Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің CLIL-әдісі

27
CLIL-әдісі
CLIL-әдісі
Біздің балабақшамыздың педагогтары ағылшын тілін меңгерудің барынша нәтижелі әрі тиімді инновациялық технологиялары мен әдістерін қолданады.

Бұл Сингапур республикасының шетелдік тәжірибесі, нақты айтсақ, case-study немесе нақты жағдайлар әдісі (ағылшынша case – жағдай, жағдаят) – нақты міндеттерді – жағдайларды шешу жолымен оқытуға негізделген белсенді мәселелі-жағдаяттық талдау әдісі (кейстерді шешу).

Соңғы уақытта ағылшын тілін оқытуда CLIL (Content and Language Integrated Learning немесе пәндік-тілдік біріктірілген оқыту) әдісінің танымалдығы артуда, оны біз апробациялаудамыз. Бұл әдістің артықшылығы тәрбиешілердің барлық білім беру саласында ағылшын тілін мәжбүрсіз әрі оңай қолдана алатындығында.

Осындай біріктірілген сабақтар балалардың ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығын барынша арттырады, себебі бұл жерде тіл мақсат емес, керісінше өзге пәнді меңгеру құралының рөлін атқарады, яғни тәрбиеленушілер ағылшын тілінің көмегімен жаңа қызықты ақпаратты білуге болатынын көреді. Ағылшын тілін меңгеру бірден тиянақты болады, себебі ол қазір және осы жерде нақты міндеттерді шешу үшін қолданылады.

CLIL әдісі – пәнді шет тілі арқылы меңгеру.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің CLIL-әдісі

Осы тәсіл бірқатар маңызды сипаттамаларға ие, олар біршама жағымды нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:

  • екі маңызды сипаттамалардан тұрады: төзімділігі мен икемділігі, кез келген сабақта қолданылады;
  • қазіргі қоғамның барлық талаптарына сай: тілді нәтижелі меңгеру мен сыни ойлауды дамыту мүмкіндігі, бұл диалогқа қатысуға мүмкіндік береді;
  • тілдерді оқыту мен меңгерудің көптеген салаларындағы өзгерістердің катализаторы болып табылады, себебі педагог тек тіл мен оның мазмұнына назар аударта біліп қана қоймай, оқу үдерісіндегі сана, мәдениет пен қарым-қатынас секілді аспектілерді біріктіруі қажет.

CLIL әдісін қолдана отырып жаттығу төрт С-дан құралған келесі компоненттерден тұрады:

CONTENT (мазмұн) – пән саласындағы білімді, машықтарды, дағдыларды дамыту.

COGNITION (таным) – жалпы түсінікті қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттіліктерін дамыту.

CULTURE (мәдениет) – өзін мәдениеттің бөлшегі ретінде елестету, сондай-ақ балама мәдениеттердің бар екенін түсіну.

COMMUNICATION (қатынас) – оқуда шет тілін қолдану.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің CLIL-әдісі

CLIL-білім беруде шет тілін қолдану алға қойылған білім беру мақсаттары мен міндеттеріне байланысты.

CLIL мақсаты бүкіл оқу бағдарламасын шет тілінде оқытудан емес, керісінше CLIL әдісімен үйлесетін тақырыптар мен пән модульдерін саналы таңдаудан тұрады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілін үйретуде тек CLIL-әдістің элементтері қолданылады.

+

Мысалы, БӨ сабағында бояуларды араластырып үйренуге болады. Балалар тілдік ортаға ену арқылы жаңа білім алады. CLIL-әдісін сәтті қолдануға болатын тақырыптар өте көп, мысалы: тамақ, жануарлар, табиғат, жыл мезгілдері және т. б. Басты мақсаты: балалардың шет тіліне деген оң көзқарасын қалыптастыру, оның пайдалы екендігін түсіну және өз бетімен меңгеру ниеті. Егер балалар шынайы оқыса және жаңа нәрсе оларға ойын түрінде жеткізілсе, олардың жаңалықтар ашу мен зерттеуге деген көзқарастары оң.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» № 7-2017 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль