text
MCFR.KZ Образование

Сабақ кестесін құрастыру қағидалары

  • 20 сентября 2018
  • 2439
Сабақ кестесін құрастыру қағидалары
Сабақ кестесін құрастыру қағидалары

Мектепте сабақ кестесін құрастыру – директор орынбасарының қызметінің аса маңызды әрі күрделі түрлерінің бірі. Шебер құрастырылған сабақ кестесі мектеп жұмысының нәтижелілігін айқындайды, ұстаздар мен білім алушылардың оңтайлы жұмысына жағдай жасайды.

Білім беру қызметі білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға, оқу қызметіне деген оң уәждемені қалыптастыруға бағытталған, сондықтан олардың денсаулығын зиян келтірмеуі тиіс.

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде алты сабақты құрайды. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін пайдаланады.

«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 17.09.2013 ж. № 375 бұйрығына (12.03.2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен) 1-қосымшаның 2-бөлімінің 15-т. мектептегі сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітетіні көрсетілген. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі. Сабақ кестесін құрастырғанда білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін берілетін  ұзақтығы жеткілікті үзілістерді қарастыру қажет.

Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар

Сабақ кестесі дұрыс құрастырылғанда ересек жастағы білім алушылардың қарқынды жүктемесі сейсенбі және сәрсенбі күндеріне келуі тиіс. Орта жастағы білім алушылар үшін – сейсенбі және бейсенбі күндері, сәрсенбі жеңілдетілген күн болуы тиіс. Егер ең көп ұпай саны аптаның соңғы күндеріне келсе немесе ол барлық күнге бірдей бөлінсе, сабақ кестесі санитариялық нормаларға сай келмейді. Үйден дайындалуға көп уақыт жұмсауды талап ететін пәндер мектептегі сабақ кестесінің бір күніне топтастырылмауы тиіс.

Үзілістер ұзақтығы

Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның 2-бөлімінің 16-т. сәйкес мектептің барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 5 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 15 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі.

Сабақтар ұзақтығы

Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның 2-бөлімінің 17-т. сәйкес мектептегі сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, «сатылы» оқу сабақтары үшін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 40-минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар ұйымдастырылады.

 Мектептерде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі

  • бастауыш сыныпта бес сабақтан;
  • 5–9-шы сыныпта жеті сабақтан;
  • жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сабақ кестесін құрастыруға қажетті құжаттар тізімі

Сабақ кестесін құрастырғанда

  • оқу жоспарын;
  • ұстаздардың оқу жүктемесін;
  • сыныптар саны мен сыныптардың толымдылығы туралы мәліметтерді;
  • сыныптардың кіші топтарға бөлінуі туралы мәліметтерді;
  • сынып жетекшілері туралы мәліметтерді жәге сыныптардың оқу кабинеттері ретінде бекітілуі туралы мәліметтерді;
  • оқу кабинеттерінің саны, олардың сыйымдылығы, мұғалімдерге бекіту туралы мәліметтерді;
  • сыныптарды оқу кабинеттеріне орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып, сыныптар мен параллельдерді ауысым бойынша орналастыруды;
  • директордың міндетті әдістемелік күндер, әкімшілік оқытушылық қызметін ұйымдастыру туралы ақпаратты;
  • жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормаларын (Санитариялық қағидаларға 11-қосымша);
  • «20__/20__ оқу жылындағы Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатты;
  • кабинеттер тізімін;
  • қоңыраулар кестесін;
  • оқу кабинеті мен спорт залдарын бос болмауын ескеру қажет. 

Жалғасын  № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты