Дербес деректерді жинау, сақтау, өңдеу жөніндегі ереже

10
Дербес деректерді сақтау
Дербес деректерді сақтау
Дербес деректер – залал келтіруі, оның ішінде материалдық залал келтіруі мүмкін ақпарат. Жеке деректер субъектілерінің құқығын қорғау үшін 21.05.2013 ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы қолданылады.

Дербес деректерді жинау,
сақтау, өңдеу жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) қызметкерлерінің дербес деректеріне жататын мәліметтерді қамтитын құжаттарды алу, есептеу, өңдеу, жинау мен сақтау тәртібін белгілейді.

1.2. Осы ереженің мақсаты – МДҰ қызметкерлерінің дербес деректерін рұқсат етілмеген қол жеткізуден және жариялаудан қорғау. Дербес деректер әрқашан да құпия, қатаң қорғалатын ақпарат болып табылады.

1.3. Осы ережені әзірлеу негіздемелері ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, 21.05.2013 ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы, басқа да ҚР қолданыстағы нормативтік құқытық актілері болып табылады.

1.4. Осы ережені және оған қатысты өзгерістерді МДҰ меңгерушісі бекітеді және бұйрықпен енгізіледі. Барлық жұмыскерлер қол қоя отырып аталған ережемен және оның өзгерістерімен таныстырылуға тиіс.

1.5. Дербес деректерді жинауға жауапты лауазымдар: меңгеруші, әдіскер, іс жүргізуші, медбике.

1.6. Дербес деректерді өңдеуге жауапты лауазымдар: меңгеруші, әдіскер, іс жүргізуші, медбике, бухгалтерия қызметкерлері.

2. Дербес деректер туралы түсінік

2.1. Дербес деректерге нақты бір қызметкердің тұлғасын теңдестіруге мүмкіндік беретін ақпарат, сондай-ақ қызметкердің өміріндегі деректер, оқиғалар мен жағдайлар туралы және жұмыс беруші көбінесе еңбек, салық, зейнеткерлік заңнамасы талаптарын орындау мақсатында пайдаланатын мәліметтер; статистикалық құжаттаманы толтыру жатады.

2.2. Дербес деректер қатаң түрдегі құпияға жатады, оған қол жеткізген кез келген тұлғалар бұл деректерді құпия ұстауға міндетті, мына санатқа жататын деректер бұған қосылмайды:

  • иесіздендірілген дербес деректер – олардың нақты бір жеке тұлғаға тиесілілігін анықтау мүмкін болмайтын деректер;
  • жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер.

2.3. Дербес деректердің құпиялылық режимі иесіздендірілген жағдайда немесе тиісті сақтау мерзімі өткенде алып тасталады.

3. Дербес деректерді жеткізушілер

3.1. Дербес деректердің қағаз нұсқалары:

  • – еңбек кітапшасы;
  • – еңбек кітапшалары есебінің журналы;
  • – іссапар есебінің журналы;
  • – еңбекке қабілетсіздік қағаздары;
  • – жұмыс уақытын есептеу бойынша материалдар;
  • – жеке карточка;
  • – жіберілген және келген корреспонденция;
  • – жеке құрамы бойынша бұйрықтар.

3.2. Дербес деректердің электрондық жеткізгіштері – жұмыскерлер есебі бойынша деректер базасы.

3.3. Қағаз нұсқадағы дербес деректер жабық шкафтарда сақталады. Мамандарды іріктегенде меңгеруші жұмысында болатын құжаттар жұмыс үстелінде немесе арнайы папкаларда тек жұмыс күні ішінде болады. Жұмыс күні аяқталарда аталған құжаттар жабық шкафтарға жиналады.

3.4. Электрондық жеткізгіштегі дербес деректер құпиясөзбен қорғалған, арнайы бағдарламаға қолжетімділік жеке рұқсат арқылы ғана жүзеге асырылады. Дербес деректерді пайдалануға құқық беретін құпиясөзді дербес деректерді өңдеуге жауапты жұмыскерлер ғана қолданады.

4. Жұмыскердің жеке ісі

4.1. Жұмыскердің жеке ісі жұмысқа қабылдану туралы бұйрық шыққаннан кейін ресімделеді.

4.2. Жеке іске түсетін барлық құжаттар хронологиялық тәртіппен орналасады.

4.3. Жеке іс жұмыскердің бүкіл еңбек қызметінің өн-бойында жүргізіледі.

Жеке іске енгізілген өзгерістер тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

4.4. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыскердің жеке ісінде қамтылатын құжаттар тізілімі:

  • – жеке куәліктің көшірмесі;
  • – ЖСН;
  • – зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
  • – әскери билеттің көшірмесі (әскери міндеттілерде);
  • – білімі туралы құжаттардың көшірмесі (оның ішінде егер жұмыскер жұмысқа қабылдану кезінде ұсынатын болса, қосымша білімі туралы құжаттың көшірмесі немесе белгілі бір еңбек функцияларын орындау кезінде талап етілсе);
  • – медициналық кітапша;
  • – жеке карточка;
  • – еңбек шарты;
  • – біліктілікті арттыру, оқытудан өту туралы құжаттар;
  • – отбасылық міндеттерді орындаумен байланысты оған кепілдік беруге қажетті жұмыскердің отбасының құрамы туралы құжаттар;
  • – жұмыскердің дербес дерегіне жататын дербес есептің өзге де құжаттары.

4.5. МДҰ-да одан әрі жұмыс істеуі кезінде жұмыскердің жеке ісінде қамтылуы мүмкін құжаттардың тізімі:

  • – қосымша келісімдер;
  • – біліктілікті арттыру туралы құжаттар (аттестация, дипломдар, куәліктер, сертификаттар және т. б.);
  • – балалары мен басқа да жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы құжаттар;
  • – заңнамада көзделген белгілі бір негіздемелер бойынша қосымша кепілдіктер мен өтемақыға құқығын растайтын құжаттар;
  • – анасына (әкесіне, басқа туыстарына) заңда белгіленген еңбек шартын, кепілдік пен өтемақыны беру үшін қызметкер әйелдің жүктілігі мен балалардың жасы туралы құжаттар;
  • – жұмыскердің дербес деректерінің өзгертуіне жататын дербес есептің басқа құжаттары.

5. Жұмыскердің дербес деректеріне қолжетімділік

5.1. Ішкі қолжетімділік (ұйым ішіндегі қолжетімділік):

  • – МДҰ басшылығы;
  • – іс жүргізуші;
  • – медбике;
  • – бухгалтерия жұмыскерлері – нақты функцияларды атқаруға қажетті мәліметтер;
  • – жұмыскердің өзі, деректерді жеткізуші.

5.2. Сыртқы қолжетімділік. МДҰ-дан тыс дербес деректерді жаппай тұтынушылар:

  • – салық органдары;
  • – құқық қорғау органдары;
  • – статистика органдары;
  • – әскери комиссариаттар;
  • – БЖЗҚ;
  • – аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларының бөлімдері.

5.3. Басқа ұйымдар. Жұмыс істейтін қызметкер туралы немесе босатылған қызметкер туралы мәліметтер басқа ұйымдарға ұйым бланкісінде жұмыскердің өтінішінің көшірмесін тіркей отырып, тек жазбаша сұраным бойынша берілуі мүмкін.

5.4. Туыстары мен отбасы мүшелері:

  • – жұмыскердің дербес деректері туыстарына немесе оның отбасы мүшелеріне жұмыскердің өзінің жазбаша рұқсатымен ғана беріледі.

6. Жұмыскерлердің дербес деректерін жинау және өңдеу

6.1. Жұмыскер жұмыс берушіге осы ережеде тізімі көрсетілген сенімді құжаттандырылған дербес деректер кешенін ұсынуға міндетті.

6.2. Уақтылы, бес жұмыс күнінен аспайтын қалыпты уақытта, жұмыскер өзі немесе өзінің заңды өкілі арқылы ақпаратты жинауға жауапты жұмыскерге өзінің дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті немесе тиісті құжаттарды ұсынуға тиіс.

6.3. Жұмыскердің жұмысқа қабылданарда жалған құжаттарды немесе жалған мәліметтерді ұсынуы еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

6.4. Ақпаратты жинауға жауапты жұмыскер дербес деректерді немесе жұмыскердің өзгертілген дербес деректерін алғанда:

  • – жұмыскер ұсынған мәліметтерді жұмыскерде бар құжаттармен салыстыра отырып, мәліметтердің дұрыстығын тексеруге;
  • – ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жасауға;
  • – жұмыскердің жеке ісіне тігуге;
  • – кадрлық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуге;
  • – қажет жағдайда тиісті құжаттарды әзірлеуге және қол қоюға, онда тиісті өзгерістерді көрсетуге;
  • – дербес деректерді өңдеуге жауапты жұмыскерлерге осы өзгерістер туралы ақпаратты жеткізуге тиіс.

6.5. Егер жұмыскердің дербес деректерін тек үшінші тұлғадан алу мүмкін болса, онда басшы

  • – жұмыскерді сұраным күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей үшінші тұлғадан деректерді алғаны туралы хабардар етеді, жұмыскерге дербес деректерді алудың мақсаты, болжалды дереккөздер мен тәсілдер туралы, сондай-ақ алуға жататын дербес деректердің сипаты және жұмыскердің оны алуға жазбаша келісім беруден бас тартуының салдарлары туралы айтады;
  • – жұмыскерден жазбаша келісім алады;
  • – келісім алғанда сұраным жасайды және қажетті мәліметтерді алады.

6.6. Жұмыскердің дербес деректерінде заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда:

  • – жұмыскер немесе оның заңды өкілі не дербес деректер субъектілерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті орган меңгерушіге өтінішпен жүгінеді;
  • – меңгеруші мұндай өтініш түскен сәттен немесе тексеру кезеңінде мұндай сұранымды алған сәттен бастап тиісті жұмыскерге қатысты дербес деректерді бұғаттау туралы бұйрық шығарады және қызметтік тексеру жүргізуге жауапты адамды тағайындайды;
  • – егер қызметтік тексеру барысында дербес деректердің заңсыз әрекет фактісі анықталса, деректерді өңдеуге жауапты және мұндай әрекетке жол берген жұмыскер анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орын алған бұзушылықтарды жоюға міндетті. Бұзушылықтарды жою мүмкін болмайтын жағдайда аталған жұмыскер мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дербес деректерді жоюға міндетті. Жіберілген бұзушылықтардың жойылғаны немесе дербес деректердің құртылғаны туралы дербес деректерді жинауға жауапты жұмыскер жұмыскерді немесе оның заңды өкілін хабардар етуге міндетті, ал егер өтінішті немесе сұранымды дербес деректер субъектілерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті орган жіберсе, аталған органға хабарлайды.

7. Жұмыскердің дербес деректерін табыстау

7.1. Жұмыскердің дербес деректерін табыстау кезінде дербес деректерді алуға және өңдеуге жауапты мамандар мына талаптарды сақтауға тиіс:

  • – жұмыскердің дербес деректерін жұмыскердің жазбаша келісімінсіз үшінші жаққа айтпау, тек бұған жұмыскердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу мақсатында қажет болатын жағдайлар, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген жағдайлар қосылмайды;
  • – жұмыскердің дербес деректерін оның жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатта айтпау;
  • – жұмыскердің дербес деректерін алған тұлғаларды бұл деректердің олар хабарланған мақсатта ғана пайдаланылатыны туралы ескерту және осы тұлғалардан ереженің сақталуын талап ету. Жұмыскердің дербес деректерін алған тұлғалар құпиялылықты сақтауға міндетті.

8. Жұмыскердің дербес деректерімен байланысты ақпаратты жариялағаны үшін жауаптылық

+

8.1. Жұмыскердің дербес деректерін алуды, өңдеуді және қорғауды реттейтін нормалардың бұзылуына кінәлі тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» № 7-2017 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль