ұйымын жаңа оқу жылына дайындауға қатысады;
  • білім беру ұйымының әкімшілігімен бірге білім алушылардың тамақтану, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылайды;
  • жалпы мектептік ата-аналар жиналысын өткізуде білім беру ұйымының әкімшілігіне көмек көрсетеді;
  • білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша өз атына түскен жүгінімдерді, сондай-ақ осы ережемен ата-аналар комитетінің өкілеттігіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінімдерді қарастырады;
  • білім беру ұйымының ата-аналар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті актілерін талқылайды;
  • білім беру үдерісін ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайын ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормаларды сақтауға қатысады;
  • мектептік салт-дәстүрді, мектептің өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен;
  • кәмелетке толмаған білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың, бақылаусыздық пен қорғансыздықтың алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен;  
  • ата-аналар комитетінің өкілеттігіне жататын басқа мәселелер де бойынша жалпы мектептік іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша білім беру ұйымының өзіндік басқарма органдарымен өзара әрекеттестікте болады.

4.2. Егер өкілетті тұлғалар немесе органдар ата-аналар комитетінің өкілеттігінің шегінен тыс өкілеттіктерін оларға берсе, мектептің ата-аналар комитеті білім беру ұйымының күнделікті өміріне қатысты өзге де мәселелерді қарастыра алады.

4.3. Ата-аналар комитеті осы ережемен бекітілген құзыреттеріне сәйкес құқылы

  • білім беру ұйымының әкімшілігіне, өзіндік басқарма органдарына ұсыныс жасауға және оларды қарастыру нәтижелері жөнінде ақпарат алуға;
  • түсініктеме алу үшін мекемелер мен ұйымдарға жүгінуге;
  • білім беру ұйымының әкімшілігінен, оның өзіндік басқарма органдарынан ақпарат алуға және тыңдауға;
  • өз мәжілісіне сыныптың ата-аналар комитетінің ұсынымы бойынша білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) шақыртуға;
  • білім беру ұйымының жергілікті актілерін талқылауға қатысуға;
  • қарастырылатын жүгінімдер бойынша түсіндірмелер беріп, шаралар қолдануға;
  • отбасында балаларды тәрбиелеуден жалтаратын ата-аналарға қоғамдық айыптау шығаруға;
  • білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) белсенді жұмысы үшін, жалпы мектептік іс-шаралар өткізуге көмек көрсеткені үшін және т. б. марапаттауға;
  • өз қызметтерін орындау үшін тұрақты немесе уақытша комиссия ұйымдастыруға. Білім беру үдерісінің мүшелерін материалдық қолдауға қор жасауға;
  • ата-аналар комитетінің төрағасы  өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша педагогикалық кеңестің, өзге өзіндік басқарма органдарының жекелеген мәжілістеріне қатыса алады;
  • мектептің бюджеттен тыс қаражатының, ерікті ата-аналар қаражатының есебінен көмекке мұқтаж оқушылардың отбасыларына материалдық көмек мөлшерін бекітуге.

4.4. Ата-аналар комитеті мыналар үшін жауап береді

  • жұмыс жоспарын орындауға;
  • шешімдерді, ұсынымдарды орындауға;
  • отбасылық және қоғамдық тәрбие мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығы мен білім алушыларжың ата-аналары арасында өзара түсіністік орнатуға;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес сапалы шешім қабылдауға;
  • жекелеген мүшелерінің немесе бүкіл комитеттің әрекетсіздігіне;
  • оның жұмысына қатыспайтын ата-аналар комитетінің мүшелері төрағаның ұсынымы бойынша сайлаушылармен қайта шақыртылуы мүмкін.

5. Жұмыс тәртібі.

5.1. Ата-аналар комитеті жұмыс жоспарына сәйкес мәжіліске тоқсанына кем дегенде бір рет жиналады. Ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары мектептің жұмыс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.

5.2. Егер мәжіліске ата-аналар комитетінің сандық құрамының 2/3 бөлігі қатысса, ол заңды деп саналады.

5.3. Ата-аналар комитетінің шешімдері жай ғана көп дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда ата-аналар комитеті төрағасының дауысы шешуші дауыс болады.

5.4. Қағида бойынша, ата-аналар комитетінің мәжілісін мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы жүргізеді. Бүкіл құжаттамаға да ол жауап береді және жұмыс біткенде оны мұрағатқа өткізеді.

5.5. Білім алушыларға қатысты мәселелерді қарастырғанда ата-аналар комитетітінің мәжілісіне білім алушының ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті түрде қатысуға тиіс.

5.6. Мектептің ата-аналар комитетінің өкілеттіктерінің шегінде және заңнамаға сәйкес қабылданған шешімдері ұсынымдық сипатқа ие және мектеп әкімшілігіне хабарланады.

5.7. Мектеп әкімшілігі бір айлық мерзім ішінде ата-аналар комитетінің шешімін қарастырып, сәйкес шешім қабылдауы және оны ата-аналар комитетіне хабарлауға тиіс.

6. Құжаттама.

6.1. Ата-аналар комитетінің мәжілістері хаттамамен ресімделеді. Хаттамада мәселелерді, ата-аналар комитеті мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін талқылау барысы тіркеледі. Хаттамаларға ата-аналар комитетінің төрағасы қол қояды.

6.2. Мектептің ата-аналар комитетінің құжаттамасы үнемі білім беру ұйымының істерінде сақталады және акт бойынша тапсырылады. Бекітілген тәртіпке сәйкес ата-аналар комитетінің құжаттамасы мұрағатқа өткізіледі. 

Дереккөз: № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль