Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау

8
Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау
Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау
Рейтинг – білім алушылардың тізімдегі реттік нөмірін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі. Рейтинг сандық есептеуде – білім алушылардың әртүрлі қызметтерді орындағаны үшін алған және оқу тоқсанының, жарты жылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша білім алушының тізімдегі орнын анықтайтын ұпайлар жиынтығы ретінде туындайтын білім алушылардың жетістіктерінің жеке сандық көрсеткіші.

Рейтингті енгізу мақсаты – мектепте білім алушыларды шынайы бәсекеге қабілетті жағдайда өмір сүруге дайындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта үлгісін құру. Нәтижесінде білім алушылар нақты әлеуметтік тәжірибе алады, және оны талдаудың негізінде өзіндік, жеке сәттілік стратегиясын анықтауға машықтанады.

Рейтингке қатысуға 1–11-ші сынып оқушылары жіберіледі. Білім алушылардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі баяндаудан ұпай жинау мәртебесіне ауысуды қамтамасыз етеді. Ол мектептің білім беру бағдарламасымен қарастырылған білім алушының әртүрлі қызметінің нәтижелерін интегралды бағалауды білдіреді.

Рейтингтік бағалау академиялық оқу үлгерімінің рейтингін білдіреді. Академиялық рейтинг білім алушының бейінді пәндер бойынша оқудағы жетістіктерін: пәндердің тіркелген жинағы бойынша білім мен қолданбалы біліктіліктер деңгейін көрсетеді.

Оқушылар мен білім беру ұйымындағы сынып рейтингтін талдау

  • оқу және тәрбие жұмысын даралауға әрі саралауға;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыруға;
  • оқушыны жетістікке бағдарлауға;
  • сыныптағы, жалпы мектептегі оқу сапасын барынша объективті талдауға мүмкіндік береді.

Рейтингтік бағалаудың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: білім алушылардың оқу нәтижелері үшін жауапкершілігін, оқуға деген саналы көзқарасын, ОҚСБ мен ҰБТ-ны сәтті тапсыруға деген ынтасын арттыруға; жалпы мектептің оқу қызметінің нәтижелілігін арттыруға ықпал ету.

Міндеттері:

  • білім алушыларды өзіндік дамуға, өзін іс жүзінде танытуға ынталандыру;
  • негізгі біліктіліктерін дамыту;
  • оқу сапасының өсуі;
  • білімді бағалауда объективтілік қағидатын қамтамасыз ету;
  • оқытудың тұлғалық бағдарланған тәсілін қамтамасыз ету;
  • рефлексияны дамыту;
  • оқуда жақсы нәтижеге жеткен білім алушыларды қолдау.

Оқушыларға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мәні:

  • оқу үдерісін ізгілендіру мен демократияландыру артады және оқушылар өз рейтингін өздері анықтай алады;
  • батылдық, мақсатқа ұмтылушылық, ерік-жігері тәрбиеленеді;
  • оқушылардың өз қызығушылықтарын, бейімдіктерін анықтауға әрі дамытуға, адамгершілігін арттыруға көмектеседі;
  • білім, машықтар мен дағдылар сапасы көтеріледі.

Ұстаздарға арналған бағалаудың рейтингтік жүйесінің мәні:

  • оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, олардың танымдық оқу қызметін белсендіреді;
  • жекелеген оқушылардың, сондай-ақ жалпы сыныптың оқу үдерісінің нәтижелілігін, оның қарқынын талдау жағдайын жеңілдетеді;
  • оқушыларға жеке тұрғыдан келудің есебінен сыныпта тәрбие жұмысын жүргізудің жағдайы мен нәтижелілігі жақсарады;
  • ұстаздардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын белсендіреді, олардың оқу нәтижесіне қызығушылығын арттырады.

Білімді бағалаудың, бақылаудың және есепке алудың аталған жүйесі білім алушылардың білім, машықтары мен дағдылары деңгейінің толымдылығын, жан-жақтылығын, жүйелілігін және объективтілігін көздейді. Оны тиімді енгізу дәстүрлі бағалау жүйесін толықтырады, қызметті  «сәттілік табысқа жетелейді» қағидаты бойынша жүзеге асыра отырып, оқушының өз нәтижесіне ықпал ету, кішкене жетістігін көру және дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Рейтингтік жүйенің қолжетімділігі ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын белсендіреді, мектептегі оқушы тұлғасын жан-жақты зерттеуге және оның мәртебесін анықтауға ықпал етеді.

Білім алушылардың білімін рейтингтік бағалау бойынша қызметті ұйымдастыру

1–11-ші сынып оқушыларының білімін ағымдық бақылаудың негізін білім алушылардың білімін бағалаудың «отыз балдық» жүйесі құрайды.   

Оқу тоқсаны мен оқу жылы үшін қорытынды баға оқушы осы тоқсанда алған барлық бағалар бойынша орташа арифметикалық түрде қойылады.

Әр тоқсанның қорытындылары бойынша сынып жетекшісі рейтингтік баға қояды, бұл – оқушылар осы тоқсанда меңгерген барлық пән бойынша орташа арифметикалық көрсеткіш. Оқушы жұмысының осы көрсеткіші үшін сынып жетекшісі жауапты.

Рейтингтік баға сынып журналына, сыныптың бос ведомосінің сәйкес бағанына қойылады.

Мектеп оқушыларының оқу жұмысының 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі рейтингтік көрсеткіштері оқушылардың орташа балы көрсеткішінің кемуі бойынша жүйеленген әрбір сынып параллелі бойынша еркін кесте түрінде ресімделеді.

Осы жұмыстың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында рейтингтік көрсеткіштер берілген кестелер әр тоқсан аяқталғанда оқушылар мен ата-аналарды рейтинг қорытындыларымен таныстыру үшін стендке жарияланады.

Әр тоқсанның қорытындылары бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие оқушылар ата-аналар қорының есебінен сыйақы алады. Олардың ата-аналарына мектеп әкімшілігінің атынан алғыс хаттар табысталады.

Дереккөз: № 7-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль