text
MCFR.KZ Образование

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық нұсқаулығы

  • 21 июля 2017
  • 380
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық нұсқаулығы
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық нұсқаулығы

Тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайын зерттейді, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалдық жағдайларын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды анықтайды және оларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, формаларын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық құқықтары мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды.

Оқушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен мекеме, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызмет, ведомстволар, әкімшілік органдарының мамандары арасында дәнекер болады.

Білім беру ұйымдарындағы оқушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту әрі әлеуметтік қорғау бойынша және тұлғаны қоғам өміріне бейімдеуді қамтамасыз ететін тұратын жері бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады.

Патронат, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Сабақтан тыс уақытта таланттарды, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай туғызады.

Әлеуметтік ортада гуманистік, адамгершілік тұрғысынан дұрыс қатынастың қалыптасуына ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара байланыс жасайды. Білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген.

Білу керек

ҚР Конституциясын; ҚР Еңбек кодексін; «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін; «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңдарын және білім беру мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелігіне қарай және балалар психологиясын; валеология мен әлеуметтік гигиенаны; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемені; тәрбие жұмысы әдістемесін; педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау мен бағдарламалауды; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын; санитариялық қағидалар мен нормаларды.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль