Озық тәжірибені мұғалімдердің жұмыс тәжірибесіне енгізу

4
Озық тәжірибені мұғалімдердің жұмыс тәжірибесіне енгізу
Озық тәжірибені мұғалімдердің жұмыс тәжірибесіне енгізу
Мақсаты: оқушылардың білім, машық және дағдылары сапасын арттыру үшін озық педагогикалық тәжірибені енгізу және насихаттау бойынша мектеп әкімшілігінің рөлін көрсету.

Міндеттері:

  • оқу ісі меңгерушісінің өз жұмысына озық технологияларды енгізуші шығармашыл педагогтарды анықтау тәжірибесімен бөлісуі;
  • педагогтардың жұмысындағы озық тәжірибені айқындау әдістерін көрсету; оқу сабақтарының құрамдастарына талдау және бағалау жүргізу.

Мұғалім – бүкіл білім беру жүйесін қайта құрудың негізгі буыны. Білім сапасын арттыру мәселесін тиімді шешу жолдарының бірі – озық педагогикалық тәжірибені (бұдан әрі – ОПТ) зерттеу және тарату. Сондықтан озық тәжірибені айқындау және педагогикалық ұжымның игілігіне жарату қажет, кіммен еліктейтінін білу үшін сәтті жұмыс істейтін мұғалімдер жөнінде айтып отыру қажет.

ОПТ енгізу сәттілігі жекелеген мұғалімдердің шығармашылық жетістіктерінің қаншалықты деңгейде көпшіліктің игілігіне жұмсалуына байланысты, сондықтан оларды айқындау, зерттеу, енгізу бойынша жүйелі мақсатты жұмыс жүргізу қажет. Бұл жұмыс мектеп әкімшілігінің педагогикалық іс-тәжірибені зерделеуге, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін, олардың шығармашылық табысын жалпылау мен насихаттауға тұрақты көңіл бөлуіне байланысты. ОПТ енгізу – педагог кадрлардың шеберлігін арттыру бойынша жұмыс істеудің маңызды бағыты. Ол ұжымды біріктірудің, мұнда мақсатқа ұмтылушылықты тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады, күш-жігерді ортақ мақсатқа – оқушылардың білім сапасын арттыруға бағыттайды. Басқа жағынан, мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі мен тұлғасына назар аудары оның тұрақты кәсіптік өсуіне деген қамқорлыққа куә болады.

ОПТ-нің астарында мұғалімнің соңында оң нәтиже беретін қызметі жатыр. Оқушылардың білім, машық және дағдыларының деңгейі, олардың тәрбиелілік деңгейі педагогикалық қызметтің нәтижесі болып табылады. Осыған сәйкес, оқушылардың білім сапасы мен олардың жалпы дамуындағы ілгерілеушіліктер озық тәжірибенің көрсеткішіне айналуға тиіс.

Іс-тәжірибе көрсеткендей, мектепте ОПТ-ні зерделеу мен енгізу екі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Оқушылардың білім сапасын арттыруда жоғары нәтижеге ұмтылушы мектептің жекелеген мұғалімдерінің оң тәжірибесін зерттеу.
  • Педагогикалық ұжымның ұжымдық озық тәжірибеде тіркелген жалпы мектеп мәселесімен шығармашылық жұмысы.

Осы әрбір бағыт бойынша жұмыс бірқатар келесі кезеңдерді білдіреді. Олардың өзара байланысы педагогикалық тәжірибені сәтті таратудың кепілі болып табылады. Алғашқы бағыттың кезеңдері ретінде келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

  • мұғалімдердің жұмысындағы оң тәжірибені айқындау;
  • айқындалған тәжірибенің нәтижелілігін тексеру;
  • тұжырымдар мен жинақталған материалды жалпылау;
  • озық тәжірибені насихаттау және тарату;
  • мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесіне озық тәжірибе элементтерін енгізу.

Озық тәжірибені енгізудің басты міндеті – жекелеген мұғалімдердің жұмыс тәсілдерін, әдістерін тарату, олар арқылы оқыту мен тәрбиелеуде оң нәтижеге қол жеткіземіз. Сондықтан тәжірибені зерттеу мұғалімнің қызметін және оның нәтижелілігін талдаудан басталады. Оқушылардың білім сапасын жақсарту бойынша мұғалімнің қызметі оқу үдерісінің барысында көрініс табады. Мектеп әкімшілігі оқу сабақтарына қатыса отырып, кемшіліктер мен қателіктерге ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің аз уақыт жұмсау арқылы оң нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін жұмыс тәсілдеріне де көңіл бөледі.

Озық тәжірибені тіркеу оқу сабақтарына қатысу барысында жүзеге асырылатындықтан, озық тәжірибені айқындаудың негізгі әдісі мұғалімнің білім нәтижелерін көрсететін негізгі біліктіліктерін қадағалау болып табылады.

Мәселелерді шешу біліктілігі (өзіндік менеджмент)

Аспектісі

I саты

Сәйкестендіру (мәселені анықтау)

– мәселені шешу тұрғысынан мұғалімнің тұжырымдамасы;

– қалаған жағдайдың сипаттамасын жалпы белгілерімен ұсынады (өз тәжірибесінен нақты немен бөлісу)

Мақсат қою және қызметті жоспарлау

– міндеттерді шешу қадамдарды белгілейді және логикалық және уақытша реттілігін қояды

Технологияларды қолдану

– нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте технологияны жаңғыртады

Ресурстарды жоспарлау

– әйгілі қызметті орындауға қажетті ресурстарды атайды

Қызметті бағалау

– өз қызметін ағымдағы бақылау

Өзінің жетістіктерін бағалау

– өз қызметінің мықты және әлсіз тұстарын көрсетеді;

– өз іс-әрекетінің уәждерін атайды

Ақпараттық біліктілік

Аспектісі

I саты

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

– алға қойған міндеттерді шешу үшін қандай ақпаратты біледі;

– қандай әдебиетті қолдануға болады;

– қандай эксперименттер өткізілді және оның нәтижелілігі;

– алған ақпаратты жүйелеу;

– тұжырым мен дәйектерді табады;

– ұсынылған ақпаратты жалпылау

Катынас біліктілігі

Аспектісі

I саты

Жазбаша байланыс

– өзінің ойы қарапайым құрылымды жазбаша байланыстың стандартты өнімдері түрінде ресімдейді;

– мәтінді ресімдеу нормаларын ұстана отырып, сауалын баяндайды

Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу

– жеткізілетін тәжірибенің мағыналық блогы;

– нақтылау мен түсінуге берілген сұрақтармен жұмыс істейді;

– өзге педагогтармен диалог (пікір алмасу);

– өзінің идеясын түсіндіру

Қадағалау нәтижелері мұғалімдермен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен толықтырылады. Қадағалаулар мен әңгімелесулер барысында алынған деректердің тиімділігі оқу нәтижелерімен: оқушылардың білім, машық және дағдыларының сапасымен тексеріледі.

Қадағалау барысында оқу сабағының барлық құрамдастары талдануы және бағалануы тиіс. Олардың әрқайсысындағы озық тәжірибенің көрінісін қалай бақылауға болатынын талдау көрсетті.

Озық тәжірибе көрініс табатын оқу сабақтарының құрамдастары

Педагогикалық міндеттер – мұғалім оқу үдерісін оқушы тұлғасын дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Оқу мазмұны – белгіленген міндеттер оқушылар тұлғасын дамытуға ықпал етуші материалдың есебінен кеңейеді.

Мұғалімнің қызметі – озық тәжірибе оқу әдістері мен тәсілдерінің бірегей үйлесімін шығармашылық тұрғыдан іздеу барысында көрініс табады, олар оқушылардың белсенділігін арттырады және білімді тереңнен меңгеруді, олардың жалпы дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың қызметі – бағалау барысында оқушылардың танымдық қызметке қаншалықты белсенді тартылғанын, олардың дербестік дәрежесін, іс-қимылдарының саналылық деңгейін, білімдерінің тереңдігі мен мықтылығын, оқушылардың мұғалімнің іс-әрекетін елеуін анықтап алған маңызды.

Оқу-материалдық база және оны қолдану – қолдан жасалған және бірегей оқу құралдарын және т. б. қолдану барысында көрініс табады.

Оқу сабақтарының құрамдастарын талдау әкімшіліктің сыни бағалауына ұшырайды.

Өткізілген сабақтың сапасын бағалау өлшемшарттары

Мұғалімнің тәжірибесін талдау оқу сабағының әрбір құрамдасын жекелей қарастырумен және бағалаумен шектелмейді. Өзара байланысын белгілеген маңызды: олардың қаншалықты сәтті әрекеттесетіндігін және жиынтықта белгіленген міндеттерге сәйкес оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететіндігін.

Мектеп әкімшілігі мұғалімнің қызметінен ОПТ-ні тауып, оны зерделеу жөнінде шешім қабылдайды және ОПТ бекіту және оның нәтижелілігі жөнінде деректер жинауда мұғалімге көмекке келетін бағдарламаны әзірлейді.

ОПТ-ні зерделеу мен енгізудің басты кезеңі оны насихаттау мен тарату болып табылады. Насихатталушы ОПТ-ні негізділігі мен дәлелділігі педагогикалық ұжым мүшелерінің онымен қарулануына негіз болады. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруға мүдделі мектеп әкімшілігі әрбір жиналысты, отырысты, педагогпен жеке әңгімелесуді оқу сабақтарына қатысу барысында байқаған жекелеген мұғалімдердің қызықты табыстарымен және жетістіктерімен бөлісу мүмкіндігі ретінде қолдануға тиіс.

Осылайша, ОПТ-ні зерделеу және енгізу бойынша басқарушылық кезең жаңа сапалы деңгейге – ұжымдық ОПТ қорын қалыптастыру және жинау деңгейіне көшеді. Мектеп әкімшілігі ОПТ айқындау және тарату бойынша алдағы жұмысқа сүйене отырып, негізгі жалпы мектептік әдістемелік тақырыпты тұжырымдайды және оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша мектептің алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге ықпал ете отырып, мұғалімдердің жетістіктерін жалпылауды жалғастырады.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль