text
MCFR.KZ Образование

Институционалды даму жоспары

  • 25 августа 2018
  • 188
Институционалды даму жоспары

Қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңғыртуға бағдарланған дербес ұлттық үлгісін қалыптастыру жүріп жатыр, ол ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне мүмкіндік береді.



Кез келген үлгідегі оқу орны түлектерінің тұлғаның дамуы мен даралығын сақтаудың маңызды параметрі ретіндегі әлеуметтік кемелдігі заманауи білім берудің мақсатына айналады. Тәрбие-білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістердің тұлғаның қалыптасуына, сондай-ақ өзіндік бағдарларын өзінің болашақ кәсіптік қызметінде қолдану машығына ықпал етуге арналғандығы айқын. Бүгінде міндет барынша күрделенді: колледж түлегі тұрақты таңдау жағдайында өмір сүруге және өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру барысында қажетті практикалық-бағдарланған білім алуға мүдделі.

Жұмыс берушілердің сұраныстары мен техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) түлектерінің дербес қызметке қабілеттіліктерінің арасында туындаған қарама-қайшылықтарды жою үшін білікті тәсілге негізделген кәсіптік білім берудің жаңа әдістері   енгізілді. Осыған байланысты білім беру үдерісінің дәстүрлі логикасын кәсіптік білім беру өзгертуі тиіс: теориядан іс-тәжірибеге емес, керісінше жаңа тәжірибені қалыптастырудан оны алған білімдерін қолдана отырып теоретикалық ұғынуға қарай.

Аталған мақсатқа жету үшін Қазақстанда Бүкіләлемдік банктің ТжКБ-ны жаңғыртуға арналған «Институционалды даму жоспары» (бұдан әрі – ИДЖ) жобасы іске қосылды, біздің колледж 1114000 – Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) мамандығы бойынша грант иегерлерінің бірі болды.

Жобаның мақсаты колледж түлектері халықаралық стандарт талаптарына сай болуы үшін дәнекерлеу ісі мамандарын дайындау бойынша аймақтағы жетекші оқу орнына айналу.

Даму міндеттері:

  • әрекет етуші әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту және жаңа кәсіпорындармен өзара әрекеттестікті жақсарту;

  • кадрлық әлеуетті дамыту бағдарламасын жасау;

  • колледж мәртебесін жақсарту;

  • білім беру үдерісін жаңғырту;

  • колледжді басқару жүйесін жетілдіру;

  • материалдық-техникалық базаны ныға йту.

Мамандықты дамыту бойынша алға қойған мақсаттарға жету үшін

  • Жобалау тобы мен Консультативтік кеңес құрылды;

  • өндірістік іс-тәжірибе мен маман дайындауға арналған орын беру үшін әлеуметтік серіктестермен ұзақмерзімдік шарт жасалды;

  • қамқорлық кеңесінің құрамы жаңа әлеуметтік серіктеспен кеңейтілді;

  • ҚР мен шетелдік кәсіпорындарда колледждің педагогикалық қызметкерлерінің тұрақты біліктілігін арттыру механизмдері әзірленді және енгізілді;

  • жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу мен тәжірибе алмасу үшін жылдық тағылымдама жоспары құрастырылды және жекелей іске асырылды;

  • www.astk.kz колледж сайты жаңартылды; дизайны, беттеуі және түстерінің үйлесімі өзгертілді; мерзім сайын ақпарат жаңартылып, әлеуметтік желілерде сайтты алға жылжыту жүзеге асырылады;

  • колледж базасында қалалық колледж директорлары орынбасарларының, арнайы пән оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді, мұнда дуальдік оқыту жүйесін енгізу бойынша колледждің тәжірибе алмасуы жүзеге асырылды;

  • 1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша модульдік бағдарламалар әзірленді;

  • жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен бірге оқу-өндірістік үдерісіне дуальдік оқыту жүйесінің элементтерін енгізуге арналған оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламалары келісілді және бекітілді;

  • сатып алынған жабдықты бірлесе қолдану үшін серіктес колледждермен меморандумға қол қойылды;

  • арнайы технология мен жалпы білім беру циклінің бірқатар оқытушылары «Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілікті арттыру курсынан өтті;

  • өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы технология оқытушылары, сондай-ақ басқарушы қызметкерлер Трир қ. Қолөнер палатасының «Дуальдік оқытудың кәсіптік және еңбек қызметі» тақырыбындағы кәсіптік оқыту жобасының шеңберінде курстарға жіберілді.

  •  

Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізілді:

  • үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылған қолда бар оқу бағдарламаларын талдау;

  • қолда бар бағдарламаларды бейімдеу және бағдарламаларды модульдік жүйе бойынша жаңғырту;

  • жалпы техникалық және мамандандырылған пәндерге арналған және өндірістік оқыту бойынша оқудың барлық курсына модульдік оқу бағдарламаларын құрастыру;

  • модульдік оқу бағдарламаларын әлеуметтік серіктестермен келісу, бағдарламаларды түзету және аяқтау;

  • әлеуметтік серіктестермен бірге маман дайындау бойынша модульдік оқу бағдарламаларын бекіту.

Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ұлғайту мақсатында келесі техникалар мен технологиялар сатылып алынды және жұмыста сәтті қолданылуда:

  • студенттер арнайы әзірленген электрондық оқу курстары бойынша оқи алатын арнайы пәндер бойынша сабақ өткізуге арналған интербелсенді тақта;

  • студентке теоретикалық оқу кабинетінің шеңберінде дәнекерлеу аппаратында жұмыс істеудің бастапқы машықтарын игеруге мүмкіндік беретін зертханалық-практикалық сабақтар кезінде қолданылатын дәнекерлеу ынталандырушылары;

  • компьютерлік техниканы қолдана отырып мамандықты меңгеру бойынша электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары сатып алынды; аталған электрондық курстардың көмегімен студенттер негізгі біліммен қатар өз бетімен оқу бағдарламаларының әртүрлі модульдерін меңгеру және осы арқылы меңгерген тақырыптарды бекіту мүмкіндігіне ие болады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Өндірістік оқыту сапасын жақсарту үшін және мамандық бойынша машықтарды дамыту үшін мыналар сатып алынды:

  • дәнекерлеу автоматтары-тракторлар;

  • электрондық дәнекерлеу тренажерлері (ынталандырушылар) – 2 дн.;

  • орнатылған 2D көзілдірігі бар дәнекерлеуші қалқаншасы;

  • электр тұтқыш және ММА әдісімен оқытуға арналған бағдарлама (қолмен имектеп дәнекерлеу);

  • жанарғы және MIG/MAG әдісімен оқытуға арналған бағдарлама;

  • аргонның қорғаныс ортасындағы дәнекерлеу аппараты;

  • жартылай автоматты дәнекерлеудің дәнекерлеу аппараты;

  • қолмен дәнекерлеуге арналған дәнекерлеу аппараты;

  • электродтар мен флюстерді тесуге арналған пештер.

Колледждің басқарушы құрамы Германияның Лейпциг қ. Қолөнер палатасы жанындағы білім беру-технологиялық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері де Атырау қ. «Дәнекерлеу» аттестаттау орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Институционалды даму жоспары
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Институционалды даму жоспары

Дереккөз: № 2-2016 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты