Мектепте түгендеу жүргізу қағидалары

13
Мектепте түгендеу жүргізу қағидалары
Мектепте түгендеу жүргізу қағидалары
Түгендеу – жалпы құралдар мен құндылықтарды сақтау мен олардың жай-күйін бағалау, бақылау. Осы мақалада сіздер түгендеуді жүргізу тәртібімен таныса аласыздар.

Мүлікті түгендеудің мақсаты – бухгалтерлік баланс пен ұйымның есептілігінің нақтылығын тексеру. Ол ұйымның барлық шаруашылық операцияларының құжаттамасының дұрыс жүргізілуін салыстыруға, мүліктің нақты бар екенін және оның сапалық жай-күйін айқындауға мүмкіндік береді.

Мектепте түгендеу Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 22.08.2011 ж. № 423 бұйрығымен бекітілген (13.09.2016 ж. жай-күй бойынша өзгертулермен)) сәйкес жүргізіледі.

Түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау;
  • ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;
  • пайдаланылмайтын материалдық құндылықтарды айқындау;
  • материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағидалары мен шарттарының сақталуын тексеру;
  • есепте дебиторлық және кредиторлық берешекті, қаржы инвестицияларын және бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.

Түгендеу:

  • жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында;
  • материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде (қабылдап алу-тапсыру күніне);
  • ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде;
  • өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенше жағдайлар болған жағдайда;
  • мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған (қосу және біріктіру, бөлу, бөліп беру және қайта құру) кезде жүргізіледі.

 Түгендеу жүргізу мерзімдері

Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ) түгендеуді мынадай мерзімдерде:

  • машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кейін;
  • ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кейін;
  • кітапхана қорларын – бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;
  • оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ бірінші қазаннан кейін;
  • тамақ өнімдерін - тоқсанына кемінде бір рет;
  • ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді – ММ-нің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес.

Бұрын жыл бойында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған құндылықтар, сол сияқты белгіленген мерзімде түгендеуге жатады.

Түгендеуді жүргізудің тәртібі

Түгендеу жүргізу үшін ММ басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.

 Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.

      Түгендеу комиссиясын ММ-нің басшысы немесе оның орынбасары басқарады.

ММ-нің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді.

 Үлкен номенклатуралық құндылығы бар ММ-де аралық түгендеу кезеңінде ММ басшысының өкімі бойынша материалдық құндылықтарды оларды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу жүргізіледі.

Түгендеу комиссиясы материалдық құндылықтар мен ақшаларды түгендеуді олардың сақталған орындары бойынша материалдық жауапты тұлғалар бойынша жеке жүргізеді.

Мүліктің іс жүзінде бар болуын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.

Түгендеу комиссиясы түгендеуді барлық мүшелердің міндетті қатысуымен ғана жүргізеді.

Материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

Материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі санын тексеруге кіріспестен бұрын түгендеу комиссиясы

  • қосалқы бөлмелерді, жер асты қоймаларын және кіретін және шығатын жеке есіктері бар құндылықтар сақталатын басқа да орындарды мөрлеп бекітуді;
  • салмақ өлшейтін барлық аспаптардың дұрыстығын тексеруді;
  • түгендеу сәтіне материалдық құндылықтар мен ақшаның қозғалысы туралы соңғы есептерді алуды жүргізеді.

Түгендеу басталғанға дейінгі күні құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталуы тиіс, талдамалы есеп карточкаларында (кітаптарында) тиісті жазбалар жүргізілуі және қалдықтар шығарылуы тиіс.

Материалдық жауапты тұлғалар, түгендеу бастағанға дейін түгендеу басына құндылықтардың кірісі мен шығысына жатқызылатын барлық құжаттардың және олардың жауаптылықпен сақтауына келіп түскен барлық құндылықтардың бухгалтерлік қызметке тапсырылғаны, ал есептен шығарылғандарының шығысқа жатқызылғаны туралы қолхат береді.

Қоймаларда және басқа сақтау орындарында материалдық құндылық атаулары, сұрыптары, өлшемі және өзге параметрлері бойынша сұрыпталуы және орналастырылуы керек. Материалдық құндылықтарда олардың санын, массасын (салмағын) және өлшемдерін көрсете отырып, осы құндылықтарды сипаттайтын мәліметтер бар белгі болуы тиіс.

Түгендеу кезінде материалдық құндылықтардың болуы міндетті түрде есептеу, салмақтау, өлшеу жолымен айқындалады. Өнім берушінің бүлінбеген орауында сақталатын материалдар мен тауарлар бойынша бұл құндылықтардың мөлшері ерекше жағдайларда осы құндылықтар бөлігінің іс жүзінде болуын міндетті тексеру кезінде құжаттар негізінде айқындалады. Төсек материалдарының массасын (салмағын немесе көлемін) анықтауды көлемін өлшеу және техникалық есептеулер негізінде жүргізуге рұқсат етіледі, ол туралы тізімдемеде тиісті белгі қойылады.

  Егер қоймаларда немесе басқа да жабық үй-жайларда орналасқан материалдық құндылықтарды түгендеу сол күні аяқталмаса, үй-жай түгендеу комиссиясы кетер алдында мөрленіп бекітілуі тиіс. Түгендеу кезінде мөр түгендеу комиссиясының төрағасында сақталады. Түгендеу комиссиясының жұмысындағы үзілістер (түскі үзілістер, түнгі уақыт, басқа да себептер бойынша) кезінде тізімдемелер түгендеме жүргізілген жабық үй-жайда (шкафта, сейфте) сақталуы тиіс.

 Есеп объектісінің іс жүзінде болуы туралы мәліметтер түгендеу тізімдемелерінде (салыстырма ведомостер) немесе түгендеу актілерінде (бұдан әрі – тізімдемелер) жазылады. Тізімдемелер материалдық құндылықтар мен оларды сақтау үшін жауапты материалдық жауапты тұлғалардың орналасқан жері бойынша жеке екі дана жасалады.  Бір данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екіншісі материалдық жауапты тұлғада қалады.

Жарамсыз болып қалған құндылықтарға бөлек түгендеу тізімдемесі жасалады. Түгендеу комиссиясының хаттамасында олар жеке бөлініп, олардың бүліну себептері және/немесе бұған кінәлі тұлғалар көрсетіледі.

 Есептеу объектілерінің іс жүзінде бар екенін тексеру кезінде материалдық-жауапты тұлғалар ауыстырылған жағдайда тізімдемеде құндылықты қабылдаған тұлға, оларды қабылдағаны туралы, ал тапсырған тұлға - оларды тапсырғаны туралы қол қояды.

Түгендеуді аяқтаған соң ресімделген тізімдемелер ММ-нің бухгалтерлік қызметіне тізімдемелердің нәтижелерін тексеру, анықтау және есепте көрсету үшін тапсырылады.

Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу жүргізудің дұрыстығын белгілеу мақсатында бақылап тексерулер жүргізіледі.

  Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулері түгендеу комиссиясы мүшелерінің және материалдық-жауапты тұлғалардың қатысуымен түгендеме аяқталған соң, бірақ міндетті түрде түгендеме жүргізілген қойма (сақтау орны, секциялар) ашылғанға дейін жүргізілуі тиіс.

Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулерінің нәтижелері актімен ресімделеді (1-қосымша). Жүргізілетін бақылау мақсатындағы тексерулерді есептеуді бухгалтерлік қызмет арнайы кітапта жүргізіледі (2-қосымша).

Түгендеу нәтижелері ведомосте көрсетіледі (3-қосымша).

Түгендеу комиссиясының жұмысы хаттамамен ресімделеді.

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді түгендеу

Ғимараттар мен құрылыстарды түгендеу кезінде комиссия құқық белгілейтін құжаттардың болуын, объектілер бойынша мемлекеттік мекеменің балансында есептелгендерді табуды тексереді.

Сондай-ақ ММ-нің баласында тұрған жер учаскелеріне құжаттардың болуы тексеріледі.

 Негізгі құралдарды түгендеуді бастағанға дейін мыналарды

  • түгендеу карточкаларының, тізімдеменің және өзге талдамалы есептеу тіркелімдерінің болуын және жағдайын;
  • техникалық паспорттардың және басқа да техникалық құжаттардың болуын және жағдайын;
  • ММ жалға тапсырған, жалға, сақтауға және уақытша пайдалануға қабылдаған активтерге құжаттардың болуын тексеру қажет.

Ұзақ мерзімді активтерді (ғимараттарды, құрылыстарды, тапсырылатын қондырғыларды, машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын, кітапхана қорын және өзге де ұзақ мерзімді активтерді) түгендеу деректерін ресімдеу үшін түгендеу тізімдемесі (салыстыру ведомості) қолданылады (4-қосымша).

 Бір уақытта түскен және топтық есептеудің үлгілік түгендеу карточкасында есептелетін құны бірдей біртекті шаруашылық мүкәммал құралдары, керек-жарақтар мен өзге негізгі құралдар түгендеу тізімдемелерінде осы заттардың саны мен түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, атауы бойынша келтіріледі.

Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналарды:

  • ММ-нің оны пайдалануға арналған құқығын растайтын құжаттардың болуын;
  • материалдық емес активтердің баланста дұрыс және уақтылы көрсетілуін тексеру қажет.

 Жалғасын  № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль