Басшының басқарушылық құзыреттері

11
Басшының басқарушылық құзыреттері
Басшының басқарушылық құзыреттері
Заманауи мектепті басқары – күрделі үдерістердің бірі. Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) басшысы кәсіби педагогикалық қызметтің қыр-сыры мен спецификасын білуге, сондай-ақ менеджмент саласында практикалық және теоретикалық білімі болуы тиіс.

Мектеп – күрделі жүйе: «әкімшілік – мұғалім – оқушы», мұнда адам оның ажырамас бөлігі болып саналады. Адам осы жүйені қалыптастыруға белсене қатысады, байланыстар мен қарым-қатынастар ерекшелігіне, олардың қызметі мен ықпал етеді.

Осыған сәйкес, мектепті басқару – әлеуметтік жүйені басқару.

Осы жүйенің аясында БҰ басшысы командалық басқару стилі мен жаппай бақылаудан арылуға және демократиялық басқару нысандарына ауысуға тырысады. Ол жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда жұмыс істейді, оның нәтижесін алдын ала болжау мүмкін емес. Қазіргі заман басшысында жүйелі ойлау қабілетінің болуы басқарушылық шешім қабылдау құзыретінің көрсеткіші болып табылады. Білім беру үдерісін тұрақты дамуға мақсатты түрде бағдарлағаны үшін оның жауапкершілігі артады.

Басшының жаңа басқару стилі жетекші нұсқауларды, басты құндылықтарды, мектептің беделі мен өз беделің туралы түсініктерді өзгертуде көрініс табады. Мектеп басшысы мектептің білім беру жүйесінің әлеуетін дамытуға, оны нәтижеген бағдарланған жаңартылған мазмұнға көшіруге, орындаушы адамды жасампаз адамға айналдыну арқылы білім берудің негізгі мақсатын қайта бағдардауға ықпал етуі тиіс.

Заманауи басшының міндеті – БҰ қызметінің нәтижелілігіне бағытталған тиімді басқару әдістері мен стильдерін таңдай білу.

БҰ басшысының басқару біліктілігін қалыптастырудағы практикалық қызметінің параметрлері:

  • терең талдауға уақытының жеделдігі және жоқтығы;
  • белгісіздік жоғары пайызы;
  • бағыныстылар – енжар элементтер емес, керісінше кез келген жағдайға бейімделуші адамдар;
  • жағдаяттылық және интуитивтік шешім қабылдауға сұраныс.

Басқарушылық құзыреттердің дамуы оның адамдар арасындағы қарым-қатынаспен тікелей байланысты болуымен қиындайды. Бір қызметкерлермен қарым-қатынас орнатып, өзгелерін де осылай басқаруға болмайды – сенімді қарым-қатынас орнатуға, ортақ тіл табысуға, рөлдерді келісуге және т. б. уақыт жұмсауға тура келеді. Нәтижесінде, басқарушылық құзырет – бұл менеджердің ғана емес, сонымен бірге ұжым мен жалпы ұйымның дағдысы. Егер БҰ жоғары басқару сапасына ие болса, онда қандай да бір қызметтік салада негізгі рөл атқаратын қызметкерді жұмыстан шығарумен салыстырғанда, басшылардың біреуінің жұмыстан кетуі ұйымды басқарудың айтарлықтай нашарлауына алып келмейді.

Құзырет – тұлғаның білімін, машықтарын, дағдыларын, осы қызметті орындауға жұмыла кірісуге, өз қызметінің нәтижелерін өз бетімен бағалауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерінің кәсіптік қызметінде қолдануға дайындығы пен қабілеттілігі.

Басқарушылық құзырет – тұлғаның басқарушылық білім мен машықтар жүйесін кәсіби басқарушылық қызмет барысында қолдануға дайындығы мен қабілеттілігін бейнелейтін интегралды қасиеті.

БҰ басшыларының арнайы және әдістемелік басқарушылық құзыреттері компоненттерінің құрамы анықталды.

Арнайы басқарушылық құзыреттің компоненттері:

  • басқарушылық шешім нұсқаларын өз бетімен әзірлеу қабілеттілігі;
  • үлгілік басқарушылық міндеттердің бейстандартты шешімдерін табуға дайындық;
  • өзінің басқарушылық қызметінде кәсіби лексиканы сауатты қолдану машығы;
  • басқарушылық шешімді талдаудың қарапайым дағдыларын меңгеру;
  • жаңашылдықтар бағдарламасын әзірлеуге қабілеттілік әрі дайындық.

Әдістемелік басқарушылық құзыреттің компоненттері:

  • басқарушылық қызметтерді жүзеге асыруға қабілеттілік және дайындық;
  • нормативтік құжаттарды қолдану және құрастыру машығы;
  • ұжымның жұмысын ұйымдастыру машығы;
  • басқару объектілеріндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық процестердің дамуын болжау және бағалау әдістерін меңгеру;
  • БҰ даму бағдарламасын әзірлеу және қолдану машығы;
  • басқару саласында талдамалы, зерттеушілік жұмысқа қабілеттілік және дайындық.

Басқарушылық қызметтегі шеберлік басқарушы нақты жағдайда басқарушылық қызметті іске асыру барысына енгізілетін құрылымның ашықтығын, жағдайларға байланысты үдерістер құрылымын өзгерту икемділігін және оларме өзара байланыста процестерді жүзеге асыру жеңілдігін қатар қолданады. Рефлексивтік өзіндік ұйымдастырудың, рухани қасиеттердің және психологиялық-физикалық сергектіктің даму деңгейімен анықталады. Басқарушы өз іс-қимылдарын жобалауға енгізетін ашықтық ойлаудың дамығанын дәлелдейді, атап айтқанда, ойлаудың тілдік құралдарын дұрыс әрі толық қолдану қабілеттілігінің дамығанын дәлелдейді. Үдерістер құрылымын өзгерту икемділігі басқарушы қабілеттіліктерінің тұтастығында рефлексивтік тетіктің дамығанын көрсетеді. Үдерістерді жүзеге асыру жеңілдігі үдерістердің қандай да бір түрін немесе құрылымын жүзеге асыруға тән талаптармен өзара байланысты дайындық пен қабілеттілік дәлел болады. Шығармашылық ішкі күш-жігердің жаңашылдықтарға деген объективті сұраныспег шектеледі. 

Жалғасын  № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль