Медбикенің атқарымдық міндеттері және оның жұмысын жоспарлау

28
Медбикенің атқарымдық міндеттері және оның жұмысын жоспарлау
Медбикенің атқарымдық міндеттері және оның жұмысын жоспарлау
Медбике ҚР Еңбек кодексінде және еңбек шартында көзделген тәртіппен қызметке тағайындалады және босатылады.

Медициналық қызмет жұмысын ұйымдастыру


Медбике лауазымына орта медициналық білімі бар, жедел медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстың тәжірибелік дағдыларын, сондай-ақ қажетті құжаттаманы рәсімдеу машығын меңгерген медицина қызметкері тағайындалады.

Медбике мектеп директорына бағынады және соның басшылығымен жұмыс істейді.

Өз қызметінде

  • мектеп жарғысын;
  • еңбек шартын;
  • мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
  • лауазымдық нұсқаулықты;
  • жұмыстың орындалатын тараулары бойынша ресми құжаттарды;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын басшылыққа алады.

Медбике жұмысының негізгі бағыты – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.

Лауазымдық міндеттері

Мектеп медбикесі мынадай лауазымдық міндеттерді орындайды:

  • қызметкерлердің міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданар кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезеңінде) медициналық тексеруден (қаралу) өтуіне жауап береді;
  • медициналық мекемеден алған мәліметтер негізінде мерзімді медициналық тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;
  • саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттайды, токсикомания мен нашақорлық, маскүнемдік пен шылым шегушіліктің алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізеді;
  • өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлейді;
  • оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, спортзалдардың, тұрғын және басқа да үй-жайлардың, сондай-ақ асхананың, буфеттің қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитариялық-гигиеналық жағдайына ағымдағы бақылау жасайды;
  • ауырып қалған және жарақат алған балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, бұл туралы директорға және ата-аналарына (заңды өкілдеріне) хабарлайды, солардың келісімімен жарақат алғандар пунктіне немесе стационарға жіберу туралы шешім қабылдайды;
  • жарақаттанудың алдын алу және жұмыскерлердің, оқушылардың ауруларын азайту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді;
  • директормен, ата-аналар қоғамдастығымен бірлесіп тамақтануды ұйымдастыру, азық-түлік сұрыпталымын жақсарту, тағамды сапалы дайындауға жағдай туғызу және олардың асхана мен буфетте іске асырылуы бойынша шаралар қабылдайды, дайын өнімдердің сынамасын алады;
  • медициналық қызмет көрсету мен сауықтыру жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік мекемелермен бірлесіп шаралар қабылдайды;
  • эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егудің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • еңбек және білім беру процестерінің қауіпсіз жағдайларын, жұмыс және оқу орындарындағы еңбек және оқу жағдайларының жай-күйін, сондай-ақ жұмыскерлер мен оқушылардың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді;
  • карантин кезінде балаларды қабылдауға күн сайын қатысады;
  • дәрі-дәрмектің, медициналық құрал-жабдықтың уақтылы алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;
  • медициналық кабинеттің реттілігін бақылайды, асептика мен антисептика ережелерінің сақталуын, құралдардың өз біліктілігі шегінде өңделуін қамтамасыз етеді;
  • қажетті есептік-есептемелік құжаттама жүргізеді;
  • өзінің кәсіби біліктілігін орта медициналық персоналға арналған емханада ұйымдастырылатын сабақтарға қатысу жолымен көтереді;
  • техникалық персоналдың жұмысын қадағалайды;
  • мектеп директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс істейді.

Құқықтары

Медбике

  • мектептің санитариялық жай-күйін тексеруге және оның дұрыс сақталуы бойынша техникалық персоналға қажетті нұсқаулықтар беруге;
  • директорға анықталған санитариялық эпидемияға қарсы режимнің бұзылуы туралы мәлімдеуге және оны жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
  • өз міндеттемесін орындауға қажетті ақпарат алуға;
  • директорға өз еңбегін ұйымдастыру мен жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс айтуға;
  • педагогикалық кеңес отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен қатысуға;
  • шағымдармен және оның жұмысының бағасы қамтылған басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсіндірме беруге;
  • оның лауазымдық нұсқаулығына енгізілген өзгерістермен танысуға және оған үн қатуға құқылы.

Жауапкершілігі

Медбике:

  • тәртіптік – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін; жарғыны немесе мектептің басқа да жергілікті құқықтық актілерін бұзғаны үшін;
  • әкімшілік – ҚР қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте, оның кінәсінен өртке қарсы қауіпсіздік ережесі, санитариялық-гигиеналық ережелер бұзылса;
  • материалдық – ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте, мүліктің сақталуына алып келген негізсіз шешім қабылдаудың салдары, оны заңсыз қолданғаны немесе мектепке басқа да залал келтіргені үшін жауаптылықта болады.

Жалғасын  № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль