text
MCFR.KZ Образование

Жеке меншік МДҰ-да тамақтандыру есебі бойынша бастапқы құжаттар

  • 25 июля 2017
  • 102
Жеке меншік МДҰ-да тамақтандыру есебі
Жеке меншік МДҰ-да тамақтандыру есебі

Азық-түлік өнімдерінің түсімі стандартты бухгалтерлік құжаттар бойынша ресімделеді.

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына 35-қосымша негізінде мәзір-талап (299-нысан) (ҚР Қаржы министрінің м. а. 02.08.2011 ж. № 390 бұйрығымен бекітілген).

Түгендеу Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Үкіметінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген). Құжатта МДҰ-да активтерді және міндеттемелерді түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылуға тиіс екені көзделген, оның құрамы бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі. Мұндай бұйрық жылдың басында шығарылады және есеп беру жылының 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Жаңа жылда бұйрық жаңартылады.

Түгендеу комиссиясын құру туралы бұйрықтың нысаны


Бұйрық № 001-п

«20__ жылға Түгендеу комиссиясын бекіту туралы»

20__ жылы активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары негізінде (ҚР Үкіметінің 31.03.2015 ж. № 241 қаулысымен бекітілген) БҰЙЫРАМЫН:

1. (МДҰ атауы) тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы мына құрамда құрылсын:

Комиссия төрағасы – бас бухгалтер (бас бухгалтердің Т. А. Ә.);

Комиссия мүшелері: (лауазымдары, тегі, аты және әкесінің аты көрсетіле отырып, МДҰ-ның кемінде екі қызметкеріайтылады).

2. Жұмыс уақытында жоспарлы және жоспардан тыс (күтпеген) активтерге түгендеу (МДҰ атауы) жүргізілсін.

3. Түгендеу комиссиясы мүшелерінің бірі жұмыстан босатылғанда немесе дәлелді себеппен болмай қалғанда, түгендеу комиссиясының құрамына бірінші басшының бұйрығымен бекітілген басқа қызметкер енгізілсін.

4. Жоспардан тыс түгендеу менің бұйрығым негізінде немесе жазбаша өкім негізінде жүзеге асырылсын.

5. Түгендеу нәтижелері – салыстыру тізімдемесі – түгендеу жүргізілген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітуге маған ұсынылсын.



Бұйрыққа бірінші басшы қол қояды және түгендеу комиссиясы мүшелерінің жеке қол қоюына жеткізіледі.

Түгендеу жүргізудің тәртібі

Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес түгендеу жүргізудің мынадай тәртібі көзделген:

1. Түгендеу жүргізгенге дейін комиссия мүшелері

1) аталған объекті бойынша жүргізілген соңғы түгендеу материалдарымен, соңғы түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен танысады;

2) қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және жеке кіру есігі мен шығуы бар басқа да мүлік сақталатын орындарды пломбалайды;

3) түгендеу жүргізу барысында комиссия жұмысы үшін пайдаланатын салмақ өлшейтін құралдардың дұрыстығын және оларды таңбалаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын тексереді;

4) түгендеу сәтінде кіріс және шығыс құжаттарының соңғы тізілімдерін немесе түгендеуге жататын мүліктердің қозғалысы туралы есепті алады.

2. МДҰ-ның материалдық жауапты тұлғасы, түгенделетін қорлардың сақталуына жауапты адам түгендеу жүргізудің басында жауапты сақталуға келіп түскен барлық қорлардың кіріске алынғаны, ал шығып қалғандардың шығысқа шығарылғаны, ондағы есептілікте жатқан қорларға қатысты барлық шығыс және кіріс құжаттарының бухгалтерлік қызметке тапсырылғаны туралы қолхат ұсынады.

3. Түгендеу түгенделетін қорлардың орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

4. Нақты қалдықтарды тексеру МДҰ-ғы материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте материалдық жауапты тұлға өз учаскесіндегі комиссия мүшесі бола алмайды.

5. Есеп беру мен безбендеу нәтижелері түгендеу тізіміне енгізіледі, бұл – түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күнге қорлардың нақты болуын растайтын, кемінде екі данада жасалатын құжат, оған барлық комиссия мүшелері және МДҰ-ғы материалдық жауапты тұлға қол қояды. Тізім соңында материалдық жауапты тұлға оның қатысуымен қорларды комиссияның тексергенін растайтын, комиссия мүшелеріне қандай да бір шағымның жоқтығы туралы қолхат береді. Түгендеу тізімінің нысаны (Түг-10 нысаны) ҚР Қаржы министрінің 20.12.2012 ж. № 562 бұйрығына 41-қосымшада бекітілген.

Түгендеу соңында «Қорлар есебі кітабының» мәліметтерімен бірге материалдық жауапты тұлғада осы кітап жүргізілетін қорлар номенклатурасының позициялары бойынша түгендеу нәтижелерінің салыстырмалы тізімдемесі жасалады. Табиғи шығын нормалары нақты жетіспеушіліктер анықталған жағдайда ғана қолданылады. Ресімделген түгендеу актілері мен тізімдер, салыстырмалы тізімдемелер бухгалтерлік қызметке тапсырылады.

Бухгалтерияда есеп беру айы ішінде жоғарыда келтірілген формула бойынша жұмсалған қорлардың есебі жүргізіледі, ол бухгалтерлік есепке енгізіледі. Бухгалтерлік есеп бойынша есеп беру кезеңінің соңында қорлардың шығарылған қалдықтары түгендеу мәліметтерімен сай келуге тиіс. Қайшылық анықталған жағдайда табылған кемшіліктер мен артылғандардың себебін анықтау жүргізіледі.

Жетіспеушіліктер немесе артық қалушылық материалдық жауапты тұлғаның «Қорлар есебі кітабында» қорлардың түсімін дұрыс немесе толық көрсетпеген жағдайда ғана туындауы мүмкін, өйткені есеп беру айы ішінде өткізілген шығыс операциялары бухгалтерияда көрсетілмеген.

МДҰ-да МТҚ-ның сақталуына жауапты жұмыскер материалдық жауапты тұлға болуға міндетті. Мұндай жауапкершілік жұмыскерге онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасу жолымен ғана жүктеледі, шарт жұмыс беруші мен жұмыскер арасында міндетті түрде жазбаша нысанда жасалады.

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына 37-қосымшада толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың үлгілік нысаны берілген. Бұл нысанды меншіктің басқа нысандарындағы МДҰ пайдалана алады.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын № 7-2017 «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналынан оқи аласыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль