Біліктілікті арттырудың визуалды органайзерлері

11
Визуалды органайзерлер
Визуалды органайзерлер
Қандай да бір білім беру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін көптеген графикалық техникалар бар. Олар көрнекілік, коммуникативтік және танымдық қызмет атқаратын дидактикалық құралдар ретінде ғана емес, сондай-ақ білім беру жобаларын жоспарлауға, шешім қабылдауға, зерттеулерде оқушылардың жұмысына қолдау көрсету үшін қолданылады.

Үнемі артып отыратын ақпарат көлемі мен оны жаңарту білім беру мазмұнының негізін құрайтын оқу материалын ұйымдастыру мен құрылымдауда негізгі қиындықтар тудырады. Оның элементтерінің алуан түрлілігі мен өзара байланысы бірыңғай оқу үдерісін ұйымдастыруды қиындатады. Ақпарат оқытушы мен оқушы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, ол оқу үдерісін оның компоненттері – ұстаздың қызметі мен білім алушының қызметі арқылы құрылымдайды. Сондықтан мұғалім оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары мен тиімді тәсілдерін, оқу материалын қабылдау мен өңдеудің тәсілдерін дамытуы тиіс. Осындай дағдылардың бірі – ақпаратты визуалдау машығы. Бұл тәсіл оқушының ойлау және танымдық қызметін белсендіруге және оны танымдық әрі қызметтік тұрғыдан дайындауға мүмкіндік береді.

Мазмұнды жеткізудің көрнекі құралдарын қолданатын визуалды қарым-қатынас құралдары графикалық (визуалды) органайзерлер деп аталады. Графикалық органайзерлер – бұл ақпаратты есте сақтауды, меңгеруді, талдауды немесе қолдануды жақсарту үшін оны қағаз бетінде (немесе компьютердің экранында) бейнелеуге көмектесетіндердің бәрі. Ақпаратты визуалдандыру барысында оқушы ойланады, зерделейді, ақпараттың визуалды-тұжырымдамалық кілтін елестете отырып, оны басынан өткереді. Оқушылар ақпаратты іздеу, растау, жүйелеу және дәлелдеу, пәнаралық байланыстарды табу тәсілдерін меңгереді.

Ақпаратты графикалық түрде елестету мәтінмен жұмыс істеу машығын дамытуға ықпал етеді, себебі ол басты ойды тұжырымдауға, негізгі сөздерді бөліп көрсетуге, мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге, ақпаратты екінші дереккөздер түрінде (жоспар, алгоритм, кесте, схема) жеткізуге, оны түсіндіруге (формулаларды, теңдеулерді «оқу»), визуалдыдан ауызшаға немесе керісінше қайтадан кодтауға мүмкіндік береді. «Графикалық органайзерлер» тақырыбы білім мазмұнын жаңарту бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында оқытылады.

Осы құралдың білім саласына пайдасын Білім саласындағы зерттеулерді ілгерілету институты (АҚШ) 2003 ж. дәлелдеген болатын, ол визуалды оқыту құралдарын қолданудың 29 зерттеуіне жасалған шолуларды жариялаған. Көптеген зерттеулерде нақты графикалық органайзерлер жөнінде айтылған болатын. Ғалымдар оны қолдану студенттердің бірнеше бағыттағы көрсеткіштерін жақсартатынын анықтады. Атап айтсақ:

  • – Ақпаратты есте сақтауды жақсартады – ол визуалды, сондай-ақ мәтін түрінде ұсынылған жағдайда.
  • – Оқығанын түсінуі жақсарады.
  • – Оқу үлгерімі жақсарады, соның ішінде оқуда қиындықтары бар студенттердің.
  • – Сыни ойлау дағдылары жетіледі.

Осы мақалада біз қандай да бір визуалды нәтижені болжайтын ақпаратпен жұмыс істеу әдісі мен тәсілін де графикалық органайзерлерге жатқызамыз. Отандық педагогикалық практикада жалпыға ортақ органайзерлер сыныптамасы жоқ, бірақ батыс педагогикалық әдебиеттерінде авторлар визуализаторларды бірнеше топқа бөледі.

Визуалды органайзер түрлері

Біліктілікті арттырудың визуалды органайзерлері

Біліктілікті арттырудың визуалды органайзерлері

+

Біліктілікті арттырудың визуалды органайзерлері

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын № 7-2017 «Білім беру ұйымының әдіскері» журналынан оқи аласыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль