Оқушыларға құқықтық тәрбие беру

11
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі міндеттерін адал атқаруды, құқықтарын дұрыс пайдалануды, заңға деген құрметті, қарым-қатынас ережесін сақтауды, құқық бұзушылармен күреске қатысуды қалыптастырады.

Мақсаты – құқықтық мәдениетті, өз мінез-құлқы, айналасындағылардың әрекеттері мен құқық бұзушылықтары үшін азаматтық жауапкершілікті ұғынудың әлеуметтік-құқықтық нұсқамасын қалыптастыру.

Оқушылардың құқықтық белсенділігінің жеткіліксіздігі көбінесе өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың заңды тәсілдерін білмеумен, тәжірибенің жоқтығымен түсіндіріледі. Сондықтан да сабақта теориялық білімді ғана емес, шығармашылық деңгейде әртүрлі жағдайларды құрылымдай білу үшін құқықтық дағдыларды оқытқан жөн.

Талдамалы жағдайлар оқиғаларды, фактілерді, құбылыстарды бағалай білуге, қате, заңсыз әрекеттердің туындауына байланысты факторларды анықтауға арналған. Мұндай жағдайлардағы әдеттегі тапсырмалар: «Талдап, бағасын беріңіз», «Пайымдаудағы қателікті табыңыз», «Кім кінәлі?».

Басқарушылық жағдайларды қолдану оқушыларды алға қойылған міндеттің шешімін өз бетінше табуға ынталандырады. Тапсырмалар: «Қалыптасқан жағдайдан қалай дұрыс шығуға болады?», «Кейіпкердің әрекеті дұрыс па?».

Орындаушылық жағдайлар мінез-құлық тәсіліне үйретеді. Басты оқиғаларда үзіліп қалатын әңгімелер қолданылады. Оқушылар баламалы шешімді таңдау қажеттілігінің алдында тұрады. Тапсырма: «Бұл жанжалдың шешімін қабылдаңыз. Кейіпкердің орнында болсаңыз, қандай әрекет қылар едіңіз?».

Осындай жайттарды қолдану адами қарым-қатынастың күрделілігін сезінуге, қиын жағдайлардан дұрыс жол тауып шығуға мүмкіндік береді.

Құқықтық тәрбие беру жұмысын жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Мәселен, төменгі сынып оқушыларына сөз бен іс арасындағы алшақтық тән – бұл олардың жас ерекшелігі. Олар өмірлік жағдайлардың сан алуандығына бағдарлануды енді ғана үйреніп жатыр. Бұл алшақтық көбінесе бала үнемі тыйым салуды сезінетін, бұлтарыссыз, ойланбай мойынсұнған талап бар жерде болады. Ол үлкендердің алдында жазадан қорыққанынан ойланбай-ақ бағынуға мәжбүр, ал әртүрлі жағдайларда ұтылу балаларға өзінің тар құқықтық ой-өрісін еңсеруге көмектеседі, қарым-қатынас және жағдайдан шығу тәжірибесін қалыптастырады.

Жасөспірімдер еліктеуге ұмтылады, өзінің «есейгенін», тәуелсіздігін, құрдастары арасындағы беделін көрсетуге тырысады, сондықтан қызықты, еліктіруші жағдайлар оларда жағымды әрекеттер қалыптастырады.

Жоғары сынып оқушылары өзін, ұжымдағы, қоғамдағы, айналасындағы өз орнын терең зерттеуге бейім. Олармен жұмыс барысында осы бейімділіктерін есепке алу керек және шығармашылық жұмысқа (ауызша журналдар, әртүрлі тренингтер және т. б.) зейінін аударту қажет.

Адам мінезі, оны тәрбиелеу негіздері 5–6 жасқа дейін қаланады. Бұдан соң адамда қаланған нәрсенің дамуы мен жетілуі жүреді. Тәрбиенің бұл кезеңі отбасында өтеді, сондықтан сынып жетекшісі құқық мәселелері үйде қалай талқыланатынын түсіндіруі қажет.

Ата-аналарға арналған сауалнама жасалады, ол ең алғашқы ата-аналар жиналысында толтырылады.

  • Сіздердің отбасыларыңызда жақсы дәстүрлер бар ма?
  • Балалар сіздермен әрқашан барлық жағдайда ақылдасып отыра ма?
  • Отбасында сенімге жетелейтін әңгімелер жиі болып тұра ма?
  • Балалар ашылып сырласқандағы сіздің әрекетіңіз қандай? Ақыл айтасыз ба, қорқытасыз ба немесе санасып отырасыз ба?
  • Өз балаңызбен қарым-қатынас жасау қиын ба?
  • Отбасында күнделікті өмірде құқықтар мен міндеттемелер туралы әңгіме бола ма?
  • Балалармен жасөспірімдердің құқық бұзушылығы туралы әңгімелесесіздер ме? Олар мұндай әңгімелерге қалай қарайды?
  • Балалардың тілалғыш болуына қалай қарайсыз?
  • Балалар тәрбиесінде кемшілік сезінесіз бе? Ол немен байланысты?
  • Балалардың мінез-құлқында не ұнайды және не ұнамайды?

Сауалнаманы талдай келе, сынып жетекшісі отбасында балаларға құқықтық тәрбие беру бойынша кеңеске мұқтаж ата-аналармен жұмыс ұйымдастыруы қажет:

  • «Отбасы үлгісі – жасөспірімдер үшін еліктеудің негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу;
  • оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмыс жоспарын құру;
  • ата-аналары моральдық-құқықтық қатынастарды бұзушылар болып табылатын, ал балалары жағымсыз үлгіде тәрбиеленіп жатқан нашар отбасыларды бақылауға алу.

Мектепте сынып жетекшісінің күні бойы құқықтық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуіне тура келеді: сыныптағы тәртіпті бағалау, мінез-құлық ережелерінің бұзылу, оқу мен қоғамдық міндеттерге ықылассыз қарау жағдайларын талқылау. Мұны оқушылармен талқылай отырып, әңгімеге «сенің құқықтарың», «сенің міндеттерің» терминдерін енгізу қажет.

Әрбір жаңа оқу жылын мектеп жарғысының тармақтарын егжей-тегжейлі ұғындырып, білім беруге қатысты бала құқықтары Конвенциясының баптары туралы еске сала отырып, оқушының құқықтары мен міндеттері туралы әңгімеден бастаған жөн.

Тәрбие жұмысы жоспарына заңды білуге қатысты сынып сағаттары мен әңгімелерді ғана емес, жағдайларды талдайтын тренингтерді, бейнероликтер көруді, мектеп инспекторымен әңгіме өткізуді енгізу керек. «Менің отбасымның тарихы» атты шығармашылық зерттеу оқушылар үшін қызықты болмақ. Әр оқушы ата-бабасы туралы мәліметтерді келтіре отырып, өз отбасының шежіресін бейнелейді. Бұл жұмыс оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да қызықтырады. Ақпарат бар жақтан: үйдегі мұрағаттан, аталары мен әжелерінің естеліктерінен жиналады, біреулері басқа елдегі туыстарымен байланысқа шығады. Бүкіл жұмыс өз түп-тамырын, ата-бабасының өткенін білу, отбасындағы жақсы дәстүрлерді жалғастыру қажеттілігі мәселесіне келіп түйіседі. Ортақ іздеу жұмысы отбасын татулыққа ұйыстырады, балалар өз отбасының тарихын мақтаныш тұтады.

Мектептегі құқықтық тәрбие сынып сағаттарында ғана жүзеге асырылмайды. Әрбір пән мұғалімі өз сабағында құқықтық мәселені айналып өте алмайды, осылайша қағаз жүзінде емес, іс жүзінде құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады.

Бастауыш мектептегі құқықтық тәрбие

Төменгі сынып оқушыларының құқықтық тәрбиесін мектеп бойынша: кабинеттермен, мектеп дәстүрлерімен таныстыру сияқты экскурсиядан бастаған жөн. Бірінші күннен бастап заңды мінез-құлық дағдыларына: мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, оқуға саналы түрде көзқарас, өз мінез-құлқы мен сыныптастарына, мұғалімдерге деген қатынас алдында жауапты болуға үйрету керек.

Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану және басқа да сабақтарда тиісті түсінік беру кезінде мәтіндер балалардың бойында әділдік, жауапкершілік, заңды сыйлау сезімдерін дамытудың негізі ретінде қызмет етеді.

Сыныптан тыс іс-шаралар жүргізу үшін: «Бірінші сынып оқушысының құқықтары мен міндеттері», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Қызыл, сары, жасыл» тақырыптарын алған жөн. «Әдепті және тәртіпті адамдар қаласы» ойынын ұйымдастыруға болады, оның барысында балалардың үйдегі, сабақтағы, үзілістегі, көшедегі мінез-құлқы, әдептілік ережесін сақтауы, сондай-ақ нашар әрекеттерін шын мойындай білуі ескеріледі.

Экскурсия өткізу кезінде саябақ аймақтарындағы, ормандағы тәртіп ережелері талқыланады. Баланы әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қатысатыны туралы ұғымға жетелеу керек.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль