Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы

17
Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы
Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы
«Әлеуметтік педагог» лауазымы білім беру ортасына енгізілгеніне көп болған жоқ. Оның қажеттілігі ауытқушылық мінез-құлқы бар балалар санының ұлғаюына, балалар арасындағы қылмыстың өсуіне және жағдайы нашар отбасылар санының көбеюіне байланысты туындады.

Бұрын әлеуметтік педагогтың міндетін сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдері атқарды.

Негізінен әлеуметтік педагог лауазымы мектептерде, балабақшаларда, әлеуметтік қызметтерде, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін үйлер мен мекемелерде болады.

Әлеуметтік педагог

  • балалардың, жасөспірімдердің мүдделерін таныстырады және қорғайды;
  • полиция органдарымен, көбінесе кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелермен, соттармен, қамқорлық жасау органдарымен, психологтармен және педагогтармен өзара әрекет жасайды;
  • қиын жасөспірімдермен жұмыс істейді;
  • ата-аналарға кеңес береді;
  • тәрбие ісі бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.

Мектептің әлеуметтік педагогының басымдығында ұжымда дұрыс шағын ахуал құру, тұлғааралық қатынастарды ізгілендіру тұр. Ол сондай-ақ әр оқушының қабілетін іске асыруға, тұлғаның мүддесін қорғауға, бос уақытын ұйымдастыруға, әлеуметтік пайдалы әрекетке қосуға жәрдемдеседі; мұғалімдер мен оқушылардың проблемаларын арнайы зерттейді және оны шешу үшін шаралар қабылдайды. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасыларымен үнемі байланыста болады. Баланы ата-анасының қатігездігінен, өзімшілдіктен, бассыздықтан қорғау проблемаларына айрықша көңіл бөлінеді.

Мұғалімге көбінесе сыныппен немесе топпен жұмыс істеуге тура келеді, негізінен оның әдістері ұжыммен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог жеке тұлғамен – жеке оқушымен, жасөспіріммен, ата-анамен жұмыс істейді.

Әлеуметтік педагог әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды анықтайды. Бұлар – қабілеті жеткен жеріне қарай мектеп курсын игере алмайтын үлгермеуші оқушылар; мектептегі құрдастары арасында немесе отбасындағы күйзелісті басынан кешіргендер. Сондай-ақ бұл балалар – сырқаты бар, әйтеуір бір кемшіліктерге ие, есірткі немесе ішімдіктің дәмін татып үлгерген оқушылар. Олар көбінесе кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия есебінде тұрады.

Әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарының бірі – әлеуметтік жағынан қорғалмаған: қамқорлыққа алынған, мүгедек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалармен жұмыс. Осы санаттарды анықтау үшін оқу жылының басында сыныптың әлеуметтік паспорты жасалады, оның негізінде «Әлеуметтік жағынан қорғалмаған санаттар мәліметтерінің банкі» құрылады.

Оқу жылының өн-бойында әлеуметтік педагогтар мүгедек балалардың ата-аналарына, қамқоршыларға, жанашырларға консультациялық көмек беру бойынша жұмыс жүргізеді; қатысулары мен үлгерімдерін қадағалайды; әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен тұратын жерінің санитариялық жай-күйін тексеру бойынша жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік педагогтар қамқорлыққа алынғандар арасындағы мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру мәселесінде көмектеседі.

Сондай-ақ әлеуметтік педагог шағын аудандағы балалармен жұмыс істейді. Ол шағын аудандағы және мектептегі тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарын жасайды, жоспар балаларды тәрбиелеу мен қорғаудың ортақ проблемаларын шешуде мектеп пен барлық әлеуметтік қызметті біріктіреді.

Мектептегі жұмыс диагностикадан, сыныптың әлеуметтік паспортын жасаудан басталады. Оның негізінде ата-аналардың білімдік мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін мектептің әлеуметтік паспорты жасалады (ата-аналармен жұмысты жоспарлауға қажет). Сондай-ақ отбасының мәртебесі айқындалады – тәрбие жұмысындағы тәсілдемелер толық және толық емес отбасыларының пайыздық арақатынасына байланысты.

Сынып жетекшілерімен бірге балалардың ішінде қайсысына ерекше көңіл бөлу керектігі анықталады. Тәуекел тобындағы балаға әлеуметтік карта ашылады, оған:

  • мінездеме;
  • оқушылардың отбасын тексеру актісі;
  • тоқсандық бағалар;
  • ай сайын қалған күндердің себебін түсіндіру;
  • оқушылармен және отбасылармен жұмыс туралы мәліметтер;
  • әлеуметтік-педагогикалық қызмет өткізетін міндетті диагностикалардың, сауалнамалардың, тестілеудің нәтижелері;
  • сынып жетекшісіне, мұғалімдерге жасөспіріммен жұмыс бойынша ұсынымдар;
  • оқушылардың отбасыларының әлеуметтік картасы;
  • оқушылармен жүргізілетін жеке-профилактикалық жұмыс туралы баяндамалық, түсіндірмелік және басқа да құжаттар кіреді.

Белгілі бір әлеуметтік проблемалары бар: денсаулығы нашар, тұлғааралық қатынаста қиналатын, отбасы мүшелері арасында күрделі қатынас орнаған және т. б. балалар әлеуметтік педагогтың ерекше көңіл бөлуі мен қамқорлығын талап етеді. Белгілі бір жағдайлардың тоғысуы барысында бұл проблемалар шиеленісуі мүмкін, бала әрқашан одан шығар жол таба бермейді. Мұндай жағдайда ол «қиын» балаға айналады. Бұдан арылу үшін әлеуметтік педагог олармен белсенді жұмыс жүргізеді.

Оқуында проблемасы бар балалармен жұмыс істеу үшін пән мұғалімдері кіріктіріледі. Олар балалардың танымдық өрісін дамытумен жұмыс істейді, оқу уәждемесін қалыптастырады, сабақтан тыс кезде оқытуда баланың қиындықтарды және проблемаларды жеңуіне, олардың қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі.

Баланың өзін табуына көмектесу, әлеуметтік жағынан нашар жағдайды қызықты іспен өтеу, жаңа достар мен пікірлестер табу – әлеуметтік педагог жұмысының басты жетістігі. Баланың қызығушылығын анықтау, оның өз қызығушылығы мен қабілетін дамыта алатындай үйірме, секция ұсыну – мұның бәрі тәуекел тобынан шығуға септеседі.

Бірқатар балалармен эмоционалдық ортасын дамыту, сезіну мәдениетін, яғни жағымсыз эмоциясын жағымды, моральдық, этикалық, зияткерлік сезімдермен алмастыра білу қабілетін қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жүргізіледі.

Тұлғааралық қатынастар – мектептегі тәрбие жүйесінің маңызды компоненті. Әлеуметтік педагогтың міндеті – сыныптың психологиялық ахуалын білу, қарым-қатынаста қиындық сезінетін балаларды бақылауда ұстау. Бұл диагностика, бақылау, сынып жетекшілерімен және балалармен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қиын сәтте қасыңнан табылу, қолдау, жағдайдың басын ашып алуға көмектесу және проблеманы шешудің мүмкін болатын жолдарын ұсыну маңызды. 

Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі қағидалары

  • Көп атқарымдылық – мектеп оқушысы мен педагог тұлғасының құқықтарын сақтау мен қорғау жөніндегі алуан түрлі шаралар кешенін орындау.
  • Әділдік – мектеп ұжымы мен жеке тұлғаның өмір сүру және даму факторларының неғұрлым мол есебі; күн ілгері кесіп-пішілмеген ұсынымдар жасау; әр тұлғаның жас ерекшеліктері мен бейімділіктерін, оның адамгершілік және моральдық позицияларын есепке алу.
  • Коммуникативтілік – мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен, дәрігерлермен, психологтармен, заңгерлермен, т. б. өзара байланыс жүйесін ұйымдастыру. Соның арқасында әлеуметтік педагог мектеп ұжымының өмірі, оның жекелеген бөлімдері мен тұлғалары туралы әртүрлі ақпарат алады. Бұл мектептің барлық істері мен процестерінде еркін бағдарлану, білікті көмек құралдарын тез табу үшін қажет.
  • Интеграция – алынған ақпарат құпияның толық сақталуы мен сауалнамаға жауап берушілердің жасырын қалуын қамтамасыз ететін тұйық жүйеге шоғырлануға тиіс.
  • Жеделдік – тез шешу немесе мектеп ұжымындағы әлеуметтік проблемалар мен қарама-қайшылықтардың алдын алу.
  • Репрезентаттық – оқушылардың барлық әлеуметтік топтарының уәкілдігі және олардың мүддесін есепке алу.
  • Бейімделу – қозғалысқа бағдарлану, енжарлықты болдырмау және сыртқы әлеуметтік ортаның, тұлға мен ұжым қасиеттерінің өзгерістеріне тез бейімделу.

Әлеуметтік педагог жұмысының түрлері:

  • мектеп оқушыларымен сабақтан тыс кездегі топтық жұмыс (мектеп жұмысы мен бос уақыттағы ұсыныстарды орындаудағы көмекті қосқанда);
  • сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар (мәселен, ойын сабақтары, сабақ барысындағы әлеуметтік тәжірибелік тренингтер, т. б.);
  • мектептің әлеуметтік өміріне араласу және шығармашылық ұсыныс (барлық сыныптың қатысуымен сапарлар мен экскурсиялар, мерекелер, қаладан тыс жерлердегі лагерьлерде демалу);
  • ата-аналармен жұмыс, олардың қызығушылығын көрсету;
  • кәсіби дайындық, бағдар, мамандық ауыстыруға көмек;
  • кеңес беру (оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған консультациялардың интегративті нысандары, оқу топтарына кеңес беру, топтағы мұғалімдермен жұмыс);
  • ұйымдармен жұмыс, жұмысты жоспарлау, мектеп саясаты мәселесіндегі ынтымақтастық;
  • супервизия;
  • ғылыми негіздеме, қолдау және бағалау.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль